Әйел баласы (кемсіту реңкі бар). * Әр бәндеге бітер ме Сұлтанымның тұлғасы?! Құдай кіші жаратты Төмен етек ұрғашы. "Қара Қыпшақ Қобыланды".* Әр бәндеге бітер ме Сұлтанымның тұлғасы?! Құдай кіші жаратты Төмен етек ұрғашы. А.Байт. * Ақылына көркі сай, көркіне серті сай, сөзге ұста, ерлігі төмен етек әйел затын қойғанда, азаматтардың өзіне өнеге болардай деген атақ-даңқы ерте тараған … К.Сегізб. * Ол еркінен тыс терең күрсінді. Иә, жалғызіліктілік те жаман. Әсіресе төмен етек әйел затына тіптен қиындығын кім білген?! М.Сүнд.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТӨРТ АЯҒЫ ТЕҢ ЖОРҒА
Тұла бойында бір кемшілігі жоқ д.м. ~ Төрт аяғым тең жорға, Тізгінім тартпай, сал жолға. Үстімде сен есенде, Астыңда өзім аманда, Қажу бар ма мен сорға?! "Қобыланды б." ~ …енді Қомшеке болған кезде ақыннан от қайтты деп айта алмаймын, бірақ маймақтықтан құтыла алмайды екенсің, төрт аяғы тең жорға болмаса да жыл сайын келіп қайтатын Алматыны да сиретіп барады. Қ.Ысқ. ~ Қиын мұндай мұңлықты ұғып тұру, Ұғып тұру, үн-түнсіз бұғып тұру. Төрт аяғы тең жорға қарағым-ай, Керек саған қайғыны ұмыттыру. А.Өтег. ~ Асқардың барлық шығармалары мінсіз мөлдір, төрт аяғы тең жорға десек орынсыз асыра мақтағандық болар еді. Қ.Мұх.
ТӨМЕН ЕТЕКТІ
Қыз-қырқын, әйел баласы, әйел заты (кемсіте айту). ~ Үштен-төрттен, кей жерде қораланып отырған адам. Бәрі де қарайып көрінеді. Ақжаулықты, төмен етектілерден ешкім жоқ. Б.Қыд. ~ Тез үйірлескен-ді. Жөн сұрасуды құшақ тартылысы жеңіп кете берген. Тән тойымдығына кенеліп қатты ризаланған төмен етекті сыбырласа бастады. Қойындасы ашыла сөйледі. Ө.Кәр.~Үй маңында көбіне бірер шал-шауқан, бірер жас балалар мен төмен етектілер жүреді. Н.Дәут. ~ Аллеядағы скамейкада Света екеуміз отырмыз. Үндемейміз. Светаның барлық төмен етектіден артықшылығы да осы. Т.Ахт. ~ Тіпті, ауруханада жатып, он күнде байқағаны — осындағы төмен етектілердің бәрі оны көрсе басын иіп, бәйек боп қалады. Қ.Түм. ~ Төмен етектінің бірі мендей-ақ болсын деп танауын көкке көтеріп жүрген қызкеліншектердің бұған қадалған көздері – қып-қызыл шоқ. Т.Сәук.
ТӨМЕН ҚОЛ
Сапасы төмен; нашар. ~ Осылай істелген киіз етікті байпақ дейді. Байпақтан басқа жүннен қолғап, шұлық, сырттан киетін көйлек тоқиды. Бұлардан басқа жүннен төмен қол «орыс мауыты» деген мауыты тоқылады. А.Байт. ~ Төмен қол қарындаштарды істеу үшін тас күйені үгіп майдалап, қаттырақ болу үшін саз топырақ қосады. А.Байт.
ТӨБЕСІНЕ ШАЙ ҚАЙНАТТЫ
Сілікпесін шығарды, басына әңгір-таяқ ойнатты. ~ – Ондай әулиелігің болса бетінен ала түспей айға бата қып жүрдің бе? – Бетінен алған емес, тура ғана төбе құйқасын шайнап, төбесіне шай қайнатқан рәуә болар еді. Ғ.Біл. ~ — Менің қарындасым Бақытта ойың бар сенің… әдіра қал… Мә!.. Саған қыз… оның құтты орны дайын, білдің бе?.. Әлі-ақ бәріңнің төбелеріңе шәй қайнатам… С.Мұр.
ТӨМЕНШІК ТАРТТЫ
Кішірейді; басын төмен салды. * Енді сендерден көмек сұрап басымның төменшік тартып отырғанын көріп отырсыңдар. Бұл ақылымның қашқаны ма, әлде шарасыздың ең соңғы үміті ме, оны өзім де білмеймін. О.Көшб. * Жер шұқығандай төменшік тартып отырып қалған Байбатыр еңсесін көтеріп, көзін сығырайта қарады. С.Жүніс.
ТӨБЕМІЗГЕ ҚҰЙ ҚАЗСА ДА
не істесе де, қалай қинаса да, ~ Уа, жігіттер, бәрімізді ата-бабаның аруағы қолдап, жолымызды оңғарсын! Бұл тілекті тілемеген жан жоқ. Жас-кәрі, жақсы-жаман түгелімен осындай ақ тілеудің үстінде, төбемізге құй қазса да шыдадық, енді келіп барлық ер азаматты қырғынға салам дейді. М.Әу.
ТӨБЕҢЕ ҚҰЙ ҚАЗДЫ МА
Не жамандық жасап еді (едім) д.м. ~ Әй, Әсбет. Әлгі жетпегір балаң қайда, үйде ме? Ауыз үйден оған шешем үн қатады. – Жетпегір боп ол саған не істеді? Төбеңе құй қазды ма? Б.Соқ. ~ — Әзіл өзіне басқа, мен шын сұрап отырмын, — деді Кәрібоз: — «Құдай бар, құдайдың рақматы кең, құдай әділ…» деп молдалар қақсағанда имандай үйимыз. Сол құдайы бар болса, әділдігі қайда? Кәкімді бай қылып, бізді оның құлдығына неге жүргізеді? Біз құдайдың әкесін өлтіріппіз бе? Құдайдың төбесіне құй қазыппыз ба?.. Б.Майл.
ТОЯТ ТӨС, САЛПЫ ЕРІНДІ
Сәйгүлік аттың сипаты. ~ Айдасаң алыс жерімді, Алсаң ащы терімді, Өзіне — өзі сенімді, Тоят төс, салпы ерінді, Топтан торай бермейтін Тұлпар аттай қунақпын. Д.Баб.
ТӨБЕСІ ЖАЙЛАУ, ТӨСІ ҚЫСТАУ БОЛДЫ
Көңілі қош болып, дүниенің рахатына батты. ~ Оспанға, өзінше Жорға Нұрым секілді дәрежелі кісінің күйеу боламын дегені құдайдың көктен айдап түсірген жақсылығы еді. Шылқымайға кірдім ғой деп мұртынан күліп, тіпті бұрынғы бұрынғы ма, төбесі жайлау, төсі қыстау болып, есі шығып еліріп кетті. С.Тор.
