Әйелдік құмарын қандырды. * Қиыстап қарағанының өзі көтеріліп- басылған көкірегіңді өртеп жібере жаздайды. Қабағы – сұсты, суық. Жасы келсе де, бір ұрғашының желігін басуға мықшеге. Қ.Жиен.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰРТЫ ТОЛЫП АС ЖЕМЕДІ
~ Мынау қызыл қырманның үстінде ұртымыз толып ас жеп жүрген ешкім жоқ. Артық түйір тамағымыздан өтпейді. С.Мұр.
ҰРКЕППЕ ЖЕЛІК
~ Халықтың көңіл шырайы да солғын еді. Атқа мінерлер топ жиынды оңашада ашып, күзет қоятын болған. Ел ішін кернеп жүретін қау көрік сөздер, ұркеппе желіктер де басылған. Т.Рыск
ҰРТЫН АЛЫП, МҰРТЫНА (МҰРТЫН АЛЫП ҰРТЫНА) ЖАЛҒАДЫ
Еппен, қулықпен өз дегеніне қол жеткізді, жоқтан бар жасады. ~ Уай, сол керің ғой! Онда, би, өзің де айтқаныңның шындығына көзімізді жеткізіп жаныңды бер. Әйтпесе, мынауың… — деп Орақбай Жандәулетке қолын сермеді. — Әйтпесе, мынауың ұртын алып мұртына жалғаған неме екен! Итім иланар ма бұған. Тірескен соң сіресіп бағайын. Куәң кім? Бар ма соның? — деп қадала сұрады. С.См. ~ Не десе де, мұртын алып, ұртына жалғап жатқан полиция не деген қас шебер еді?! Қ.Мұқт.
ҰРЛАНДЫ СӨЗ
Плагиат; біреуден көшіріп алған дүние, "жиендік". * Басқарманың» бұрынғы жауабы жоқ, жіберген сөздерім ап-анық, меруерттей басылып шығады. Өзімдікі емес, ұрланды сөз екені есімнен шығып кетеді. Жаным бір кіріп, бір шығып әлденеше оқимын. Әрбір сөз, әрбір қаріп, маған қарап, жымыңдап күлгендей, жылы шырай бергендей болады. Ж.Айм. //ЖИЕНДІК ЖАСАДЫ
ҰРТЫН ТОЛТЫРДЫ
«Оңбаған! »—Зыр қағып жүрген Бақберген жер қатынастарынан келетін өкілдерді де сыртынан сыпыртыпбір боқтайды. Ұртын толтырып және боқтайды. Қ.Жиен. Кісіні қорлау қалай екен, «келімді- кетімді кісілерден ұялсаңшы» деп ұртын толтырып, көзін алартып бірікетеді. Екіншісі де соны қайталайды. Қ.Жиен. Тым-тырыс. Әрекідік әржер-әржерден тұншығып естілетін жартыкеш әуендер. Тірі адам суырылып алғашықпаған соң, тамада айызын қандырып ұртын толтырып бір боқтайды. Қ.Жиен.
ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қылмысы көпке аян болды, әшкереленді. * Мұның бәрін әрине байқатпай істеуге тырысады, әйткенмен мүлдем сезілмей кететін қылмыс болмайды ғой, Қасымбектің де ұрлығы ашылды. Ж.Нәжім.
ҰРТЫНА ҚАН ТОЛДЫ
Ызаға булықты.~ Қарт орманшының ұртына қан толып қалыпты. Алдияр аттан секіріп түсіп, қарт орманшының қолын шешті. Ызаға булыққан қарт орманшы есеңгіреп жатқан месқарынның бірінің үстіне кеудесімен қарақұстай төне кетті. АҚ "Сексеуіл".
ҰРМА ТӨС
~ Күрескенді жығып, көкпар тартса, тақымынан көк серке сөгілмей шықпайтын. Талай ұрма төс, содырсотананың десін қайтарып, жалынын басып жүрген кезі еді. Т.Рыс.
ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫ (ИІРІЛДІ)
Аскан ептілікпен қимылдады. * Адуын жігіттер ат үстінде ұршықтай айланып, гүрс-гүрс ұрысып, ыңқ-ыңқ тыныс алысады. Екі жақтан бірді-екілі жігіт аттарынан аударылып түсіп қалған. Бірінің басы жарылып, бірінің қолы сынғандар әр жерде қарауыта томпаяды. К.Сегізб. ~ Әй, істер-ау; пәленің қайсысы болса да қажылардан шығар-ау. Неткен қатал ит еді өзі. Азар болса, жас әйелдің аяғын ауыса басқан бір кезінің үстінен түскен шығар. І.Жан.
