Posted in

ШЫНЫН ҚУҒАНДА

~ Әй, Қанат, батаны сен жасайсың. Алыстан келген қонақсың. Оның бер жағында, Ақтоты жеңгеміздің қолында өскеніңмен, шынын қуғанда құдасың. Жас секратар бас жейді. Бата сенен болады. Мұсылманбыз ғой? — деп отағасы көзін қысты. Т.Рыс. Ақиқатын айтса, шынына келсек. ~ Ал мынау адам баласы құдайды ұмытқан. Өздерін сонша ақылды, керемет санағанымен, шынын қуғанда қандай қораш! Қандай лат!Құс құрлы махаббат, құс құрлы опа болмады-ау бізде!.. — деп зарлап қоя берді. Ж.Сәм. * Әй, Қанат, батаны сен жасайсың. Алыстан келген қонақсың. Оның бер жағында, Ақтоты жеңгеміздің қолында өскеніңмен, шынын қуғанда құдасың. Т.Рыск.

Posted in

ШЫМЫЛДЫҒЫ ЖЕЛПІЛДЕДІ

~ − Сәбиді қорқытуды… Не өшіңіз қалып еді? − Мен еркелетіп тұрмын. Шымылдығың желпілдеп… Отырмаймысың өз жайыңа. − Еркелету үшін ең әуелі айнаға қараңыз. Бала түгіл өзіңіз шошып, ағаш атқа мініп кетерсіз. М.Қаб.

Posted in

ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ

Бет қаритын суық. ~Аспан шыныдай жалтыр, кешеде кірлеген күртік қар, ауада ызғар бар, шыңылтыр аяз шағып тұр. Н.Сер. ~ Таң сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Н.Дәут. ~ Сумаңдаған суық жел алып ұшақтың жылы салонынан шыққан жолаушылардың қойыны — қонышын кеулеп, денесін тітіретті. Шыңылтыр аяз бет шымшиды. С.Дос.

Posted in

ШЫЖЫМЫНА ОРАЛДЫ

~ "Шыжымына оралып, итжемеде өлетін болды-ау", — деп, Көкжендетін аяған Сері: "Бопым, Бопымдап" шақырып, көрінген тоғай құсының шаңқылдаған даусына елегізіп жүре-жүре, тас қараңғы орманға қалай бойлай кіргенін де аңғармады. С.Жүн.

Posted in

ШЫЛБЫР ТАСТАДЫ

~ Иә, ел еркіндігі, ел азаттығы туралы заңдар қабылданған тұстарда жарғақ құлағы жастыққа тиіп жарымағандар санатынан Сафуан жиі көрінді. Жас жазушының шығармасына шылбыр тастау, классик жазушының музейін ашқызу, мазарын көтерту — бәрі де оны мазалайды. Х.Ерғ. ~ Мен жақсылап жүргенде, Ол жамандап үлгірді. Талай тастап шылбырды, Сүйреп едім құрғырды, Есін жинап алған соң Жігерімді құм қылды. Х.Ерғ.

Posted in

ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

~ Қ а л и. Бұл заманның шық бермес шығайбайы үйінде ме, көрсетші көзіме! Орынбасар. Арқасымен қарсы алып міне тұр, тақсыр! Ғ.Мұст. ~ Оймауыт даласынан Нарқамысқа қарай шұбырған аш ел Құлатайдікіне соғып түней -түстене өтеді екен. Құлатай сол жылдары "шық бермес Шығайбайдан" асып түседі. С.Ел.

Posted in

ШЫЛБЫР ҮЗІСПЕДІ

~ Аспан ашылған. Ат жауырындай ала бұлттар аунап барады. Бозбала Сұңқардың көңілі көтеріңкі. Әкесі ғана әлі суыққабақ. Одан шылбыр үзіспей қапталдасып Алаш келеді. А.Алт.