Posted in

ЫРЫМҒА ЖАМАН

Жылағанын, жаман атаңның жанына батпайды дейсің бе? Ырымға да жаман-ау, тіпті!.. «Ырымға жаман»демекші, сол түні Бәйтекең ырымның неше түрін ойлаумен болды да, ұйықтай алмай шықты. Ғ.Слан. * — Тәбәрік болсын, бізге де бірдеме бер. — Мынауың ырымға жаман ғой. Б.Мом. – Әй, тоқта. Үйге алып кетеміңді қоя тұр. Қазір оған алаңдама, қу қара басым, құры қол қоқайып барғанырымға жаман. Н.Дәут.

Posted in

ЫСТЫҚ ОТТАЙ ЖАЛЫНДЫ

Құштарлы, ыстық сезімді, қызу қанды. * Мәкеннің толықша келген, аса сүйкімді кішкене аузын Дәрмен ыстық оттай жалынды еріндерімен тауып сүйгенде, қыздың да қабыл ала сүйген ыстық еріндері жас жігітті балқыта толқытты. М.Әуез.

Posted in

ЫРЫҢ-ЖЫРЫҢ БОЛДЫ

Дау-дамайы бітпеді. * Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, — Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. Көмекшісін берсе әне, бермесе тағы әне… Тас түссе талайымнан, тіптен бермесе екен, "еһк" дер ме екем… Жылда біреумен ырың-жырың болғанша, өзіміз бен өзіміздің дөңгеленгеніміз көш артық, — деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд.

Posted in

ЫРЫСЫ ШАЙҚАЛДЫ

~ Басынғаны ғой, панасы жоқ жетім деп, малы жұтап ырысы шайқалды деп кемітіп, қомсынғаны да. Ж.Сәм. ~ Қазан төңкерісінен кейін өр үнмен басталған жазу ашаршылықта аузын ашып бір аңтарылып, қаймағы бұзылған, аң-таң қалыпта бері кібіртіктей жылжып, репрессияға маңдайын соға тоқтағанда ақтарыла төгіліп кетпесе де ырысы шайқалып, қазаны ортайған күйде Ұлы Отан соғысына келіп кіріпті. А.Нүс.

Posted in

ЫСҚЫНЫ ЖАМАН

Түрі қорқынышты. * Апырмау, мынау кім болды екен? — Итім біліп пе? —Шіркіннің ысқыны қандай жаман. Ышпана шығар? Б.Алд.

Posted in

ЫСҚЫРЫҒЫ ЖЕР ЖАРДЫ

~ … Сәйдәлі секілді біреудің түкірігі мәскеулік шонжарлардың бірінің бетіне шашырап кетсінші, онда «ысқырығы жер жарып тұрған» Сәйдәлінің екі аяғын бір етікке тықпайды, шатынан басып тұрып, екі аяғын бірдей ұршық түбінен суырып алады. Ғ.Біләл.

Posted in

ЫСТЫҒЫНА КҮЙІП, СУЫҒЫНА ТОҢДЫ

Отыз жылдай осы руды билеп келген өзі, ыстығына күйіп, суығына тонған өзі. Өзгеге ол қалай сенсін! Ж.Айм. Жаңадан тәуелсіздік алған жас елге ауыр ажырғы болу үшін бармаймыз. Кеудесінде жаны, жүрегінде оты бар қазақ, атажұрттың ауырын көтерісіп, ыстығына күйіп, суығына тоңамын деп барады, — деп еді Қанат. Т.Рыс. Қамар деген адам жөргегінде жатқаннан оз қолымда өсіп, тумаса да туғаннан бетер ыстық боп кеткен жан, ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып, көңілімен, бейілімен қанымызға қаны араласқан, ал енді оған аңдаусыз сөз айтып көңіліне қаяу салар жайымыз жоқ. С.Мұр.

Posted in

ЫРҚЫНА КӨНБЕДІ

Айтқанға болмады, текетіресті, қырсықты. Анығында, көп заманнан бері партия бәлені өзі басқарып жүрген Оразбай бұрынғы болыстардың ырқынакөнбейтін. М.Әу. Осыдан соң Көксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ереалмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды. М.Әу. … қарсы алдындағы бұдан былай ырқына көнбейтін қиқар жігіттің қатыгез жүзіне мелшие қалыпты. Ә.Кек.* Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге оның құлқы соға қалды. С.Мұқ.