Posted in

ҰРЫ КЕППЕ ҚАУ БӨРІК

~ Барға береке, жоққа қанағат болар деп түбір сөз айтайын деп отырмын. Пәле басы барымта болса, ұры кеппе қау бөріктің алдын алар қақпаным да осы. С.Смат.

Posted in

ҰРЫСЫ ӨЗ БАСЫНА, ТАҚИЯСЫ ТАЗ БАСЫНА

Әркімге өзінікі д.м. ~ — Қойымызды қырқа алмай жатып… Төлебай торсаңдады. — Ұрысы өз басына, тақиясы таз басына… — Тап осының айтқаны дұрыс, — деді Бұршай. — Ұрыс керегін алақандары қышып жүрсе, өздері барсын. Біздің неміз бар? З.Шүк.

Posted in

ҰРЫ КӨЗ

~ Екі иығына екі кісі мінгендей нық десе де, тізесінің төмен иіліп, сәл кібіртіктей басқаны ұры көзге шалынып қалады. Қ.Түм. ~ Бұған дейін үнемі сыпайы, оқыған, таза жанды, адал тілектегі жастар арасында болып келгендіктен, бір сәт өзіне сұқтана қараған ұры көзді, тікенек сақалды кісілерді көргенде Еркебұлан шошып кетті. І.Ес.

Posted in

ҰСАҚ ЖАНДЫҚ

Үй жануары, мал. Ұсақ жандықтың ашыққаны қандай жаман. Ұлардай шулап, бір- бірінің жүнін жеп, қырып барады. Ү.Жәл. Екі бала ілби басып қора жаққа беттеді. Қалқада қозы-лағы аралас оншақты ұсақ жандық жусап жатқан. Т.Сәу.

Posted in

ҰРЫ КҮДІК

Көңілде қылаң берген күмән. — Ізет оның жүзіне қорқасоқтай қарады. Сол сәтте кеуілінің біртүкпірінде: “Баяғыны ұмытпаған екен-ау”, —деген ұры күдік жылт ете қалды. Б.Алд. Ой — жүрдек күдік — болжамсыз. Ой қылаң бергенде, ұрымталдан ұры күдік сойыл сілтейді. Майсара тағыда ой иіріміне сүңгіді. С.Смат.

Posted in

ҰСАҚ СЕЗІМ

~ Қиялыма жаста алжасқан Сонда етсеңіз аяушылық, Сыйласаң да тым жастықты… Ал қазір не әкеп жықты Аяғыма? Қай балалық! Ес, жүрегің не дер мұны? Болуды ұсақ сезім құлы? І.Жанс. ~ «Мұның бәрі далбаса, Қайтер едің оған ақыл қонбаса. Қыз ұсақтап кетер ме еді, егер де, Ұсақ сезім жетегнде болмаса». М.Шах.

Posted in

ҰРЫ ҚОЛЫН ИТ ЖАЛАДЫ

~ Енді міне тағы да түк жоқ. Демек бұл ұры қолын ит жалағаны — ебі кеткені, Ендеше бұдан былай не істейтінімді ойлауым керек, Чемоданды лақтырып жібердім. Б.Қыд.

Posted in

ҰРЫ МЫСЫҚТАЙ

* "Адам деген жүректің ғана билігіне бағынады екен-ау! Алдамшы уақыт арамыздан ұры мысықтай жүгіріп өткенін қарашы! Бәрі де өзімнен… жіберген қателігім…". Т.Рыск.

Posted in

ҰСҚЫНЫҢ ҚҰРҒЫР

Әлдебір іс-қимылы келіспеген кісіге айтылатын жеңіл қарғыстың бір түрі. * Осындайдағы әдеттері бойынша, екеуі мысқылдап "ұсқының құрғыр, түге, жұртты шошытып, түсіне кірейін деп көрінемісің? Ана жаққа кет!" деп, қара лашықтарға қарай, сауындарға қарай айдап салатын. М.Әу. * Берекесін қашырдың, Ұсқының құрғыр, елдің-ай. Бір түйір намаз білмейсің, Сайтан сені жеңді ма-ай? Б.Жолбарысұлы.