Posted in

ШОРТ КЕСІЛДІ

* Бұл жолы үздігіп, үзілмей келген жіңішке сағыныш шорт кесілгендей болды. Оны да өзге емес, әлгі бір жарық істеді. М.Сүнд. * "Кеден — кеден болды, кедергі неден болды?" дегендей. Әйтеуір Көпжасар екеуінің жүрегін жалғастырған жол шорт кесілді. Т.Рыск. * Адамның емес, малдың сүйегі сияқты. Бір жерде әйелдің шорт кесілген қап-қара қос бұрымы жатыр, ұзын-ақ әрі жуан. Ж.Баб.

Posted in

ШОРТ КЕСТІ

ШОРТ КЕСТІ * Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, әлде бір басқа сезім кернеді ме, кім білсін жирен сүйем деп тағы кезеніп, Ақбілек сырт беріп тыжырынып еді, ашуланған адамша анаған ажырая қарап, бірдеме деп шорт кесті. Ж.Айм. ~ Ал сол жүректі… бар қылу үшін, не істеу керек, – деді бір кезде Қайырболды. Бекторы шорт кесті. – Бар қылу үшін ол жүректі жоқ қылу керек! Т.Әс. ~ Мәмтімін қабағын шытынды: –Онда үмітіңді үз. Ши–анда қала алмайды екенсің.– деді шорт кесіп. Ж.Сәм. * Кейде дұрыс, кейде ашу үстінде қисық болса да, әйтеуір, шорт кесіп тастайтын. М.Әбдіх. * – Дұрыс айтасың, олар бір жаққа ауып кеткен жоқ, осында жүр, бірақ олар енді кітап оқымайды, – деді шорт кесіп. Д.Қуат. * Жо- жоқ. Енді керегі жоқ. Бәрін бір- ақ шорт кескен, біржола жалтақтап бұрылмаған дұрыс шығар. Бәрібір өткен күндерді, өксікпен өткізген күндерімді кері қайтарғым келмейді… Ж.Шағ.

Posted in

ШӨБІ ШҮЙГІН, ЖЕРІ ҚҰТ

~ Табанын құм басқан Іленің бұрынғыдан әлдеқайда аз суы арнасынан ауып, «Жиделі» совхозының шөбі шүйгін, жері құт Айнакөл, Үшқалмақ деген жайлау, қыстауларын басып қалды. Б.Тоғ.

Posted in

ШОРТ КЕТТІ

~ Құрамыстың шама– шарқын білесіз ғой, бір жолға кешірім етсеңіз қайтеді?—деп майдалап келе жатыр еді, Керімбай оның сөзін аяқтатпай, шорт кетті: – Әй, жауырға қонған ала қанат сауысқанша сен неге шықылықтап отырсың? М.Әу. ~ «Құйқалақтауға көнетін уысиқың бұл емес. Алмастай шорт кететін текті пәле ғой, бұл! » – деп түйді. Т.Әл. ~ Саған айтып келемін, ـــ деді әлгі азамат қайталап: ـــ Білмеймін, ـــ деді. Шөке шорт кетіп, азаматтар бір–біріне сұраулы қарасып қояды. Б.Жұм.

Posted in

ШӨГІРДЕЙ ҚАДАЛДЫ

~ Өзінің көз жасына, қалап тапқан қайғы- азапқа, басқа шапқан қара түнекке тұншықты. Тек жүрегінің терең түкпірінде ғана шөгірдей қадалған, бір уытты нәрсе өзгеше тырнай түсті. Т.Рыск.

Posted in

ШОРТ ҚАЙЫРДЫ

~ Бұлардың бәрінің қанжығасына жиырма сомнан байласақ, түлкі түгіл аттың құнынан асып кетпей ме? – дегенге қаратқан жоқ, бересің деп шорт қайырды Орқашқа. Ғ.Біл. ~ Бірақ, ол шалдардың шешендігі менің əкемнің мінезін ғана шеңгелдеріне сыйғыза алмап еді: “бір рет сатылып əрең құтылған Дəмешті, енді оның шешесіне де екінші рет сатқыза алмаймын! – деп шорт қайыратын əкем, – ол əкесінен жастай жетім қалып, көп сорланған бала, енді кімге барса да өзі келісіп, өзі барады. Қ.Шабд.

Posted in

ШӨКЕ ТҮСТІ

Екі тізесін бүгіп, салмағын аяқ ұшына салып, шоқиып отырды. * Сәл абайсыздық істесе болды,жел аударған қаңбақтай ұшып түседі де,не құздан құлайды, не тайғанап барып мұздың жарығына түсіп өледі. Не жығылған жерінен тұра алмай шөке түсіп жатып қалады. Ж.Шәк. // ЖҮРЕЛЕП ОТЫРДЫ Присесть на корточки

Posted in

ШОРТ МАЗАРАТ

* — Осылар дуасын өздерінен аяп жүр ме? Ана таз қожада бала жоқ. Қасымбайдың баласы нақұрыс па, мәжнүн бе, шорт мазарат, әне бір ақсақ қожа ылғи шешесін бақыртып ұрып жатқаны. Қасиетті болса, өздерін неге жарылқамайды? Ж.Айм.

Posted in

ШӨККЕН НАРДАЙ

~ Әр тұста шөккен нардай дөңкиген маяларды тырбанып шанаға тиеп, құрылықтағы мал қораларына тасып жүргендер солар еді. Ә.Асқ. ~ Ғазиз туған жеріне таянғанда бір толқып еді. Енді шөккен нардай болып, Шығыста сұлап жатқан Алатауды көріп, жүрегі сонша алып ұшады. Б.Бұл. ~ Үстіңгі ернінен əжептəуір ұзын астыңғы ернін түйеше салбыратып қойып, тек отыр. Өзі де шөккен нардай. Апауыр. З.Қаб.