Сенімінен айрылды, күдерін үзді. Ержанның алғашқы өлеңі-ақ оның үміті сөнуге айналған көңіліне кенет жігер берді, күш берді! І.Ес. Шаналылардың кім екенін жорамалдаған Ботагөздің «жазалылар құтылар» деп ойлайтын үміті сөнді. С.Мұқ. Күдер үзілді; алға артқан үміт атмалмады, ойлаған іс болмады. * Әкеміз орыс десек те, Келмеді бұл іс есепке, Қайтадан жаттым төсекке. Сенімді үміт сөнген соң Семейді аңғар меңгеріп, Қазаққа соттың жол беріп… Ш. СИН: ҮМІТІ ҮЗІЛДІ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮНІ ҚҰЛАҚҚА МАЙДАЙ ЖАҒАДЫ (ЖАҒЫМДЫ)
Майсараның жаны ауырған үні құлаққа майдай жағады. Жоқ. Керексіз емес екен. Іздейтін, жоқтайтын біреубар екен. С.Смат. Күлімсіреп маған сүзіле бір қарады да, әнді баяу бастап, сызылтып ала жөнелді. Даусы ашық, үні құлаққа асажағымды екен. А.Алт. Майсараның жаны ауырған үні құлаққа майдай жағады. Жоқ. Керексіз емес екен. Іздейтін, жоқтайтын біреубар екен. С.Смат. Күлімсіреп маған сүзіле бір қарады да, әнді баяу бастап, сызылтып ала жөнелді. Даусы ашық, үні құлаққа асажағымды екен. А.Алт.
ҮМІТ ЖЕТЕГІ
Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алғашығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, бірі үміт жетегінде. М.Мағ. Осындай тілектестік, үміт жетегі Софы Сматаевтың қазақ тарихына үңілтіп, өткеніне көз жібертіп,жазушылық қаламға перзентік парыз артқан. Т.Еришева. Өйткені, алданып, жер соғып қалып жатқандардың жайына талдау жасағанда олардың жалған үміттіңжетегіне еріп алаяқтардың арбауына түсетіндігі анық байқалады. Қалкөз Жүсіп. Сонда да жалған үміттің жетегіне ерген жұртшылық әлгіндей емшісымақтарға барып, арбауларынатүсуде. Қ.Жүсіп.
ҮМІТІ ТІРІЛДІ
* Қайсыбір үйлердің шамдары жарқ-жұрқ етіп жанғанын көріп, кәдімгідей үміті тіріліп, арқаланып қалды: қанша десе де, адамдардың ар-ұяты бар ғой. Ш.Айт.
ҮНІ ҚҰЛАҚТА ТҰР (ҚҰЛАҚТАН КЕТПЕДІ (КЕТЕР МЕ?)
Шапан астынан тұншыға сылдыраған шолпысының да мөлдір үні құлақта тұр. Әлі өшкен жоқ… М.Әу. Құдай сенің де зауалыңды берсін!»-деді. Кемпір үні құлағындатұр. Ә.Нұрп. Сәйдәліні айтпаймысың? “Мен айттым, бітті, мен саған жолдас емеспін” деп нығызсиды. Сәйдәлі айтатынболашақ молшылық жырының үні құлақтан кетер ме?! Ғ.Біл. Жазықсыз текенің бақылдаған жалынышты, аянышты үні құлағынан кетпей Ақан сары ала атының тізгінінбос қоя беріп, мойны салбырап, Құсақ көліне қарай жападан-жалғыз аяаңдап бара жатқан. С.Жүн. Олардың аянышты үні құлағымнан кетер емес. Т.Берд.
ҮМІТ ҚУДЫ
~ Арал бай сыр шертсе де, мұң шақпай ер көңілдің дәрменімен бұйығыланбай ащы шындықты арымай көтеріп, ақтарып келе жатқан барын місе ғып, жоғын жоғалтпай көксеп, үміт қуған шаруаны іш тартып қалып еді. Енді өзі сұрақ қойды. С.Смат.
ҮМІТІН АҚТАДЫ
~ – Шіркін, келін болса, Зейнептей болсын! – Ханша аузынан тастамайтын еді мұны, үнемі мақтай беретін еді, «Шыңғысқа еріксіз алдырды», десіп еді, үмітін ақтады! – десті. С.Мұқ.~ Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! – деп ағынан ақтарылған болатын. Ал сол жастар үмітті ақтады ма? Ж.Шәк.
ҮНІ ӨШТІ
~ Үнің өшіп қалды ма? Неге дыбыс бермейсің? Айналада жұрт бар ғой! Су алып кетсе қайтесің?! — деп Қанат алқына тұрып, ашулана сөйледі. Ғ.Сл. ~ Қандала маза бермеді. Ертоқымын басына жастанып, бетін қалпағымен жауып әндетіп жатқан ағасының үні өшті. Т.Нұр.
ҮМІТ ҚЫЛДЫ
Болашақ күндерге сенім артты. * Тігер отауларын, отаудан өріп шығар келер күндерін тілекке үміт қылып жалғап, бақыттан бастары айналған еді. Н.Дәу.
ҮМІТІН КЕСТІ
Болашаққа деген сенімінен айырды. * Текті тұқымнан шыққан зейінді жастарды «байсың», «кулаксың» деп ГэПэУ өңменнен итеріп үмітін кесті де отырды. Т.Сәу.
