~ Бір кезде қолы жетпес ақ құстай көрінген Ақтоты міне алдында тұр. Қанаты сынып қайырылған, ұясынан жеріген… Енді барар жер, басар тауын білмейді. Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰШАР БАСЫ
Ең биік тұсы. Қарағайдың ұшар басына ғана шоқталып шыққан жасыл инелі бұтақтар қол шатырдың, төбесі сықылды. С.Мұқ. * Сол жағындағысының ұшар басында мүйізі шаңырақтай құлжа тұр. Ә.Кек. Сәл самал желмен тербелген биік тау шөбі, шыршалардың теңселген ұшар басы мен ұшқаттың ұсақжапырақтары қосылып ақырын ғана сыбдырлайды. А.Алт.
ҰСҚЫНЫҢДЫ ҰРАЙЫН
«Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей – Мынау қалпыңмен әкеңнің әйтшуіне әлі әзір жарай қоймассың». Н.Дәу. Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйіргетүскенбісің, ұсқыныңды ұрайын», дей жаздады. Н.Дәу. «Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей – Мынау қалпыңмен әкеңнің әйтшуіне әлі әзір жарай қоймассың». Н.Дәу.
ҰШАРҒА ҚАНАТЫ ЖОҚ (БОЛМАДЫ)
Әлдебірдеңені аңсау, асыға, алабұртып, шыдамсыздана күту туралы. ~ Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді. Туған жер еске түскенде іші-бауыры елжіреn, өртенгендей күйеді. Еліне жетуге ұшарға қанаты болмайды. Ж.Айм. ~ Бөз көйлек, шибарқыт шалбар, бешпет. Көңілі алағаудан бозбала бүгінгі қыз аулында болатын бастаңғыға асығып келеді. Ұшарға қанаты жоқ. Ү.Жәл. ~ Ойпыр- ай, мына ұлдың ұшарға қанаты болмай отыр екен ғой, – деді жеңгем де менің оғаш қимылыма мырс етіп. К.Сег.
ҰСТАҒАННЫҢ ҚОЛЫНДА, ТІСТЕГЕННІҢ АУЗЫНДА (кетті)
Кім-көрінгенге жем болды д.м. Сонда сол отанындағы қасиетті топырақ өз қандастарына да бұйырмай, ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетсе, олар үшін де бұдан асқан қасиет жоқ екендігін естеріңізге салғымыз келеді. Д.Мәсімх. Атадан қалған дәулеттің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне де онша іш жимайтын. Ы.Дәбей. Қайта мал үстіне мал қосылумен келеді. Бірақ сол байлықтың бір кездері ұстағанның қолында, тістегенніңаузында кетеді деп кім ойлаған. О.Көш. Байың оралса, мейлі-ақ. Келмесе етегіңе намаз оқығаныңды көреміз әлі. Жас неме ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетіп қалмасын деп… Өз пайдаңды білмесең, өз обалың өзіңе де… − әйел бұрқылдап-бұрқылдап кете барды. Кетіп қалып, лезде қайта оралып есік ашқан. Н.Дәу. Ол жақта да асулы тамақ, салулы төсек тұрмағаны рас. Өзінің ғана жиған-тергені болмаса, әкесінің бүкілқазынасы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті. О.Бөк.
ҰШАРЫН ЖЕЛ, ҚОНАРЫН САЙ БІЛЕДІ
Басында панасы жоқ, барар жері, басар тауы жоқ адам туралы. «Иә, ағатай, кетпеске амалым жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін бір бейбақпын». Ш.Құм. Сондықтан бүгін – мұнда, ертең – анда, ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақтай төңкеріліп жүре береді. «Бұл да туған жердің бір пұшпағы!» дейді бір қиырдан екінші қиырға қонып жатып. Т.Сәу. Сонымен, інім, үй де жоқ, күй де жоқ, қонарын сай, ұшарын жел білетін қаңбақтай Шұнақ байқұс Тарланкөккемініп Ақсеңгірге тартып кетті. Бар дүние де, мал да, жан да жалғыз ат, жалғыз қоржын. Б.Қыд. ~ қайда барсам да, көзге шыққан сүйелдей, өзімді артық адамдай сезініп, ұшарын жел, қонарын сай білетін ебелектей қорсынып, күйзеліп, өмірден түңіліп жүрген кезімде жолыққан… Ж.Әбд-а.
ҰСТАЙТЫН ЖЕРІ
Ұрымтал тұсы. * Әңгіменің ауаны, әрине, жаңа келе жатқан бастық туралы екені белгілі. Ботабай оны былай да біліп отыр. Білгенде, бұлар адамның ең осал тұсын сөз қылады. Ұстайтын жері сол. Н.Дәутай.
ҰШҚАН ҚҰС, ЖҮГІРГЕН (ЖОРТҚАН) АҢ
Ұшқан құс, жүгірген аң көзге іліксінші! С.Сағ. Бұл өмірге келген әрбір тірі жан, жан-жануар, ұшқан құс, жүгірген аң — бәрі, бәрі тіршілікке қақысы бар емеспе! Ә.Тар. Күзге қарай күріштегі су тартыла бастағанда барша балық қайранда қалып қырылады немесе ұшқан құс,жүгірген аңға жем болады. Б.Тоғ. — Ұшқан құс, жортқан аң, судағы балық һәммәсі һарап болмақ. С.Елу.
ҰСТАРА ТИМЕГЕН
Көптен қырынбаған; сақал-мұрты, шашы өсіп кеткен. Туғалы ұстара тимеген шаштары жөпшенді бүркіттей қоқиып, кейбір шашыранды кекілдері құстыңкөзіндей жылтыраған, моншақтай тосырайған қара көздерін жапқан. Ж.Айм. Жұмамұрат бұған пәлендей қысылған жоқ. Көптен ұстара тимеген сақал-мұртын алақанымен бір сипап,сосын жанындағы жастыққа жантайып, аяқ-қолын емін-еркін созғылады. Қ.Жиен. Араларында көптен ұстара тимеген сақал-мұрттары кірпінің қылтанындай қолайсыз ербиісіп тұрғандарыда бар. С.Ас. Бір сәт ұлын биік ағаш төсекке жатқызды да, қырқынан өлі шықпаған нәрестенің ұстара тимеген қарыншашын қырқып алып, әбдірені олай-бұлай ақтарып, тауып алған батсайының қиындысына тұмаршалап орады. С.Смат.
ҰШҚАРЫ ПІКІР (ОЙ)
Уақыт өте келе Орбұлақ шайқасына қатысты ұшқары пікірлер де бой көрсетті. Оны әркім өз деңгейіндебағалап, халық ерлігінің қадірін түсіруге дейін барды. Б.Тұрғараев. Мұның екеуін де Мартин сыңаржақ, ұшқары пікір деп қостаған жоқ. Дж.Лондон. Құйындай дөңгелене соққан өзінің ұшқары ойын өзі бөліп Нұрлан сөз қозғады. З.Шаш.
