Posted in

САЛМАҒЫ БАТПАНДАЙ

Өте ауыр. ~ Уақыт текке кетпесін деп Иван Петрович стойканы көтере бастады. Оның әрқайсысының салмағы батпандай, бірден әңгелек аттыра алмайсың. В.Рас. ~ Ажал дегенің айбарлы ұстаз, ол өз парызын орындау үстінде, жақсылықты қолдай ма, әлде жамандықты қолдай ма, әйтеуір қай жақты қолдаса, со жақтың салмағы батпандай басып жүре береді. В.Рас.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБАҚ

Жақтырмағанын, ұнатпайтынын сездірген көңіл. * – Жамағат жиналмасын, мұсылманшылық қарызын ада қылмасын дейсіз бе? Сармолла бұларды тыңдап болып, салқын қабақпен, қысқа, қатаң жауап берді. М.Әу. * Бәкизат басын көтерді. Салқын қабақ астынан сұлық қарады. Ә.Нұрп.

Posted in

САЛМАҒЫ ТҮСТІ

Қиындығын көрді; тізесі батты. * Сүйтіп ендігі зіл салмағы түсетін жер тағы Жігітек. Оның ішінде Қараша, Қаумен айналасы болды. М.Әу. * Ол қатысар шаруа – сауық-сайран емес пе еді?! Бұл арада не жұмысы бар оның дымы кеппеген жас басына, қатпаған бұғанасына ауыр салмақ, ел салмағы түсіп, қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жасып кетсе қайтер ек? Ғ.Біл.

Posted in

ҮСТІНЕН ТҮЙЕ АТТАП ӨТСЕ ДЕ

~ Қайда барады, амалсыз көнген. Апасы марқұм расында да кісі таниды екен. Айша мінезі жайлы, жақсы адам болып жолықты. Үстінен түйе аттап кетсе де қыңқ демес сабырлы. Баласын тауып, қазанын қайнатқаннан басқада ша-руасы жоқ. Т.Сәу.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ

Селқос, суық пейіл байқатты. ~ Оны өткен жолы байқады. Бір кездесуде қасындағыларды «атақ-даңқын» шұбырта таныстырып, өзіне жеткенде жай ғана «ақын» деп өте шығып еді, отырғандар немкетті ғана қол соғып, салқын қабақ танытты. С.Әб. ~ Кеш түсіп, манаурай бастаған қала да бұрынғыдай салқын қабақ танытпайды, көп қабатты үйлер жарыса зорайып, Агбамен бірге еңселерін көтере түседі. А.Смай. ~ – Ал қойғанын суып бара жатса келдік, мінеки, — деп Демежан да салқын қабақ танытты. — «Ханзадаң» не айтып отырған? Қ.Жұм.

Posted in

ҮСТІНЕН ТҮЙЕ ЖҮРСЕ ДЕ

Теріс қарап солқылдап жылап жатқан абысынын Дәмелі аяп кетті. Бәтимадай ажарлы, қолы ұзын, үстінентүйе жүріп жатса мыңқ етпейтін кең адам еді. І.Ес. Барлық жағынан келісті сондай жанды енді кездестірмеспін де. Үстінен түйе жүріп өтсе де сабырынсақтайтын, ашу-ыза деген оған мүлде жат. Сэлиндж. Оның үстіне анасы Мәрзия үстінен түйе жүріп өтсе үндемейтін, қап түбіне еш нәрсе сақтамайтын кеңадам. Кең адамды кім сыйламасын, кең адамға қаңғырған ит те үйірсек. Қ.Ысқ. Талай жиналыс, талай жанжалды басынан кешкен атақты даукес, жалғыз қалса да айтқанынан қайтпайтын, жұдырықтай мықты адам бүгінде үстінен түйе жүрсе де ыңқ етпейтін жуас, момын. З.Шаш.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБАҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Келгеніне қуана қоймағанын байқатты. ~ …Әрдайым көк шұға жапқан үлкен столына екі қолын айқастыра асылып, бұқшиыңқырап отыратын директор Арынды салқын қабақпен қарсы алды. Н.Сер. ~ Бұлар жаққа тіпті назарын да аударғысы келмейді. Өткенде де осылай салқын қабақпен қарсы алған. Ә.Ыб.

Posted in

ҮСТІНЕН ТҮСТІ

1. Дәл келді, уақытында келді; тап болды. * Жүктерін тиеп, бір жаққа көшіп кеткелі жатыр екен. Дәл сол көштің үстінен түстік. Олар қарусыз. (Қ.Бегм. — Ж.Баб.) – Нұртаза бүгін жабағы сойған, аузыңның салымы бар екен, тура жас еттің үстінен түстің. С.Жүніс. Бас амандап Баркөлге, Әліп үкірдай ауылына жеткенде қызылжоса қан, шашылған өлік, ауырқырғыншылықтың үстінен түсті. Ғ. Біләл. 2. Ұстап алды; қолға түсірді, қылмысына куә болды. Абдоллаға «Аттардың көзін құрт» деп, сіз бен бізден жасырын шаптырып жіберген кісісінің үстінен түсті. Ж.Ахм. – Жо-жоқ, о не дегеніңіз! – деді Бахтияр ұрлығының үстінен түскендей қызарақтап. Ішінен «Шіркін,осындайда тартып жіберер жүз грамм болса ғой!» деп ындыны құрып-ақ отырған. – Астан үлкен дәм бар ма! Т.Сәу. 3. Ойын, көңілін дәл тапты; қателеспеді. * Тоқсанның не айтқалы отырғанын тұспалды сөзінен түсіне қалған Құрымсы: Сондағы атағалы отырғаның Есеней ме? – деп сұрады. Үстінен түскен сөздің несін қайталайын, – деді. С.Мұқ. * — Жегжатыңыз әлгі Ситан емес пе? — Үстінен түстің. Қ.Ысқ.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Ықылас танытпады. ~ − Бүгін, Жәмила, тым жүдеусің ғой, бірдеңеге ренжулісің бе, қалай,- деді жайшылықтағы даусын көтермей сөйлейтін әдетімен,- әлде күйеуіңнің операсын көрермендердің салқын қабылдағанына жүдеп отырсың ба? І.Ес. ~ Ғазиз Құлтанович өзгелер тарапынан туындайтын осындай кезексіз кездесулерді жаратпайтын. Майсараны салқын қабылдады. С.См. ~ Не заманда бұлардың да кезегі келді- ау ақыры. Бүгін Ши- амбының ажары келіспей, қабағы қатыңқырап отыр екен. Халдайларды сол түйілген қалпында, салқын қабылдады. Қ.Жұм. ~ Өзбекстан Ресей президенті Владимир Путиннің газ одағы ұсынысын салқын қабылдады. БАҚ.