Posted in

ЫСҚЫРЫҒЫ ЖЕР ЖАРДЫ

~ … Сәйдәлі секілді біреудің түкірігі мәскеулік шонжарлардың бірінің бетіне шашырап кетсінші, онда «ысқырығы жер жарып тұрған» Сәйдәлінің екі аяғын бір етікке тықпайды, шатынан басып тұрып, екі аяғын бірдей ұршық түбінен суырып алады. Ғ.Біләл.

Posted in

ЫСТЫҒЫНА КҮЙІП, СУЫҒЫНА ТОҢДЫ

Отыз жылдай осы руды билеп келген өзі, ыстығына күйіп, суығына тонған өзі. Өзгеге ол қалай сенсін! Ж.Айм. Жаңадан тәуелсіздік алған жас елге ауыр ажырғы болу үшін бармаймыз. Кеудесінде жаны, жүрегінде оты бар қазақ, атажұрттың ауырын көтерісіп, ыстығына күйіп, суығына тоңамын деп барады, — деп еді Қанат. Т.Рыс. Қамар деген адам жөргегінде жатқаннан оз қолымда өсіп, тумаса да туғаннан бетер ыстық боп кеткен жан, ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып, көңілімен, бейілімен қанымызға қаны араласқан, ал енді оған аңдаусыз сөз айтып көңіліне қаяу салар жайымыз жоқ. С.Мұр.

Posted in

ЫСТЫҚ КӨҢІЛ

* Құтты болсын айтқанға тамылжыған сөз, азды-көпті сый-сияпат табылар-ау, бірақ көңілі жақын қауымға деген осынша ықылас-пейіл, ыстық көңіл қай жерінен шыға береді!.. Т.Шап.

Posted in

ЫСТЫҚ КҮЛГЕ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бұған ақыры ашынған көпшілік Тоқсановты келесі есеп беру-сайлау жиналысында креслосынан да,«Волгасынан» да сыпырып, ыстық күлге отырғызды! Ғ.Қаб. Тағдыр шіркін теріс айналмаса, бұрын талай күлегешті ыстық күлге отырғызған өзі емес пе еді? О.Сәрс.

Posted in

ЫСТЫҚ ҚАБЫЛДАДЫ

* Жазушы архивіндегі хат, тағы басқалай куәліктерді айтпағанда, осы бір өмірлік көріністің өзі-ақ шығарманың жұртшылық тарапынан ыстық қабылданғанын байқатады. Қ.Ергөб.

Posted in

ЫРЫҚ БЕРМЕДІ

Еркіне жібермей, айтқанымен жүргізді. ~ ~ Тіпті, елдің алды жұрт ауыстырып, жылыстап, күземдеріне беттескен. Күз күземдеріне беттескен қазақтар әлі ырық бермей, ордаң- одыраң мінезде жүр. О.Бөк. * Енесінен ажырасқан құлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Т.Әлімқ. * … ол келер сәтте Кежі жайын, өткен оқиғаларды ойлап кетті. Бірақ өз сөзі, міне, тым ырық бермеді. М.Әбдіх. * … жер танып, атыс көріп ысылған жігіттер атты қуғыншыларға ырық бермеді. Ғ.Біл.