Posted in

ШҰНАҚ ҚҰДАЙ

~ Әркімнің сенген бір шұнақ құдайы бар. Есік жұлқи ашылды. Жалғанның жартысындай боп Метрей кіріп келеді екен. Салғырт қана бас изеп амаңдасты. Қ.Ысқ. ~ Өзін осындай күйге салған шұнақ құдайды қорғайды. «Байымнан бір айырдың, баламнан екі айырдың, уа шұнақ құдай, не жазып ем мен саған! » деп көз жасы төгіп, адамның аза бойын қаза қылады. Н.Сер. ~ — Қу шұнақ құдай-ау, о заманда бұ заман бұралқы иттей кезбеге қыз бере салатын мені есуас деп пе едің — ей, сен? П.Дүйс.

Posted in

ШҰНАҚ ҚҰЛАҚ

* Екі қолы алдына сыймай, түстік аңдыған жай қыдырмашылар да Құдай алдына ұялмай барады-ау! — деген-ді, әкесінің шұнақ құлағына көз жүгіртіп. Т.Рыск. ~ – Ей, Тоқа, мен жалғыздықты құдайдан сұрап алғам жоқ, көрпеңе қарай көсіл, тегінде. Көкек өз атын өзі шақырады деп, қатыныңмен төбелескенде қыршып алған шұнақ құлағыңды Гитлерден көресің. О.Бөк.

Posted in

ШЫБЫН ЖАНЫН ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙДІ

Өміріне қауіп төндіре отырып, әлдебір іске тәуекел етті. * ― Ойбай-ау, танымайтын, білмейтін қарулы адамдарды қарсы алып, өле алмай жүр дейсің бе? Шыбын жанымызды шүберекке түйіп отырғанда сен көріндің… Б.Тоғ. * Жыланнан қорқып, ұясын мәжнүн талдың суға төнген солқылдақ шыбығының ұшына салып, шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген бас бармақтай зымыранның өзі маса-шіркей қақшып тамақ асырайды. Ш.Мұрт. * … Мұздауанда шейіт кеткен мыңдаған қазақ, сол қазақты құтқару жолында шыбын жанын шүберекке түйіп, қанмайданға кірген батыр Мергенбай хақында өзім білетін біраз жайды жазбасам болмайтынын ұқтым. Қ.Әбілқайыр * — Сонау от пен судың ішінде, шыбын жанын шүберекке түйіп, қан кешіп, ажал оғына басын төсеп жүрген армандай азаматтың қай-қайы да қымбат, өз баламдай ыстық. М.Сүн.

Posted in

ШЫБЫН ҚОНДЫРМАЙДЫ

* Осындағы Шаймерден кезекшінің үш аяқты мотоциклі бар. Өзі де мінбейді, өзгеге де бермейді – үстіне шыбын қондырмайды. Ал зәуіде керек бола қалса, от алмайды. Ш.Айт.

Posted in

ШҰРҚАН САЛДЫ (ШЫҒАРДЫ)

* Өйткені қазақ шекпенінің етегі сияқты далиып жатқан кең де, сайқын да жерінің бәрін-ақ басқыншылар билеп-төстеп, алтын айдар ұлды кесік құлақ құл қылды, ай десе аузы, күн десе көзі бар қызды шүйке басты күң қылды. Елімізге шұрқан салды. Зығырданы қайнаған ерге зәнжір кигізді, таландыны табанынан тайрылтты. Б.Қыд. * Солайша, көптен бері ел ішіне алабүлік болып тиісіп, оқ, мылтық жинап жүрген қарулы топ әп сәтте ешқандай шұрқан шығармай қолға түсті. Ғ.Біл. * Я, Ларина жәй адам бір, Сөйтсе дағы жақсы кемпір; Сала ма деп ішке шұрқан: Сол бүлдірген судан қорқам. І.Жанс. * Шешем де, жеңгем де мінезімнің шатақ екенін біледі. Бір шұрқан шығаратыныма көздері анық жетті. Екеуі екі жағымнан келіп жармасып, қой-қойлап жүр. Б.Соқп.

Posted in

ШҰРҚАН ТІЛЕДІ

Дау-дамай шығарды. ~ «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сол да баяғы. Осыған жыламай, «шыда, жаным шыдалап» жүрген біздікі қандай жан, Қазақстанның азаматтығы тақиясына тар келіп, ерігіп шұрқан тілеп жүргендердікі қандай жан?! Д.Мәс.

Posted in

ШЫБЫН ТАЙЫП ЖЫҒЫЛАДЫ (ЖЫҒЫЛҒАНДАЙ)

Тап-тақыр. * Ашық жатқан қалың кірпік қақ жарылған ашылмалы көпірден несі кем, қыздың екі көлі − тостағандай қос қара көзі шыбын тайып жығылатын таз төбеге түсті. М.Қаб. * Оның үстіне басы қаздың жұмыртқасындай тап-тақыр, төбесінен шыбын тайып жығылғандай. Ә.Асқ.