* Торқалы тойы, топырақты өлімі бар үркердей үйірілген ауылдың берекелі тірлігі жаңа ғана басталғанда соғыс деген албасты шықты. О.Бөк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮСТІНЕ ЖАПСЫРДЫ
Бар жақсысын үстіне ілді (киіп алды). Тапқан-таянғандарын соның қолына ұстатып, жылтырағанның бәрін соның үстіне жапсырды. Кәмиләданқалғанын киді, Кәмиләдан қалғанын ерніне жағып қанағат етті. Ғ.Біл. Апасы жылтырағанды Күнікейдің үстіне жапсырады, шашын жылтыратып тарайды, өреді, омырауынқызыл, жасыл жіппен кестелейді, тана моншақты камзолына тағады, уақ күмістен сылдырмақтай шашбау да істейді. Ж.Айм. Айтолқын тіпті ешнәрсеге абыржымады да, әбігерленбеді де. Тоқалдың ерекше сыланып-таранып, жылтетерін үстіне жапсырып жатқанын байқады, бірақ байқамаған болды. Б.Қыд. Үйдегі барлы-жоқ аз ғана дәулет қолында болды. Өзі де қолына жылтырақ бірдеңе түссе осының үстінежапсырғанша асықты. Сонда бұл неден жазды? Ә.Нұрп.
ҮРКІН ЕЛ (КӨШ)
Басына ауыртпалық түсіп, берекесі кетіп, үдере көшкен ел. Бес- алты жастағы бала не біледі дейсің? Ойпыл- тойпыл заманда, аштық жайлаған үркін елдің шұбырындыкөші көз алдында әлі тұр. Т.Рыск. Соңдықтан да үркін ел хандықтың орталығы Тәукенің әкесі — Жәңгірдің тұсында иелік еткен Түркістанқаласының маңайы мен Жиделі Байсынға сығылыса келіп орналасқан да, көп батырдың көші- қоны жапсарласа қалған- ды. С.Смат. Туған інісінің баласы тұрмақ, үркін көштің үстінде, өлі ананың емшегін кергілеп жатқан жерінде, жолдантауып алған Жолдыбайды да жат көрмеген. Т.Рыск.
ҮСТІНЕ КІРДІ
* Асановтың алдындағы хатшы қыз таныс екен: «Атқару комитетінің председателі Бегимов Ербол отыр, ол кісі бір кірсе, жуырмаңда шыға қоймайды, үстіне кіре бер!» — деген соң, есікті ашып, бірінші секретарьдің алдына жетіп барды. З.Шаш.
ҮРКІН КӨШ
~ Туған інісінің баласы тұрмақ, үркін көштің үстінде, өлі ананың емшегін кергілеп жатқан жерінде, жолдан тауып алған Жолдыбайды да жат көрмеген. Т.Рыск.
ҮСТІНЕ ҚОНДЫ (ҚОНА КЕТТІ, ҚОНА ТҮСТІ)
Үстіне мініп алды; тырп еткізбеді; басып алды. * Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду ете қалды: Ой, жарайсың! Міне, жігіт! Жасың ұзақ болсын! Б.Соқ. … тартынуға мұршасы келмей қалды да, асып барып, мойны астынан кеп, гүрс ете түсті. Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду ете қалды. Б.Соқп. Егер Жігітек тасып аламын десе, күздеуден қыстауға қайтқан сапарымда, сол он қыстаудың үстіне қонып аламын да, тасытып алған пішенді бар малыма жегізіп болып қана өз қыстауыма көшемін!- деді. М.Әу. – Алға! Ура! – деп айғай салды да, алдындағы темір қалпақтыға бір-ақ атылып, үстіне қона кетті. Т.Сәу. * Тулаған шатыр іргесінен суырыла шыққан бір әскер үстіне қона түскен Құлыш мергенді көтере қашқан еді. Ғ.Біл.
ҮРКІНГЕ ТҮСТІ
~ Оразбек ауылнай, Кенебай жасауылдар қырдағы қуа қашқан жылқыны көрген соң қоқырақтап, жылқы артынан шапты. Елге топалаң, жылқыға жау тигендей, Ырғайты бойы ұлан — азар шаң болып шынайы үркінге түсті. І.Жанс. ~ Расында өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасында Күршөп деген патшаның үкімімен өздерінше ел болып, күнелтіп жатқан азды-көпті ауылдарды үркінге түскендей қылып, ірілендіру мақсатында өзге бір мекенге әкеп тыққан. З.Төл.
ҮСТІНЕ ҚОНЖИДЫ
Жайғасып алды; тапжылмай отырып алды. Зағыш тыңдамады. Есектің бел аркасындағы кішкене қара қотыр жауырдың тура үстіне қонжиды. Б.Соқп.* … тұла бойынан шырыш исі аңқыған өңкей пері қыздары қаптап, көзі іліне берсе-ақ үстіне қонжиып басып алады да, демін шығармай қылғындырады. С.Жүн. Құлақтарын қайшылап жер тарпыған сәйгүліктің үстіне қонжиған қорбаң адам сұлу жылқының сынынкетіріп тұр. А.Сатаев. Оған ілінбеген, әлі де Совет өкіметі құласа, үстіне қонжия түсеміз деп іш құса болып жүргендер, кісі еңбегінқанап үйренгендер де, малын құрттап, айранын ұрттап, саясат, қоғамыңмен жұмысы жоқ момын, қой аузынан шөп алмас байлар да баршылық болатын. Б.Қыд.
ҮРЛЕГЕН БҮЙЕНДЕЙ
… пысықайлығымен үй-жайын да әжептәуір құрап алған бозымның өзі. Әне, үрлеген бүйендей салкүрең –қоңыр «Уазиктің» артқы жағына тықпыштап жатыр. Ш.Құмар. Жамбыл әзілдері: Батып шығып, батып шығып Әбділда қайда жүр? Үрлеген бүйендей Тайыр көрінбей кетті ғой. Е.Шернияз.
ҮСТІНЕ СУ ЖҰҚТЫРМАДЫ
* Мұның идеясы әлде қашан азат екен. Қанша айтқанмен жоғары мектеп оқыған зиялы-ау! Бақай қулық қып, саясатқа жалтақтамай, батыл айтады ғой! Десе де үстіне су жұқтырмайды екен…" Т.Рыск.
