Posted in

ҰТЫМДЫ СӨЗ

~ Мұндайда әрқайсысы өткір сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақы қылықпен, жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу баланы жан- жақты сынап, биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады. Б.Мом.

Posted in

ҰШПАҚҚА ШЫҒАРДЫ (ЖЕТКІЗДІ, ЖЕТТІ)

~ Соншама көп бала асырағанда, ұшпаққа шығарады деп ойлайсыз ба? О.Сәрс. ~ Бұл жеңіс те ойраттың күйеу баласын ұшпаққа жеткізбейді. Әскері аштыққа ұшырап, Құбылайдың қоршауында қалады. Үлкен ағасынан кешу өтінеді. Ол бұл аралықта Атбасыдағы (Атбашы, Ыстықкөлдің жағасы) ордасында бас сауғалайды. Т.Жұрт. ~ Маған бәрінен де жалпақ қайыс белдігі ұнады. Кейін сол белдікті Өскенбай маған сыйлағанда, төбем көкке жетіп, ұшпаққа бір жеткенім-ай! Ш.Мұр. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген төре. Ә.Ізб. ~ Өмі- рімнің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді. «Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», — деп кім ұсынар алдыңнан игілікті. О.Бөк. ~ Қайран қорғасынды арқардың ерулік жеген лағына қор қылғанша, бізбен бірге азамат атысып, азамат асысып рахатләззаттың ұшпағына шықпаған аңғалсың-ау. А.Сүл.

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӘТ

* Аудандық газетке журналистер ылғи да жетпейді; сондай бір ұтырлы сәтті пайдаланып әдебиет пәнінің мұғалімі Ысқақты аудандық партия комитетінің үшінші секретарына кіріп, тілшілікке ұсынып жіберіпті. М.Сүн.

Posted in

ҰШТЫ-КҮЙДІ (ҰШТЫ-КҮЙЛІ) ЖОҒАЛДЫ (ЖОҒАЛЫП КЕТТІ, ЖОҚ)

Оқыстан жоқ болды, зым-зия құрып кетті, қас пен көздің арасында жоқ болды. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Гуртоправ өзін қамшымен бір-екі ұшындырып та алса керек. Солқ-солқ етеді. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ~ Бірақ қанша іздесем де, Ойлекеңнің сол қобызы қолыма түспей, ұшты-күйлі жоғалды. О.Сәрс. ~ Оған жанындай жақсы көретін ұлының ұшты-күйлі жоғалып кетуін естірту оңай болып па? С.Мұқ. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ҰШТЫҒЫ ТҮГІЛ ПҰШТЫҒЫ ДА ЖОҚ

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӨЗ (ЖАУАП)

Ұтымды, дәлелді пікір. ~ Ұтымды сөзге жетпесе, ұтырлы іске өтпесе, бөдене бүрген күй болар. Қылышыңнан қан тамса, ақша беттен әр қашар, ойлаймысың, ей, ханым?! С.См. ~ … ішей әзірленіп келген Нартуғанның аузына ұтырлы сөз түспей, әуелі қара сырнайын қиқылдатып ұзақ отырып алсын. О.Сәрс. ~ От тілді, орақ ауызды ожар қатын жым болды. Осыдан соң кім де болса Ақбөбектен аяғын тарта сөйлейтін болды. Ақбөбектің азулы қатынға қайтарған ұтырлы жауабы Айсұлудың айызын қандырған. Ү.Жәл.

Posted in

ҰТЫРЫ КЕЛСЕ

~ Не дегенмен өзі пысық. Қай-қайдағы жолы жеңіл, жылы-жұмсақ жерлерді тауып алады. Қазіргі кәсібі — мал дайындау. Ұтыры келсе, колхозға экспедитор да бола салады. Б.Тоғ.

Posted in

ҰТЫРЫН ТАПТЫ

Ыңғайын келтірді. ~ Әлде… әлде… енді нар тәуекелдің де, көзсіз ашудың да бітірері шамалы, ұтырын тауып іс қыл дегені ме? Онсыз да бұның шаршы топқа шалқып кіріп жүргені шамалы. Ә.Кек. * Шоферде үн жоқ. Уақытты ұтқысы келгенде ұтырын тауып жолдан жалт бұрылады да, қай жылдан бері суы тартылып таңқылдап кеуіп қалған қайсы бір басаттың, қолтықтың тұзды сор борпылдап бетіне шығып жатқан аппақ ақ шаңдағын бұрқылдатып төтелеп салады. Ә.Нұрп. * Осыдан кейін мен оған қалай айтамын. Сөйтіп сөздің ұтырын таба аямай әлектенудемін. Ш.Айт. ~ Енді бәрі бір жер түбіндегі оның ықпалынсыз мында да үйірге қосылып бүйіріміз шығар түрі жоқ қой. Қашанғы қасқыр шапқанда ғана керек азбан айғырдай босқа азынай береміз? Біз де ұтырын тауып қимылдап көрейік те… Бәлкім, сәті түсер». Ә.Кек.

Posted in

ҰШАН ДАЛА

Ұшы-қиыры жоқ, шексіз-шетсіз созылып жатқан ми дала. Ұшан даланы көкпеңбек су қаптап кетеді. Т.Ахт. Ұшы- қиырсыз ұшан даланың көктемдегі көгілдір көркі көз тойғысыз … З.Қаб. Ол маңға ұшан дала мен хан базардың арасына айда- жылда бір қатынап тұратын қалашылардан басқаешкім соқпаушы еді. Ә.Кек. Арада айлар өтті. Алтайдың ұшар шыңынан ұшан даласына дейін қар бекіді. А.Алт. Көктемде көлдей шалқып жатқан судан көк тиындық пай да көрмейміз. Өзіңіз ойлаңызшы, неге біздер солұшан теңіз мол суды далаға жібереміз? Ә.Әбіш. Мынау ұшан даладағы тіршілік белгісі — жалғыз үйлі ауылдың жалпылдақ отын қайтып сөндіреді… Ә.Кек.

Posted in

ҰШАН ДАРИЯ

~ Сол бауырым бұл күнде Құр салмақпен қалмапты. Ұшан дария ақылы Азаттық ұранды аңдапты. М.Жұм. ~ Батысым — байтақ Украин, Гүлденген бақша гүлімсің. Солтүстік — ұлы мұхитым, Ұшан дария шегімсің. Ж.Жаб.