Posted in

СОРЫ ҚАЙНАП, СОРПАСЫ ТӨГІЛДІ

Кесірге ұрынды, қасырет иектеді. ~ Не істеу керек? Соры қайнап, сорпасы төгілген қазаққа тағы бір зауал келіпті. Қ.Жұм. ~ – Сен енді бұл жерде отырма. Не көрсең де, сол соры қайнап, сорпасы төгілген елмен бірге көр. Қ.Жұм.

Posted in

СӨЗ АЙТТЫ

Көңіл білдірді, емеурін танытты. * Күнікей Құлагердің баласындай үздік туып, он үшке жетер-жетпестебозбаланың көзін тартып, баласынбай «сөз айтуға» жарап қап еді. Ж.Айм. ~ Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке, Асық болса оны да күйдірмекке, Жұмбақ мысал сықылды бір сөз айтты, Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке. Шәк. Ой-пікірін жеткізді. ~ Тайлақбай сол кезінде жастау бала, Жақсыларға сөз айтты тұра сала: «Құнекем менСүйеке, мынаны өлтір, Бөбең болсын демесең шын масқара». Шәк. ~ Мәстен енем маған қарап: «Енең тәуір адам еді. Өлерінде – бас-көз болыңдар деп кетіп еді. Жастар біздің тілімізді ала ма… Мына келіндердің байын дегеніне көндіріп алып, білгенін істеп тымырайып жүргенін көрмейсің бе?!» – деп бірталай сөз айтты. Б.Майл.

Posted in

СОРЫ ҚАЛЫҢ

Бақытсыз, басынан сор арылмайтын адам хақында. ~ Соры қалың соққы жеген пышанамыз Қайтіп суып, жалғаннан күсе аламыз. Құр дәрімен атқанға өлмейді, Өмірі мақтаншаққа нысанамыз. Абай. ~ Текті (ақырын жылап). Сорлы, шын-ақ сорың қалың, сор маңдай екенсің ғой. Маңайыңда жыламаған жан қалдырмағаның не? Я, құдай, әлде осының қарғысына ұшырадым ба? М.Әу.

Posted in

СӨЗ АҢДЫДЫ

Өсек-аяңға үйір болды; дау-дамайға жақын жүрді, бәле іздеді. * Жасынан сөз аңдып, дәукес болып өскен Бәкір мінезі ұяң, ерінің бетіне ажырайып қарағанды әбес көретін қазақы, сыпайы әйелдің өзіне тиісіп … О.Сәрс. ~ Көрдім бүгін тауды да тозаңды да, Өтіп жатыр мың шындық көз алдымда. Өсекшіге бір тиым жасалмады, Сойқан салған сұмдарға сөз аңдыған. Д.Байт.

Posted in

СОРЫ СОПАҚ АСТАУДАЙ

Жолы ауыр, кесапат-кесірге көп ұрынатын адам туралы. ~ Дастарқанға телміріп тырс етпей қалған жігіттер, жұтынып қойып қылғынып отырған Мешелге бұрылды. Бәрінің көзінде, енең осы болса — сорың сопақ астаудай екен деген күлкі бар еді. Қ.Ысқ.

Posted in

СӨЗ АРАЛАТТЫ

Әр нәрсенің басын шалды. * Күнікей бірталай қипақтап, сөз аралатқан болып отырып, Байманның қатыны бар-жоғын да сұрады. Ж.Айм.

Posted in

СОРЫ СОРПАДАЙ ҚАЙНАДЫ

Соры бес елі, қиындыққа белшеден батты. ~ Сосын амалсыз ыржиған боламын, түрім де жетісіп тұрмағанын сеземін. Аяғымды алшыдан тастап ұзағырақ отыра түскім келеді. Сорымды сорпадай қайнатқан осы сапарға несіне елп ете қалғаныма өкінемін… Ә.Асқ. ~ Қате кетіпті… Бірінші беттің ресми материалынан… Түнде кеш түскен мақала. Тақырыптан… Сауда бітті. Теңселе басып, кете барды. Расында да, сорлары сорпадай қайнапты. М.Қаб. ~ Ондағы қатындардың соры сорпадай қайнайтыны жайлы гу-гу әңгіме басталып кетті. В.Шук.

Posted in

СӨЗ АРАСЫНДА

Орайы келгенде айтыла салған әңгіме туралы. ~ Өзіміз болған соң сөз арасында айтқаным ғой, – деді Қаратай күліп. Д.Ис. ~ Сөз арасында профессор көп жылдардан бері әйелсіз тұратынын да айтып үлгірді. Р.Рай. ~ Айгүл мен Ләзәт Ақжазықтың күллі оқиғасын солар арқылы елден бұрын естіп алады: таңертең бір–бірімен амандасқан сәтте–ақ олар естігендері мен білгендерін бір–біріне лақ еткізіп сөз арасында–ақ ақтара салады. Б.Нұрж.

Posted in

СӨЗ АСТАРЫ

Айтылған сөздің жасырын мағынасы, түпкі ойы. ~ Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз таластырғысы келіп кетіп, ежелгі дәстүр бойынша, айыр тісті, алтын сыммен оралған тобылғы сапты қамшысын алдына тастай салды. І.Ес. * Даналардың ойы қашанда жұмбақ. Олар өздерінің емеуіріні мен сөз астары арқылы адамзаттың ойына мәңгілік ақыл азығын қалдырады. Т.Жұрт. ~ Сөз астарынан оның алымдылығы мен ақылдылығы аңғарылып тұрады. Айта да біледі, айтқанын орындай да біледі. Есім оған сондықтан сенеді. Б.Нұрж.