Posted in

ҮР КЕППЕ

~ Сілтідей Сарыарқаны тыйған тұлпар, Бәйгені бұл аста да «берем» дей ме? Иесі Батыраш бір кеппе кеуде, Үр-көппе, томырық мінез, намыс берме; Осы аста сағы сынып, бағы тайса, Ол өзін дап-дайын тұр «өлдім» деуге. І.Жанс. ~ Соңғы жылдары бұл адамдарда басқа руларды бойларына теңгермейтін үр– кеппе мақтаншақтық, кеуделеріне нан піскен астамшылық байқалатын– ды. Қ.Жұм. ~ Атқа мінерлер топ жиынды оңашада ашып, күзет қоятын болған. Ел ішін кернеп жүретін қау көрік сөздер, ұркеппе желіктер де басылған. Т.Рыск.

Posted in

ҮРІККЕН ҚОЙДАЙ (БОЛДЫ)

Қорыққаннан қатты абыржыды. Екеуіміз үріккен қойдай үрпиісіп балқарағай түбінен шықтық. Ә.Асқ. Ауыл адамдары үріккен қойдай ұйлығып тұр. Оларды Дәуітбайдың сөзі емес, өкіл жігіттің үндемей қалғанышошытты. Т.Әбд. Бала біткен үріккен қойдай едірейісіп Саржанға қарады. Н.Сер. … өзді-өзі мәз болысқан үш жүздің қонағы бір кезде үріккен қойдай дүрлігіп, далаға ұмтылды. С.Жүн.* Ту сыртынан келіп қалған күшті аңғармаған дұшпан қатты састы. Қайда қашудың амалын таба алмай, үріккен қойдай ерсілі-қарсылы дүрлігіп аласұрды. Т.Ахт. — Тағы не сұмдықты бастағалы тұр,— деп әйелдер жағы үрейленіп, қасқырдан үріккен қойдай шоғырланаберді. С.Жүн.

Posted in

ҮР КЕППЕ МАҚТАНШАҚ

~ Соңғы жылдары бұл адамдарда басқа руларды бойларына теңгермейтін үр- кеппе мақтаншақтық, кеуделеріне нан піскен астамшылық байқалатын- ды. Қ.Жұм. ~ Сонымен бірге жайшылықта бұл жаққа ат басын бұра бермейтін өзге рудың адамдарына қыр көрсетіп, естерінен тандырып жіберейік деген үркеппе мақтаншақтық та жоқ емес. Қ.Жұм.

Posted in

ҮРІККЕН ТАЙЛАҚША (ТАНАДАЙ)

* Үйге жылан кіріп келгендей, Ақбілектің жүрегі су ете түсті. Сара Ақбілекке қарай тығылып, көзі бажырайып, үріккен тайлақша ожырая қалды. Ж.Айм. ~ Комиссия жауап сұрап жатыр. Біз тұрған үйге сәйгел қуған сиырдай еліріп, бір кіріп, бір шығып офицерсымақтар жүр. Салдыр-гүлдір етіп жүреді. Кейбіреулерінің қолында қамшы. Кейбіреулерінің қолында шыбық. Үріккен тайлақша жалт-жұлт етеді. С.Сей. * Осы кезде «Ассалаумағалейкүм!» деп, үріккен танадай бір бала кіріп келді. О.Әуб.

Posted in

ҮРГЕН МЕСТЕЙ

Қайкы бел, кәрі жирен үстінде бүгінде үрген местей орасан семірген кілбік көз, қабан желке Бұқабай отыр. Көзі тарс жұмулы. С.Елу. Қоқанда бір ноғай мұғалімі аяғын құбылаға беріп ұйықтап жатқанын көрдік деп, қышлақ сарттары үргенместей көмпиіп, сарттан басқа жанның бәрін қырып жібермекке бел байлап, қолдарына пышақ, балта, шот, кетпен, орақ, арқан, жіп, қанжарларын алып, көшеге сыймай күпілдесіп кетті. С.Сей. Жамал бәйбіше дауыс салды. Екі қолымен бүйірін таянып, үрген местей етжеңді бәйбіше дауыс етіптеңселді. С.Елу. Алдында екі күн бұрын сарттан басқаның бәрін қырамыз деп, үрген местей кеуіп жүрген сарттар«қазақсың» деп, өлтірмек болып бір қинап еді. С.Сей.

Posted in

ҮРІККЕН ТАНАДАЙ ОДЫРАҢДАДЫ

~ Шиыршық атқан Мұқатай танауы желбіреп, үріккен танадай одыраңдайды, қуанған баладай абдырай сөз бастағанда, дуылдаған жұрт тына қалып, өз ықыластарын той бастап жүрген жігіттің ойына бағындырды. Қ.Тол.

Posted in

ҮРГЕН ТОРСЫҚТАЙ

~ Жалаңаш әйелдің сұлуын адам көрмейді екен ғой! Еті уыздай аппақ, білектері, сандары оқтаудай жұп-жұмыр, мойны құйған шамдай, ақ етіне қара шашы салбырап, қос алмасы үрген торсықтай делдиіп тұрғанда, жұтып қойғың келеді екен! Ж.Айм.

Posted in

ҮМІТ ҚУДЫ

~ Арал бай сыр шертсе де, мұң шақпай ер көңілдің дәрменімен бұйығыланбай ащы шындықты арымай көтеріп, ақтарып келе жатқан барын місе ғып, жоғын жоғалтпай көксеп, үміт қуған шаруаны іш тартып қалып еді. Енді өзі сұрақ қойды. С.Смат.

Posted in

ҮМІТІН АҚТАДЫ

~ – Шіркін, келін болса, Зейнептей болсын! – Ханша аузынан тастамайтын еді мұны, үнемі мақтай беретін еді, «Шыңғысқа еріксіз алдырды», десіп еді, үмітін ақтады! – десті. С.Мұқ.~ Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! – деп ағынан ақтарылған болатын. Ал сол жастар үмітті ақтады ма? Ж.Шәк.