~ Әйел көңіліне желік кірсе, әлдекіммен әуейіленсе тірек тапқаны, «сенің базарың тарқап», қызығың таусылғаны. Қатын ол кезде шыбық тимес — шыңқ етер, қамыс тимес — қаңқ етер» кінәмшіл, жаңа, бойына біткен жас сезімнің құлы. М.Сүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫБЫН-ШІРКЕЙ БОП БЕЗДІ
~ Ықсаным бірдеңе- бірдеңе деп ара түскендей күңкілдейді. Ә, қатынжанды жайрағыр! » — деп сабаумен салдым кеп. Ол да шыбын- шіркей боп безді. Содан екеуі менен қорқып екі күнге дейін үйге жолай алмай жүрді ғой. С.Мұр.
ШЫБЫН (БИТ) ШАҚҚАН ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ (БОЛМАДЫ)
Елемеді, мән бермеді. * Қазақтың мұң-зарын шыбын шаққан құрлы көрмеген Жин Шурын үкіметі істі сұраусыз қалдырады. Ж.Шәкен * Әншейінде оның үйреншікті ауруын шыбын шаққан құрлы көрмейтін Жайынбай тобығына тобығын соғып сейфке қарай жүгірді. Е.Абдулла * Алдындағы азын-аулақ ұсақ пен жалғыз сиыр маңырап- мөңіреп колхоздың қорасына қарай айдалғанда шыбын шаққан құрлы көрмеген. Т.Сәу. * Кемпірден бұрын денесі күйіп- жанып, ұйықтай алмаған келіншек жаны жай таппай алағызып далаға шығып еді. Шымыр аязды шыбын шаққан құрлы көрмеді. Ү.Жәл. * Түбің түскір осы ұстамды мінезі құртты ғой Ақбергенді! Ұзақты күн ит пен мысықтай ырылдасып жатса, бұған да әйелдің кезекті сандырағы ғой деп сүлесоқтау ғана қолы бір сілтер еді, турасына көшкенде оны бит шаққан құрлы көрмес еді. Қ.Жиенб. * Қозы қарын қарадомалақ сөзінің шыбын шаққан құрлы әсері болмаған соң әркімге бір бағжаңдап қарай бастады. Ж.Шаштай.
ШЫБЫН (МАСА) ШАҚҚАНДАЙ (ШАҚҚАН ҚҰРЛЫ) КӨРМЕДІ
~ Оған дейін уыт жайлаған тұстан басталған от бүкіл денесін орап алған еді. Жаңағы піспекті ол шыбын шаққандай да көрмеді. З.Төл. ~ Ыза қысты бойымды. Бұрын ондай қалжыңды шыбын шаққан құрлы көрмей дік-дік басып кете беруші едім. М.Қаб. ~ Келе сала, ал кеп әкемнің арқасына кішкентай жұдырығыммен түйгіштейін. Шыбын шаққан құрлы көрмейді. Ш. Мұр. ~ Таң атқалы айтқан көп сауалының неге ешқайсысына жауап бермейді? Неге мұның сөзін маса шаққандай көрмей бедірейіп тыңдайды. Ә.Кек. ~ — Өте түсінікті,— деді Әшір. Қотыр тілді, қырсықтау жігіт іліп түсті. Прораб оны маса шаққан құрлы көрмеді. М.Қаб.
ШЫБЫН ЖАН
Тірлік көзі, өмір д.м. * Қиналдың-ау, шыбын жан, Тоқталсайшы, ыстық қан! Тұлпарға мініп бір шапсам, Болмас еді басқа арман! М.Жұм. * Талай мәрте ішіліп шырын қаным, Тайдай тулап есімде шыңғырғаным. Кереңдердің торына түсіп қалып, Шырылдаған торғайдай шыбын жаным. Р.Ниязб. * Ендеше оны тіршілікке ынтазаретіп қойған не нәсте? Ол не өзі? Шыбын… Оны… Тоқта, ол әлде шыбын жан ба? Шыбын‚ шыбын жан… Апырау, кеше ағасы да сол үшін не шатқалаңнан өтпеді? Б.Алд. * «Ә, солай ма екен? Әр тіршілік иесі үшін ең қымбаттысы – ол шыбын жаны емес пе еді?! Сол шыбын жанды аларда қабағыңды да шытпайтын едің ғой. Қалай екен, қандастарың қанша рет әрекетіңе қарсы тұрғанда тыңдадың ба? К.Сег.
ШЫБЫН ЖАНЫ ҚАЛДЫ (ҚАЛМАДЫ)
~ Ақбілектің бедірейе қалғанын көрген соң, Ұрқия ойын бөлейін деп: — Сені аман-есен келеді деген тірі жан болған жоқ. Өзіміз күдер үзіп қойдық… Орыс шіркін өлтіріп тастады той деп ойладық: үлкен апамды көзіміз көрді ғой. Құдай сақтайын десе, қайда сақтамайды? Шыбын жаның қалған соң не керек, — деді. Ж.Айм. * Мешел тергеушіні ұрып түрмеге түсіп қалыпты деп естігенде шыбын жаны қалмады да алды- артына қарамастан сонау Ақсудан жаяу- жалпы ұшқан … Қ.Ысқ.
ШҰБАР ТӨС
~ Тек, құдай жазып, большевиктер келетін болсын. Бәлем, талай шұбар төстің таңбасын бетіне бастырармын!— деді зергер Мұса. М.Дәу.
ШЫБЫН ЖАНЫ ШЫРҚЫРАДЫ
Аза бойы қаза болды, бебеу қақты. ~ Пәк өмірдің зәресін ап, шырқын ап,_ Шошындырдым балғын етін шымшылап._ Селт етпестен қарап тұрдым сүйсініп,_ Жатса біреу шыбын жаны шырқырап. Н.Айт. * Шәріпхан еңіреп жіберді. Көзінен бұршақтай мөлдір тамшылар бірін-бірі қуалай домалап жатыр. Әліп ойланып қалды. Өзінің бауыр етінен жаралмаса да, баланың шыбын жаны шырқырап, жүрегімен езіліп тұрғанын білді. Ж.Шәк. * Үміт пен күдік тай-талас түсіп, шыбын жаны шырқыраған сайын Нұрбектің бойына қайрат қосылғандай жүрісі ширайын деді. Т.Сәу. * Бас дәрігердің шыбын жаны шырқырап кетті. Д.Дос. ~ – Тоқтат! – режиссердің шыбын жаны шырқырады. – Әнебіреу кемпір аспаннан түсті ме? Жұрттың бәрі, түсіру алаңына ғайыптан тайып қайдан пайда болғаны белгісіз, иіні түскен, алба-жұлба, жұдырықтай үндіс кемпірді көріп еді. К.Мырз.
ШҰНАҚ ҚҰДАЙ
~ Әркімнің сенген бір шұнақ құдайы бар. Есік жұлқи ашылды. Жалғанның жартысындай боп Метрей кіріп келеді екен. Салғырт қана бас изеп амаңдасты. Қ.Ысқ. ~ Өзін осындай күйге салған шұнақ құдайды қорғайды. «Байымнан бір айырдың, баламнан екі айырдың, уа шұнақ құдай, не жазып ем мен саған! » деп көз жасы төгіп, адамның аза бойын қаза қылады. Н.Сер. ~ — Қу шұнақ құдай-ау, о заманда бұ заман бұралқы иттей кезбеге қыз бере салатын мені есуас деп пе едің — ей, сен? П.Дүйс.
ШЫБЫН ЖАНЫ ШЫРЫЛДАДЫ
~ Мұң жоқ менің мұңымдай,_ Шыбын жаным шырылдайды шыбындай._ Саған қарап оқырана беремін,_ Қасқа айғырдан төбел туған құлындай. М.Рай.
