Posted in

ҮМІТ СӘУЛЕСІ ӨШТІ

Үміті үзілді, арманы қиылды. ~ «Бүгінгі бізге кездескен жаудың байқаусызда өтіп кеткен ұсақ тобы шығар, алдымызда біздің әскер тұрған шығар» деп көңілге талшық еткен үміт сәулесі өшіп, ендігі жағдайға тіпті көңілімен де көндіге алмай, әйелдер сөзден қалды. Т.Ахт. ~ Әлі де көңіл түкпірінен үміт сәулесі өшкен жоқ. Қ.Жұм.

Posted in

ҮН ЖОҚ, ТҮН ЖОҚ

Дымын білдірмей, үн-түнсіз. * Оның үстіне казак- орыспен қазақ қосылып, қырға афесерлер алып шығып, қазақ басшылары ғаскерін жасай бастады, сондықтан 29-ыншы майда Семей большевигі үн жоқ, түн жоқ, бір күнде пойызбен сызған. Ж.Айм. ~ Үн жоқ, түн жоқ қараңғы, суық, мұз вагонда біз отырмыз. Дүниенің бөлек қалған адамдары тәріздіміз. Сырттағы тіршілік, сырттағы дүние бізге қарамай, өз бетімен салдыр-гүлдір етіп, шулап кетіп бара жатқан тәрізді. С.Сей. * Күйеуі Ыбырай Есімбектің балаларының ішіндегі момыны. Үн жоқ, түн жоқ, ертенді-кеш мал соңында жүреді де қояды. Б.Майл. * Айзада айтса-айтқандай, күйеуі сасыған арзан сигаретті бұрқыратып, үн жоқ, түн жоқ, бейшара құсап, мүжіліп отыр. Ш.Айт.

Posted in

ҮМІТ СӘУЛЕСІН ҮЗДІ

~ Қайтадан түтін түтетіп, қайтадан шаңырақ көтеріп отырған аяулы азаматтың көңіліндегі үміт сәулесін біржола үзуге дәтім бармады. Жендет рөлін атқарғым келмеді. М.Мағ.

Posted in

ҮН ҚАТТЫ

Дыбыс шығарды; сөйледі; бірдеңе деді, тіл қатты. * Жездем төсегінің үстінде дамбалшаң отырып, қымыз ішті де: – Әбдікәрім,- деп үн қатты. Т.Әбдік. Белгі беріп, дауыстап шақырып та қарадық. Ешкім де үн қатпады. Біз кереметтей таң қалдық. Япыр — ау,бұны жер жұтты ма? Б.Соқп. — Қаныңды жүктеп қайтейін. Мақпал менікі. Айтқаным айтқан, қарындасымды бердім!Жабы үн қатқан жоқ. З.Шүкір. * // ТІЛ ҚАТТЫ; ДАБЫС ҚАТТЫ; //ДЫБЫС БЕРДІ

Posted in

ҮМІТ ҮЗБЕДІ

Сенімін жоғалтпады; күдерін үзбеді. — Аспан ашық қой бүгін… Жұлдызға қарап қозғалармыз… кешкісін… — деді әлден уақта Пахраддин Сырғаны жұбауратып. Ерінің үнінен сөне берген үміт оты қайта тұтанғандай. Пахраддин айтты — бітті. Оның сөзіне өмірде шүбә келтіріп көрген жан емес қой Сырға. Үміт үзбеді тірліктен. С.Е. АНТ: ҮМІТ ҮЗДІ.

Posted in

ҮН ҚАТЫСТЫ

Сөйлесті; тілдесті. – Онда бетіңнен жарылғасын, аға!.. Бұдан кейін бұлар біразға дейін үн қатысқан жоқ. С.Мұқан. — Уап, бәле! — Қызым-ақ екен-ау өзі де! — деп әркімдер осы тұста сүйсіне үн қатысып қалады. Ә.Нұрш.

Posted in

ҮМІТ ҮЗДІ

Сенімінен айрылды, түңілді, күдерін үзді. Кешке қарай Есеней өз еліне жүріп кетті. Шыңғыстан біржола үміт үзіп, не көрсе де Керей-Уақ өз бетіменоңаша көрерін біліп кетті. Бірнеше күннен бері Шыңғысқа салмақ салып жатқан Тілеуімбет би орнынан да қозғалған жоқ… Ғ.Мүсіреп. Қанша қайрат қылғанымен түк өндіре алмаған Жүкең түске таяп өзі де үміт үзді. Ж.Самит.

Posted in

ҮН ҚОСТЫ

Қосыла жырлады, әндетті, дыбыстады. ~ Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып,құйындай екпіндеген Жарылғаптың екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Ж.Айм. ~ Кенет көктеңбіл айғырдың, кісінеген даусы құлағыма жетті. Арқырай оқыранып, қайта кісінеді. Оған тағы бір ат үн қосты. М.Мағ. Ынтымақтастығын білдірді, қолдады. ~ Көктоғай ауданының халқына Шіңгіл ауданының елі үн қосып, Алтайөңірі дүр сілкінді. Ж.Шәди.

Posted in

ҮМІТ ШЫРАҒЫН ЖАҚТЫ

Көңіліне үміт ұялады, дәмеленді. ~ . Мырзаболатқа қараған кедей шаруаның біразы арыз беріп артельден шықты. Астық қоймасы өртелді. Осының бәрі Дәуітбайдың көңіліне үміт шырағын жаққандай болады. Т.Әбд.

Posted in

ҮН САЛДЫ

Дауыс берді, дыбыс шығарды. * … шөптердің түрі-түсі, мына нар шоқалақтардың тұрпаты қайталап қараған сайын көзіне оттай басылып: «Сол, сол!»-деп ішкі даусы арғы жағында үн сап жатты. Ә.Нұрп.