Қайғырды. ~ Ирена, әрине, уайым шегіп жүрді. Бұл графсымақ тәрбиесіз бикештен де жаман-ды: тәлімси беретін, қасы мен қабағына қарауға мәжбүр ететін… Ч.Пав.~ Шаһзада құшақтады ұшып келіп: — Жүрдім ғой сенің үшін уайым шегіп, Сені де көрсетер күн бар екен деп, Жан достым, менім атым — Сейпілмәлік. «Сейпілмәлік».
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
УАЙЫМ ШЕКТІ
Қайғырды. ~ Ирена, әрине, уайым шегіп жүрді. Бұл графсымақ тәрбиесіз бикештен де жаман-ды: тәлімси беретін, қасы мен қабағына қарауға мәжбүр ететін… Ч.Пав.~ Шаһзада құшақтады ұшып келіп: — Жүрдім ғой сенің үшін уайым шегіп, Сені де көрсетер күн бар екен деп, Жан достым, менім атым — Сейпілмәлік. «Сейпілмәлік».
УАЙЫМ ЖЕДІ (ОЙЛАДЫ)
Қайғырды, көңілі алаңдап, мұңайды. қапа болды. ~ Тыныш ұйықта, қабіріңде, уайым жеме: «Қор болды қайран сөзім босқа!» – деме. М.Жұм. ~ Сал Сегіз ренжіді уайым жеп, Алдында жүрер жолы әлде де көп. Жолы емес жолаушының ұзақ сапар, Асықпай жүретұғын «жетермін» деп. Сегіз сері. ~ Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Абай. ~ Әй, ерім-ай! Ел үшін уайым ойлайсың! Айдаладағы нивхіге қазақтың тағдырын қайдан теліп тұрсың! Біз өсетін елміз! С.Сағ.

УАҒДА БАЙЛАДЫ (БАЙЛАСТЫ)
Серттесті. * Ай сайын жақсы хабар жазып тұр деп, Тапсырып қатты уағда байлайды екен. Шәк. * Бұған Ғали да бихисап қуанып, екеуі ендігі жексенбіге осы сайды белгі қылып, уағда байласты. М.Дул. * Шын достығын Қарлыға Қобландыға сенгізді. Уағда байлап, қол беріп,
Тайбурылға мінгізді. А.Байт. («Қ.Қ.Қоб.») * Сібірден қорыққан аяңкес қыз амал жоқтықтан Сүлейдің етегінен ұстады ма, өздері қашан уағда байласқан, ол жағын әлі күнге дейін білмейміз… М.Қаб.

У ЖҰТТЫ
Қайғы- қасыреттен көзі ашылмады. ~ Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу, У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!– Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып, Өлем деп жас өмірден күдер үзу. М.Жұм. ~ Қаладан ойбай шу шықты, Аттандап айқай үн шықты. Жасырған шындық ашылып, Жағдайы, сірә, ушықты. «Айырып кетсе жол басқа, Азаматым, деп, нарқасқа», Ұшынған қазақ у жұтып, Шағады мұңын Олжасқа. Қ.Аман.

ОН ЕКІДЕ БІР НҰСҚАСЫ ҰҚСАМАЙДЫ (КЕЛМЕЙДІ)
Еш ұқсастығы жоқ; шындыққа жанаспайды. ~ Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау деуге тіпті он екіде бір нұсқасы ұқсамайды. Жүзінде күлкінің ныспысы да жоқ. Шынның шыны… М.Әу. ~ Бетіне байқатпай көз қиығымды тастап ем, түсімдегі арбаңдаған жел тиірменге он екіде бір нұсқасы келмейді. М.Қаб. ~ Орысша әннің он екіде бір нұсқасы келмейді, анда-санда кейбір сөздердің нобайын әрең аңғарып қалмасаң, басқа түк түсініп болмайды. С.Жүн.
ОН ЕКІ САҚҚА (ЖҮГІРТТІ)
Неше түрлі құбылды; ойын жан-жаққа жүгіртті. ~ Ойын он екі саққа жүгіртіп барып, Кенекең осы шешімге тоқтаған еді. Б.Кек.