Posted in

ҮЗЕҢГІНІҢ КӨЗІНЕН ӨТЕДІ

… кескіндері қалық қара бұжыр, екеуі де кейкі танау, екеуі де сығырайған қыпылық көз, екеуі де тілдерінжылтыңдатып жоғарғы еріндерін сорып отыратын жалақ, екеуі де жатып атар қу, екеуі де үзеңгінің көзінен өтетін жылпос. С.Мұқ.

Posted in

ҰЯТТАН АТТАП КЕТЕ АЛМАДЫ

Әбестікке бармады, ар-намысын сақтап қалды. Түнғатардың халін сұрамақ болып талай оқталған. Бірақ ұяттан аттай алмаған. Бөтен еркектің жайынқалай сұрарсың. Қазақта арың мен намысыңның құлы бол деген бата-тілек бар. Қолдан келгенше ардан аттамауғатырысамын. БАҚ.

Posted in

ҰЯТЫН АТТАДЫ

* Келіншектің қамыққан үні, оның сай-сүйегін сырқыратты; Исахметтер емес мына өзі қорғансыз қыз-келіншектің ұятын аттап жүргендей қатты түңілді. М.Сүн.

Posted in

ҰЯТТАН БЕТІ ДУЫЛДАДЫ

~ Қазір сол сәт есіне түскенде Қайрақ бір түрлі ұяттан беті дуылдай бастады. Өзінен-өзі қысылып ыңғайсызданып кетті. С.Мұр. ~ Марқұм Қазанғаптан бола тұра, болымсыз туған мына бір сілімтікті жаңа ғана құшақтап тұрып егіле жылап, еңкілдегені есіне түсіп, ұяттан беті дуылдап, өзін-өзі аяп кетті. Ш.Айт.

Posted in

ҰЯТЫН ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙДІ

Адамгершілікке жат, ұятқа, ар-намысқа нұқсан келтіретін іске барудан шімірікпеді. Мыс: Біраздан соң күйеу-құдалар аттарына мінді, мал алып кайтатын ауыл адамдары да ұятты шүберекке түйіп, Айшаның шешесі Салиқа мен бәрі аттарына мінді. (С.С.) Без стыда, нахально; БЕЗ ЗАЗРЕНИЯ СОВЕСТИ. СОВЕСТЬ ПОД КАБЛУКОМ, А СТЫД ПОД ПОДОШВОЙ

Posted in

ҰЯТТАН БЕТІ ӨРТЕНДІ (КҮЙДІ)

Қатты ұялып, нарттай боп қызарып кетті. ~ Ұяттан беті өртеніп, салпы етек қатынның шайпау тілі жанына қамшыдай батып, иттей қорланды. С.Елу. ~ Ұяттан беті өртенген, тұла бойын діріл басқан Джиния тынысын ішке тартып, аяқ дыбысы өшкенше тосып тұрды да, баспалдақпен жүгіре басып төмен түсіп кетті. Ч.Пав. ~ Ержігіттің ұяттан беті өртенді. Жалма-жан орнынан атып тұрып, үсті-басын қағындыда… Б.Алд. ~ Сонан қашан әкесі көз жұмғанша, бұл оның бетіне қарай алмай, ұяттан беті күйіп жүрген-ді. Ертедегі қазақтың білмегені бір басына жететін шығар-ау. Ә.Нұрп. ~ Клавкамен сөйлескеннен кейін күні бойы оның ұяттан беті күйіп, әлденеден шошып, аһылаумен болды. В.Рас.

Posted in

ҮДДЕСІНЕ КЕЛДІ

* Пәре үддесіне келгенде әмір бүйірі шықпайтын, назары аш сұрақшыға Мамозы «Абдолла жайын қозғамай-ақ қояйық» деп айта алған жоқ. Ж.Ахм.

Posted in

ҰЯЛЫ БӨРІДЕЙ

* Ағыбай тез ашуланса да, тез қайтты. — Жә, қышымаған жерімді қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара жатырсыңдар? І.Ес.

Posted in

ҰЯЛЫ КӨЗ

Өңі қуқыл тартып, жүдеп қалған ба, қалай? Ұялы көздері бұрынғыдан да қарауытып, тереңдей түскен бе,қалай? Ә.Тар. Төсегіне барып, сылқ құлады. Жүзі бір ағарып, бір бозарды. Ұялы көзге мөлтілдеп жас іркілді. С.Смат.* Қызыл тоқыма костюм мен қара юбка шынында да Айнаштың тал бойына құйып қойғандай жарасымды еді, аппақ мойны, жүзі, ұялы көзі Балымды ылғи да қуантып, бір түрлі еркелетіп тұратын. М.Сүн. — Қалай, қапы кеткен жерің көп пе екен? — деді Рахима күйеуіне, сыны кете бастаған ұялы көзін төнкеріп. Қ.Жұм.

Posted in

ҰШТЫҒЫ ТҮГІЛ, ПҰШТЫҒЫ ДА ЖОҚ

Түгі де жоқ, аты да, заты да жоқ. ~ Ұлағатты ұстаз беделінің бүгінде ұштығы түгіл, пұштығы да жоқ. БАҚ ~ Түзеліс, өзгерістің «ұштығы түгіл, пұштығы жоқ» болып қалыпты. … орнына салынып жатқан жаңасының құрылысынан да шикілік шықса, бұлай демеске лаж жоқ. А.Несіп.