* Ал археологтың артында бұның ісін жалғастырар мирасқор жақсы оқушысы, жас серігі жоқ еді. Сондықтан да Күнтуар оған ықыласын өзгеше аударған. І.Ес.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕДІ
* Ұлтының бөтендігі бар, жасының кішілігі бар қанша бойыма жақындатпауға тырыссам да, осы бір жігіт бауырларыммен танысып, отбасыммен араласып өзінің ақкөңіл, мейірімділігімен балаларымды ықыласына бөледі. С.Досж.
ЫЛАҢҒА САЛДЫ
~ Арқаны ұры қаптап кеткенін, солар елдің тынышын алып тұрғанын, әсіресе, Мәдіғұл аулының сойқандығын, ұры жұмсап, елді ылаңға салып жатқанын қоса айтқан. Б.Тоғ.
ЫЛДИДАН САЛСА, ТӨСТЕ ОЗА, ЕРТЕДЕН САЛСА, КЕШТЕ ОЗАР
Аса жүйрік, әрі төзімді тұлпар аттың сипаты; адамның соған ұқсас мінездері туралы. * Әнекең де өз заманының өзгеден оза туған аса аяулы перзенті болатын. Ол қазақ публицистикасының ылдидан салсаң төсте озар нағыз дара дүлдүлі еді. БАҚ
ЫЛДИДАН ШАУЫП ӨР МЕНІКІ, ЕСІКТЕН КІРІП ТӨР МЕНІКІ ДЕДІ
* Қаракөктен туған жасық қара деуге қимасам да «Ылдидан шауып өр менікі, есіктен кіріп төр менікі» дейтін ұрпақтың келуі де заманның бір кебі шығар. Сөзге жығыла білген халықпыз. К.Сегізб. * Қаракөктен туған жасық қара деуге қимасам да «Ылдидан шауып өр менікі, есіктен кіріп төр менікі» дейтін ұрпақтың келуі де заманның бір кебі шығар. К.Сегізб.
ЫМ-ЖЫМЫ БІР
Қулық-сұмдығы бір, сыбайлас адамдар туралы. * Алайда партияға кірген жолдастарымен пікірі, қызметі, ым-жымы бір еді. «Пікір» дерлік Төлегенде пәлендей пікір де жоқ. Көптің ауқымы оған пікір; коменестер не айтса — құп. Ж.А.
ЫМ-ЖЫМЫН БІЛДІРМЕДІ
~ . Олар жұртты дүрліктірмеу үшін халықараға және тұрғын ел арасына ым-жымын білдірмей, Алтайдан ауысқан «бағынды армия» ретінде киіндіріліп, «Алтай армиясы» атанды да, Үрімжіні алуға айналған Ма Жұңиың қатерін аластау үшін түстікке шеру тартты. Ғ.Біл.
ЫМ ҚАҚТЫ
Ишара жасады. Сейіттің қимылы тез, Жомартқа ым қағып, машинаның ішіндегі қара сөмкені алды да: «Дастарқан жай», – деп желпілдетті. И.Жақан Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздерімен сезімді көңілге ым қаққандай болады. Жұлдызды аспанға. анда-санда айтылатын жер жырын, тіршілік ертегісін тыңдағысы келеді. М.Әу.
ЫЗҒАРЛЫ ҚАБАҚ КӨРСЕТТІ
~ Ана бір, бақша мен театрдың арасындағы бұрыш бар ғой, сол саған өте қолайлы болады… — деді. Мен оған ызғарлы қабақ көрсеттім. Ғ.Мүс.
ЫЗЫМ-ҚАЙЫМ ЖОҒАЛДЫ
Із-түзсіз, хабар-ошарсыз жоғалды, құрып кетті. * Ол жазушылар буынын кейде топтап елейді, кейде жеке-дара елейді. Біреулер қалады, біреулер ызым-қайым жоғалады. Қ.Ергөб.
