~ Сонда бұлар жәшіктердің үстіне отырып, мұздай араққа ыстық ықылас қойған. Ә.Тар. ~ Қазір онымен биік мәртебелі ұлықтар ықылас қойып танысып жатырған көрінеді. Жан–жақты сарапқа салып өз пікірлерін айтатын болса керек. Ә.Кек.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫҚЫЛАС ҚОЯ
Ерекше іждаһатпен, шынайы көңілмен. Кенжекей иегін тізесіне сүйеп, қыбыр етпей отыр. Әлгі бір әзірде ықылас қойып түтіп отырған жүн қолынантүсіп кеткен. Ә.Нұрп. Ол оны ықылас қоя тыңдап отырғандай көрінуші едіАқжұлдызға. С.Досан. Әзірге Айдынмен ықылас қоя әңгімелесетін екі-ақ кісі бар. С.Досан.
ЫЗҒАРЛЫ ҚАБАҚ КӨРСЕТТІ
~ Ана бір, бақша мен театрдың арасындағы бұрыш бар ғой, сол саған өте қолайлы болады… — деді. Мен оған ызғарлы қабақ көрсеттім. Ғ.Мүс.
ЫЗЫМ-ҚАЙЫМ ЖОҒАЛДЫ
Із-түзсіз, хабар-ошарсыз жоғалды, құрып кетті. * Ол жазушылар буынын кейде топтап елейді, кейде жеке-дара елейді. Біреулер қалады, біреулер ызым-қайым жоғалады. Қ.Ергөб.
ЫЗЫҢ ӘҢГІМЕ
Өсек. Артынша сл жақта тағы біреуге тұрмысқа шығыпты деген ызың әңгіме жеткен. О.Сәрс. … жанындағы жарын тастап, Сирияға аттанбақшы болып, қашып бара жатқан жерінен ұсталғандығы да елішінде ызың әңгіме ретінде тараған-ды. БАҚ
ЫҚ ЖАҒЫНА ШЫҚТЫ
~ Егер жұғыса кеткен казак-орыстар болса, қу саудегерлер, мырзалар «ық жағына» шығып: — Әй, тамыр!.. Сен бізге жақынсың… Сен мені «көбеш» базарында талай көрген боларсың! Прокофийді білемісің?.. Ол біздікінде болған. Біздің ауыл осы жерде, жақын. Келіп, мақан же!— деп ақшаларын сытырлата қояды. М.Дәу.
ЫҚҚАН ҚОЙДАЙ (БЫТЫРАП КЕТТІ)
~ Қара жауын қарға ұласыпты. Дірдектей тоңған жұрт паналар ық іздеп, көне моланың ішіне ыққан қойдай бытырай тарап кетіпті. Ә.Кек.
ЫҚЛАСЫ ТҮСТІ
* – Бұл қиындау мәселе, – деді Сулима, – аға сұлтанды тағайындау менің қарамағымдағы іс, егер ықласы түссе ұлы дәрежелі патшамыз, бұл жайда мен жасаған ұсынысты бекіте салады. С.Мұқ.
ЫҚПАЛ ЕТТІ
* Сөйтіп, Біртұтас алаш идеясы мен қозғалысын тұжырымдайтын түйінді құжаттарды тұтастай ұсынуға ықпал етті. Т.Жұрт
ЫҚПАЛЫН ЖҮРГІЗДІ
~ Қызметке қазақ оқығандары керек болып, өткен істерге кешірім жарияланғаннан бері, Жорғабек жақында келіп, жер бөліміне кіріп еді. Оның бар мақсаты: жастарды еппен ұстап, беделін, ықпалын жүргізіп, айтқанын істету еді. Ж.Айм.
