~ Ен таманың тәуекелін ұстап тұрған атақты үлкен батыр үлкен басын кішік қып, өзіндей кісінің қол баласындай солаңдап соңынан қалмайтын. Ә.Кек. ~ Айтпақшы, төбесі көк тіреген айдынды профессордың неғып бұл сығырға алабөтен құсы түсіп өбектей қалды? Ұлық басын кішік қып сонша неге жайылып – жастық, иіліп – төсек! Жақыны ма? Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮКІ ҚАДАДЫ
~ Қалауың білсін балам! – деп қыз әкесі сыздай тіл қатты. Осылай қызға үкі қадап бара жатқан сапарын тоқтатып, бірнеше күн жаңа құда жанында еру болып қайтты. Н.Абдыр.
ҮЛКЕН БАСЫН КІШІРЕЙТТІ
Менменсімеді; жалған намысқа бармады. * Айналасына әжептәуір сыйлы ададм. Сол Дүйсеков үлкен басын кішірейтіп, финанс бөлімінің қатардағы елеусіз бір қызметкерін осыншама салмақтап қонаққа шақырса, бұл қайтіп шыдап тұрсын. Қайтіп шалқияды? О.Сәрс.
ҮКІ ТАҚТЫ
* – Нысеке, … бұл Елшібек мырзаң қызыңызды өзіне айттыруға келген. Былтырғы келісінде қызды ұнатып, іштей үкі тағып кеткен-ді. Ш.Құм.
ҮЛКЕН ЕСЕП
Терең ой, сұңғыла жоспар. Бірақ сонда да, осының бәрінің арғы төрінде жатқан үлкен есептер, үлкен тарихтық сындар, қорытындыларбар ғой. М.Әу. Сынның да мөлшері бар. Өндіріс деген үлкен есеп. Ғ.Мұст.* Мақан — үлкен есеп, мықты шешімнің адамы. С.Смат.
ҮКІДЕЙ ҮЛБІРЕДІ
Нәуетек айнымайды гүлден мақта, Кейде үқсар көлге қонған ақша бұлтқа. Жібермес жел үрлесе қауашағы,Үкідей үлбірейді піскен шақта. Т.Әлімқ. Әдемі көрініс көңіл тербетті. Тербелген көңіл тілімді байлап тастады. Қасымда үкідей үлбіреп Сәлимаотыр. Ә.Асқ. ~ — Ау, халайық, ауылымда ат ойнатып жатқаныңа аз болған жоқ. Сен иісі Үсен әулетінің намысын жыртып аттана шапқанда, мен үкіше үлбіреткен жалғыз қызымның жанына сая бола алмасам, несіне тірі жүргенім. Б.Мом.
ҮЛКЕН ЕСЕППЕН (ІСТЕДІ)
Әріден ойлап істелген іс туралы. Балағазға серік болған жігіттер аз ғана болатын. Әзірше бұлар Абылғазы мен Әділхан ғана. Осы үшеуі өзжүрістерін үлкен есеппен, еппен істеген. М.Әу. Небір сәулелі елестерге арбалып есі шыққан Ұлбану үлкен есеппен Сәбираны қайта-қайтаайналып-толғанып, қас қарая үйіне қайтқан. Т.Сәу.
ҮКІДЕЙ ҮРПИДІ
~ Бірнеше күннің алдында "жау келеді" деп, жалпақ елді үркердей етіп, үкідей үрпиткен жағдай осылайша сабасына түсе бастаған. Т.Рыс.
ҮЛКЕН КІСІ
~ Апам қуанып кетті, әлі нұры таймаған қара көзі күлімдеп сала берді. — Қап, жақсы болды–ау. Мына балам со сіздің ауылға мұғалім боп бара жатыр еді. Серік іздеп тұр едік, ілестіре кетіңіз, үлкен кісі… Н.Сер.
ҮКІДЕЙ ҰШТЫ
Зымырады; екі аяғын қолына ала жүгірді. ~ Күнікей атына мініп дайын тұр еді, байталды қуып берді. Бірталай ұзап кеткен байталға үкідей ұшып барды да жетті. Ж.Айм. ~ Сол кезде дүбірлетіп бір атты кісі де келіп қалған екен. Қасым қайта ұмтыла алмады. Күнікей үкідей ұшып үйіне тартты. Ж.Айм. ~ Айдап кетті… анау кетіп бара жатқан,— деп топалаңнан қорқып алаңдап отырған күзетші әйел қолын шошаңдатты. Сатан өкпесін аузына тістегендей олардың артынан үкідей ұшты. І. Жан. ~ Сүйектен еткен суықты елең қылмастан, үкідей ұшып отырып «Төңкеріске» жетті, сондағы мектептің таныс күзетшісін тауып ап, оған жылы күркеде қалдыра көр деп жалынды. Ә.Әл.
