Posted in

ҰТЫМДЫ СӨЗ

~ Мұндайда әрқайсысы өткір сөзбен, оңтайлы әзілмен, ойнақы қылықпен, жарқын күлкімен көрінгісі келеді ғой. Күйеу баланы жан- жақты сынап, биігін білгісі келгендер жағалай ұтымды сөз айтуға тырысады. Б.Мом.

Posted in

ҰШПАҚҚА ШЫҒАРДЫ (ЖЕТКІЗДІ, ЖЕТТІ)

~ Соншама көп бала асырағанда, ұшпаққа шығарады деп ойлайсыз ба? О.Сәрс. ~ Бұл жеңіс те ойраттың күйеу баласын ұшпаққа жеткізбейді. Әскері аштыққа ұшырап, Құбылайдың қоршауында қалады. Үлкен ағасынан кешу өтінеді. Ол бұл аралықта Атбасыдағы (Атбашы, Ыстықкөлдің жағасы) ордасында бас сауғалайды. Т.Жұрт. ~ Маған бәрінен де жалпақ қайыс белдігі ұнады. Кейін сол белдікті Өскенбай маған сыйлағанда, төбем көкке жетіп, ұшпаққа бір жеткенім-ай! Ш.Мұр. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген төре. Ә.Ізб. ~ Өмі- рімнің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді. «Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», — деп кім ұсынар алдыңнан игілікті. О.Бөк. ~ Қайран қорғасынды арқардың ерулік жеген лағына қор қылғанша, бізбен бірге азамат атысып, азамат асысып рахатләззаттың ұшпағына шықпаған аңғалсың-ау. А.Сүл.

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӘТ

* Аудандық газетке журналистер ылғи да жетпейді; сондай бір ұтырлы сәтті пайдаланып әдебиет пәнінің мұғалімі Ысқақты аудандық партия комитетінің үшінші секретарына кіріп, тілшілікке ұсынып жіберіпті. М.Сүн.

Posted in

ҰШТЫ-КҮЙДІ (ҰШТЫ-КҮЙЛІ) ЖОҒАЛДЫ (ЖОҒАЛЫП КЕТТІ, ЖОҚ)

Оқыстан жоқ болды, зым-зия құрып кетті, қас пен көздің арасында жоқ болды. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Гуртоправ өзін қамшымен бір-екі ұшындырып та алса керек. Солқ-солқ етеді. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ~ Бірақ қанша іздесем де, Ойлекеңнің сол қобызы қолыма түспей, ұшты-күйлі жоғалды. О.Сәрс. ~ Оған жанындай жақсы көретін ұлының ұшты-күйлі жоғалып кетуін естірту оңай болып па? С.Мұқ. ~ Бір күні сол көк сиыр ұшты-күйді жоғалды да кетті. Кешінде Жанымхан жылап-еңіреп жетті үйге. Қ.Ысқ. ~ Айтжан «жазылдым» деп шығып кеткен. Содан бері он күндей уақыт өтті, ұшты-күйді жоқ. Б.Тоғ. ҰШТЫҒЫ ТҮГІЛ ПҰШТЫҒЫ ДА ЖОҚ

Posted in

ҰТЫРЛЫ СӨЗ (ЖАУАП)

Ұтымды, дәлелді пікір. ~ Ұтымды сөзге жетпесе, ұтырлы іске өтпесе, бөдене бүрген күй болар. Қылышыңнан қан тамса, ақша беттен әр қашар, ойлаймысың, ей, ханым?! С.См. ~ … ішей әзірленіп келген Нартуғанның аузына ұтырлы сөз түспей, әуелі қара сырнайын қиқылдатып ұзақ отырып алсын. О.Сәрс. ~ От тілді, орақ ауызды ожар қатын жым болды. Осыдан соң кім де болса Ақбөбектен аяғын тарта сөйлейтін болды. Ақбөбектің азулы қатынға қайтарған ұтырлы жауабы Айсұлудың айызын қандырған. Ү.Жәл.

Posted in

ҰРЫ КЕППЕ ҚАУ БӨРІК

~ Барға береке, жоққа қанағат болар деп түбір сөз айтайын деп отырмын. Пәле басы барымта болса, ұры кеппе қау бөріктің алдын алар қақпаным да осы. С.Смат.

Posted in

ҰРЫСЫ ӨЗ БАСЫНА, ТАҚИЯСЫ ТАЗ БАСЫНА

Әркімге өзінікі д.м. ~ — Қойымызды қырқа алмай жатып… Төлебай торсаңдады. — Ұрысы өз басына, тақиясы таз басына… — Тап осының айтқаны дұрыс, — деді Бұршай. — Ұрыс керегін алақандары қышып жүрсе, өздері барсын. Біздің неміз бар? З.Шүк.

Posted in

ҰРЫ КӨЗ

~ Екі иығына екі кісі мінгендей нық десе де, тізесінің төмен иіліп, сәл кібіртіктей басқаны ұры көзге шалынып қалады. Қ.Түм. ~ Бұған дейін үнемі сыпайы, оқыған, таза жанды, адал тілектегі жастар арасында болып келгендіктен, бір сәт өзіне сұқтана қараған ұры көзді, тікенек сақалды кісілерді көргенде Еркебұлан шошып кетті. І.Ес.

Posted in

ҰСАҚ ЖАНДЫҚ

Үй жануары, мал. Ұсақ жандықтың ашыққаны қандай жаман. Ұлардай шулап, бір- бірінің жүнін жеп, қырып барады. Ү.Жәл. Екі бала ілби басып қора жаққа беттеді. Қалқада қозы-лағы аралас оншақты ұсақ жандық жусап жатқан. Т.Сәу.