Posted in

ҮМЕГЕ ШАҚЫРДЫ

~ Бел орақтың кезінде, маялық шөп шабу үшін көп қол керек. Шепе оның да ретін тауып, бір семіз түйені сойдырады да, маңайдағы елді үмеге шақырып сауын айтады. Қымызды үмеге келетін ауылдардың өздері әкеледі. «Орданың үмесі» деп, бай немесе ауқатты адамдар сабалаған қымызына ту қой қосады. С.Мұқ.

Posted in

ҮКІШЕ ҮЛБІРЕТТІ

~ — Ау, халайық, ауылымда ат ойнатып жатқаныңа аз болған жоқ. Сен иісі Үсен әулетінің намысын жыртып аттана шапқанда, мен үкіше үлбіреткен жалғыз қызымның жанына сая бола алмасам, несіне тірі жүргенім. Б.Мом.

Posted in

ҮЛГІ ТҰТТЫ

~ Оның Боранбаев есімді қорқақты жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де өзімізге үлгі тұттық. Ә.Нұрш.

Posted in

ҮЙІРІН ТАПТЫ

Адасып барып, өз ортасына, өз жақындарына қайтып оралды. ~ Қалада енді бір ай кідіргенде, о шірік, қора шетіндегі қарақшының өзі боп келеді екен. Қайта, қалып қоймай, айналып– үйіріліп үйірін тапқанына шүкір. «Жарайды, жер басып тірі жүрсе болды»,— деп таң алдында зорға кірпігі айқасты. Ә.Кек. ~ Жақын қандастармен қаһарлы күндердегі тағдырластар¬дың тәуелсіздік мереке күні табысқанның жөні бөлек екен. Үйірін тапқан жылқыдай шұрқырасып, кісінесіп, мәре– сәре болды да қалды. Т.Рыс. ~ Тағы да сол құтты ауыл Сүмбедемін. Кеңпейіл нағашыларды қайта айналып тапқам, Өз – өзекке тепсе, кетпейді, жат – арқандаса тұрмайды. Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң. Б.Соқ.

Posted in

ҮЙІРІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Өз ортасына қайтты; дос-жарандары, жақын адамдарымен қауышты. * Ертесіне шал-шауқанға сәлем бере шыққан Досмағанбет бұлардың үйіне өзі бас сұқты. «Жаудан қайтқан жан олжа, қарағым, – деп өбектеді шешесі. – Үйіріңе аман қосылғаныңа шүкір ет». Н.Дәу.

Posted in

ҮЙІРІНЕН АДАСҚАН ЖЫЛҚЫДАЙ

* Содан бері аттай зулап бес жыл өткен, бірақ ол бұл елге қайтіп ат ізін салмаған; қысастықпен емес, тіпті шаш-етек шаруадан қолы тимеген-ді. Енді міне, үйірінен адасқан жылқыдай қайтып оралды. О.Бөк. ~ "Бір қонам да қайтам" дейді. Соны айтқалы аузын ашып оқтала түскенде… бұған не көрінгенін қайдам, өзі де, тілі де дәрменінен айырылып тоқтап қалады. Оған да міне, бір ай. Соның себебін әлі білмейді. Қазір үйірінен адасқан құландай ақ қар, көк мұзда жападан жалғыз тұрып та соны ойлап тұр. Неге бүйтті? От басының бұзылуына осы себеп болмады ма? Ә.Нұрп.~ Алматыға келгелі жалғыздық көрмеген. Кеше ғана жерлестерімен кезігіп ауылында отырғандай шұрқырасып қалып еді. Енді міне үйірінен адасқан құландай құлазыңқы күй кешіп келеді. Япыр-ау, әкем өле-өлгенше «қазақ елі, қазақ жері» деп кетіп еді ғой. Сондағы аңсап келген жерім осы болғаны ма!? Ж.Шәк.

Posted in

ҮЙІРІП ӘКЕТТІ

Әлдебір істі оп-оңай игеріп алды. Өзіне тартты, баулып алды.. … абыройлы қызмет еткен ол, бүгінде жаңа қызметінде де шаруаны үйіріп әкетті. БАҚ Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететінжұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. С.Мұратб.