Есесін жеді. * — Інішек… жолдас, айтыңызшы, бұл әділет деген бола ма осы? Бір емес, екі емес, мені неге шөміштен қысады? Менің бағып отырғаным совхоздың малы емегенде, әкемнің малы ма? Қ.Жұмад. * «Сен де жіліктің майлы басынан айрылып қалма, шөміштен қыспаймыз»,— депті. Масқара!» М.Қаб. * — Әскерде бұларды старшина дейді. — Завхоз емес, завсклад десей. — Әй, тиісе бермеңдер, шөміштен қысып жүрер, — деп қалжыңдасты. Н.Серәл. * Қабылдың əдйі жүйкесіне тиейік дей ме, түрмедегілер байқамағансып шөміштен қысады, аула сыпыртады, монша тазалатады. Қ.Жиен.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШУ-ШҰРҚАН БОЛДЫ
* Бүкіл ауыл шу-шұрқан болып, құстың шуылы зәремізді алды. Ы.Дәбей
ШӨҢГЕДЕЙ ҚАДАЛДЫ
Жүрегін удай ашытты. * Әрі жүрегіне шөңгедей қадалған, сорып, шаншып мазалайтын өзгеге ұсақ, өзіне ұлы қасіреті бар-ды, сол оянды. Ж.Нәжім.
ШУ-ШҰРҚАН ҚЫЛДЫ (БОЛДЫ)
* Аттылар дегенмен ат үстінде екенін пайдаланып, омыраулатып, ауылдағы бірлі-жарымды араға түскен әйелдерді, топты тамашалап келген қаратабан, қызылжұдырық балаларды бақыртып, ат ойнатып жұртты шу-шұрқан қылды. Б.Қыд. * Енді бұдан кейін қысылмай көр. Өзің сағынып туған аулыңа қолың зорға тиіп пәлен жылда бір келсең олар қызыл тақия киісіп, шу-шұрқан болып жатса, бұған қалай ренжімессің. Б.Қыд.
ШӨП БАСЫН СЫНДЫРМАДЫ
Түк бітірмеді. * Арада жыл өтіп барады. Таққа отырған Болат ойраттарға да, орыстарға да шөп басын сындырған жоқ. Ә.Кек. * Ол жан қинап жұмыс жасамайтын кежір*, шөп басын сындырмайтын кер жалқау кісі екен. Ү.Жәл. ~ Бастық шақырып алып тапсырма бермейінше шөп басын сындырмай отырады ғой, байқадың ба? Ғ.Қабыш. ~ Солай. Өміріміздің бар үміті деген ұлы мен қызы қазір әке-шешелерінің қолынан жұмыс алмақ түгілі оларға қосымша жұмыс болып, сәнділігінен көз сүрінетін сарай-үйлерінің әрқайсысы бір бөлмесін алып «шөптің басын сындыруға» да жарамай жатыр. Е.Әлім.
ШУ АЯҚ
~ —Байғұс-ау, өзгенікі өзге, пұшық қайтеді оны? Біреудің малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы. «Қашарыңда қашарсың, лақтарыңда қайтерсің» деп, алмақтың да салмағы бар емес пе… І.Жан. ~ Шешеңді менен сұрасаң, Сары үйсіннің күңі еді. Олжалап әкеп Досымбек Шу аяқ күң қып жүр еді. "Жәнібек б." * —Байғұс-ау, өзгенікі өзге, пұшық қайтеді оны? Біреудің малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы. «Қашарыңда қашарсың, лақтарыңда қайтерсің» деп, алмақтың да салмағы бар емес пе… І.Жанс.
ШӨП ЕТКІЗІП СҮЙДІ
~ Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп, бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Б.Соқ. ~ Жүрегі тарсылдап соққан жігіт көзін жұма түсті, қазір келеді де, шөп еткізіп мұның бетінен сүйеді. С.Шай. ~ Намысың бар екен, − деп, қыз бетімнен шөп еткізіп бір сүйді. Сүюге сүюмен жауап беру керек пе деп бата алмай тұрғанымда, қоңырау зарлап қоя берді. Ш.Мұр.
ШУ ДЕГЕННЕН (ДЕГЕНДЕ)
Бірден, салған жерден. ~ Сенің осал жағыңды тауып алып сығалап, ішіңе кіріп кетеді. Міне, сендер, шу дегеннен оларды бойларыңа дарытпауларың керек; алдауына түспеу керек… Ж.Айм. ~ Оның үстіне мен оған елінің азаттығы үшін күресіп жүрген бір батыр жігіт боп көрінген тәріздімін. Қысқасы, біз шу дегеннен тіл таптық. Сөйтіп, бір-екі кездескеннен кейін, екеуміз қол ұстасып елге қашпақ болдық. І.Ес. ~ «Біздің осылай уәделескенімізді Фондерсонға айтып едім, ол шу дегенде жаман ашуланды. І.Ес.
ШОРТ КЕСІЛДІ
* Бұл жолы үздігіп, үзілмей келген жіңішке сағыныш шорт кесілгендей болды. Оны да өзге емес, әлгі бір жарық істеді. М.Сүнд. * "Кеден — кеден болды, кедергі неден болды?" дегендей. Әйтеуір Көпжасар екеуінің жүрегін жалғастырған жол шорт кесілді. Т.Рыск. * Адамның емес, малдың сүйегі сияқты. Бір жерде әйелдің шорт кесілген қап-қара қос бұрымы жатыр, ұзын-ақ әрі жуан. Ж.Баб.
ШОШҚАҒА БАЛ БЕРГЕН СЫНДЫ
* Иә, жақсылыққа обал, шошқаға бал берген сынды. Менің де со бір еті адал, өзі арам бақытсыздау жануардан айырмам шамалы-тын. Ж.Нәжім.
