* "Адам деген жүректің ғана билігіне бағынады екен-ау! Алдамшы уақыт арамыздан ұры мысықтай жүгіріп өткенін қарашы! Бәрі де өзімнен… жіберген қателігім…". Т.Рыск.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰСҚЫНЫҢ ҚҰРҒЫР
Әлдебір іс-қимылы келіспеген кісіге айтылатын жеңіл қарғыстың бір түрі. * Осындайдағы әдеттері бойынша, екеуі мысқылдап "ұсқының құрғыр, түге, жұртты шошытып, түсіне кірейін деп көрінемісің? Ана жаққа кет!" деп, қара лашықтарға қарай, сауындарға қарай айдап салатын. М.Әу. * Берекесін қашырдың, Ұсқының құрғыр, елдің-ай. Бір түйір намаз білмейсің, Сайтан сені жеңді ма-ай? Б.Жолбарысұлы.
ҰРЫ НӨСЕР
* …Күз жаңбырлы басталды. Өліарада аспаннан қоныс таппай, оңды-солды андыздай жүрген бұлттар қоғамдаса келе үнтүнсіз сілбіреп тұрар ұры нөсерге ұласқан. О.Бөк.
ҰСҚЫНЫҢА БОЛАЙЫН
— Сәрсеннен қорқып келмедің бе? Өтірік деші? — Ұсқыныңа болайын… Сүріңе қарасайшы онанда. М.Сүн. О, жүгірмек өңкей… Бар, үйге кіріп сүртін. Анау шашыңды тара… Сені де үлкен, қолқанатым деп жүрмін-ау.Ұсқыныңа болайын. М.Сүн.
ҰРЫ САЙ
Қалтарысы көп, қалың бұталы жыра. Бәйге төбенің бауырындағы Нұрәлінің үйінен жеңіл машинемен шыққан ауыл секратары, Күнес өзенінбойлап, Қонжан көктеулігіне қарай көтерілген май жолмен тоқтаусыз зымыратып, Айдынбай отырған Боранбай сайына әп-сәтте жетіп барды. Өңшең қой тас, қызыл тас, ұры сай, жықпыл-жықпыл, қалтарысы мол жер екен. Т.Рыс. Бұл бір жер науаны, қуыс-қуысы, жасырынбақ тасы, ұры сайы мол Тарбағатай сілемінің шұрайлыпұшпағы-тын. О.Бөк. Сәл бір желпінген кеу-кеу, сол бір мақтаған қау-қаудың құлағына осы орнағаны орнағандай боп көрінген.Бірақ, көп ұзамай көзі жетті: жақсы атақ, абырой, даңқ жүрген жерде ауыл сыртындағы тасасы мол ұры сай жақтан жел солай аунағанда мұңкіп қоя беретін күңірсек иістей бір қолқаңды қабар сасық лақаптар да ілесе жүреді екен. Ә.Кек.
ҰРЫҒА ҚҰРЫҚ БЕРДІ
Қылмыскердің қолтығынан демеді; арам іске қолдау көрсетті. * Оспан болса, Оразбай мен оның айналасындағы ұрыға құрық беріп және сонымен байлық тапқан бірнеше жуан-содырды шет елмен ақылдастырмақ еді. М.Әу. * Құрық бердің ұрыға, Момынды алдың қырыңа, Малсыздарды таптадың, Малдыларды жақтадың. Д. Бабатай.
ҰРЫҒА ҚҰРЫҚ САЛДЫРМАДЫ
Қарақшының бетін қайтарды; малын аман алып қалды. ~ Биеге іш тастаттырмай, жауырдың арқасын сауысқанға шұқытпай, жабағының қоңын қасқырға тарттырмай, ұрыға құрық салдырмай, мынау қыстан жылқыны аман алып шығу Дарқанның мойнында. І.Жанс.
ҰРЫН КЕЛДІ (БАРДЫ)
Қалыңдығына үйленбестен бұрын жасырын бару кәдесі. Осыдан үш күн бұрын Серғазы күйеу жігіт ретінде ұрын келеді. І.Ес. Оның үстіне Қарақойын Қашырлыға ел жайлауға шыққаншақта ұрын келем деп жақында хабар берген. І.Ес. Сен көркемсің, пәксің. Сондықтан болар жарығым, үркексің. Сұлулық пен пәктікке ұмтылып, ұрын келетінсуық қолдан сақтану үшін де Үркектік керек. Р.Мұқ. Жорыққа жиналғандар алдында саны көп жаудан жасқанбай, үрей туғызбай, қызға ұрын бара жатқандай қосқұрдастың осылай ойнақы мінез танытуы … А.Өтег.
ҰРЫН ТҮСТІ
«Хан қызына лайық кәдесін жасап ұрын түсіп әкетсе жөн-ау! Д.Досж. Әйтеуір, мен апасына ұрын түскенде сенің атаңның бұғында тәйтерісі де жоқ болатын. Қ.Ысқ. "Президенттік емдеу орталығында істейтін Әсем бойжеткенге тарт, жылдам", — деді. Нақа ұрын түскелібара жатқан, қайын жұртына асыққан күйеу жігітке ұқсады осы жолым. Д.Досж. — Мен ұрын түскенде апаларың он екіде еді, — деді, Бекетте құлақ бар-ау деп тұрған жоқ, әйтеуір, дейсалды. Қ.Ысқ.
ҰРШЫҚША ИІРІЛДІ
* «Жаназа шығаратын жол менікі», – деп, үстінде ақ матадан тігілген шапаны бар, басына ақ сәлде ораған семіз қазірет жалаңдап, ұршықша иіріліп жүр, өзгеге жол беретін түрі жоқ. Ә.Шәр.
