Posted in

ЫҢЫРШАҒЫ АЙНАЛҒАН

Әбден болдырып, шаршап-шалдыққан; арық, көтерем. Бекбергеннің бастауымен көп өзінің қаулысын шығарып, тиісті орындарына беріп отырды. Төртіншідегіыңыршағы айналған кедей біздің ауыл. Біздің ауылға өмірде шыр біткен емес. Б.Майл. Мал арық. Итеріп қалса, құлағалы тұрған, ыңыршағы айналған, кілең дерлік көтерем. Қыстан қысылып,жүдеп шықса, әлі көкке тойып қоңаймаса, арық болмай, қайтеді? Б.Соқ. Қоңыр сиыр жолдың жиегінде шөп шалып жүр. Ыңыршығы айналған кәрі мөшке, көшке жарамайтыны анықеді. З.Шүк.

Posted in

ЫПЫНЫ КЕТТІ

Бұл көшу — көшу емес, көтергенді қолға алып үй-орман, жиған-тергенді айдалаға тастап босу еді. Ыпындары кеткен кәрі-құртаң, аш-жалаңаш бала-шағаның кеспірлері нашар. С.Елу. — Дәурен қатты ауырып қалыпты. Айтпады демесін деп звандап тұрмын, дейді. Сорлы бала, — депжайнап отырған Саттардың лезде ыпыны кетіп қалды. Қ.Түм.

Posted in

ЫПЫНЫ КЕТТІ (ҚАШТЫ)

Сорлы бала, — деп жайнап отырған Саттардың лезде ыпыны кетіп қалды. Қ.Түм. Міне, бүгін ақтық азық таба алмағандарына үшінші күн, іші» қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлімсағатын күткендей ыпыны кетіп отыр… Б.Май.* Енді де сол Исахан аузымен орақ орып отыр деп ойлады. Дегенмен, ыпыны қашқан ағайынның көңілін жыққысы келмей: – Сенен шығады, шығады! – деп сүйсінгенсіді. Т.Әлім.

Posted in

ЫНТЫҚ ҚЫЛДЫ

* Жұмыр сандал ағашынан түзу шабылғандай тоқ балтыры да шілденің шіліңгірінде тотығыңқырапты, енді бірөңкей шоколад түспен жанарды еріксіз сүйреп, тамаққа кілегей түйін тірелте арбап, сұқтандыра ынтық қылады сырт көздерді. Ж.Шағ.

Posted in

ЫҢҒАЙ КӨРСЕТПЕДІ

* Қанат анау шұбар таяқты ұстатқаннан кейін үйіне анда-санда ғана барып-кетіп жүр, тоқырамайды, әкесімен де, Айкүміс пен де сөйлеспейді. Әлгі вокзал басында да әкесіне ыңғай көрсеткен жоқ. Ғ.Слан.

Posted in

ЫҢҒАЙ ТАНЫТТЫ

Жүзімен, қабағымен яки ишарамен ниетін білдірді; түпкі ойынан хабар берді. * Келе-келе осы өздері шығарған өтірікке өздері иланып кетті. Естіген жұрт сенбесе де көңілге қарап, нанған, көнген ыңғай танытты. Ж.Нәжім. // СЫҢАЙЫ БАЙҚАЛДЫ

Posted in

ЫҢҒАЙ ТАНЫТТЫ (БЕРДІ)

Жүзімен, қас-қабағымен ішкі ойын, пиғылын білдірді. ~ Келе-келе осы өздері шығарған өтірікке өздері иланып кетті. Естіген жұрт сенбесе де көңілге қарап, нанған, көнген ыңғай танытты. Ж.Нәж. ~ «Інген ыңғай бермесе, буыршын бұйдасын үзбейді» – міне, осындай астарында мән- мағынасы бар, қазақтың керемет мақалдары көп. Ж.Баб.

Posted in

ЫҢҒАЙЫ (ОРНЫ, ЖӨНІ, РЕТІ) КЕЛГЕНДЕ

Сәті түскенде. Колхоз бастығының темір жәшігінен бірнеше «қара қағазды» көрген. Екі жылдан бері жатыр дейді кейбірі.Үмітін малданып жүрген бейшараларды аяп, ха¬барлауға ешкімнің батылы бармапты. Кейін бір ыңғайы келгенде көрерміз дейді. Т.Сәук. Зарина шошыған түр көрсетпейді. Күлімдеуі одан бетер сүйкімдене түседі. Және бір ыңғайы келгендесыбырлап: Сауық кештің соңынан азырақ қыдырайық, — дедім. Зағипа кешіге берді. Қалайша шықпас екен ә? Б.Соқп. ПРИ (УДОБНОМ) СЛУЧАЕ

Posted in

ЫҢҒАЙЫН ТАППАДЫ

Әсет қиналып, нендей ақыл-кеңес айтардың ыңғайын таппады. Сонда да сыпайы сөзбен жебеді. Қ.Тол. Сиғаттың жұмсақ жымиысынан Бекет разылықтың да, наразылықтың да ыңғайын таппады. Қ.Ысқ.* Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Залдан шығып кетудің де ыңғайын таппады. Ә.Тар.