Әбден болдырып, шаршап-шалдыққан; арық, көтерем. Бекбергеннің бастауымен көп өзінің қаулысын шығарып, тиісті орындарына беріп отырды. Төртіншідегіыңыршағы айналған кедей біздің ауыл. Біздің ауылға өмірде шыр біткен емес. Б.Майл. Мал арық. Итеріп қалса, құлағалы тұрған, ыңыршағы айналған, кілең дерлік көтерем. Қыстан қысылып,жүдеп шықса, әлі көкке тойып қоңаймаса, арық болмай, қайтеді? Б.Соқ. Қоңыр сиыр жолдың жиегінде шөп шалып жүр. Ыңыршығы айналған кәрі мөшке, көшке жарамайтыны анықеді. З.Шүк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫПЫНЫ КЕТТІ
Бұл көшу — көшу емес, көтергенді қолға алып үй-орман, жиған-тергенді айдалаға тастап босу еді. Ыпындары кеткен кәрі-құртаң, аш-жалаңаш бала-шағаның кеспірлері нашар. С.Елу. — Дәурен қатты ауырып қалыпты. Айтпады демесін деп звандап тұрмын, дейді. Сорлы бала, — депжайнап отырған Саттардың лезде ыпыны кетіп қалды. Қ.Түм.
ЫПЫНЫ КЕТТІ (ҚАШТЫ)
Сорлы бала, — деп жайнап отырған Саттардың лезде ыпыны кетіп қалды. Қ.Түм. Міне, бүгін ақтық азық таба алмағандарына үшінші күн, іші» қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлімсағатын күткендей ыпыны кетіп отыр… Б.Май.* Енді де сол Исахан аузымен орақ орып отыр деп ойлады. Дегенмен, ыпыны қашқан ағайынның көңілін жыққысы келмей: – Сенен шығады, шығады! – деп сүйсінгенсіді. Т.Әлім.
ЫРҒЫНҒА БАТТЫ (КЕНЕЛДІ)
Мол пайдаға, қыруар олжаға кез болды. * Ол орыс солдаттары ағаштарды жинатып алып, орман қорушыға білдіртпей ағаш алушыларға жасырын сатып ырғынға батып жүргенін есіне алды. Б.Жұм.
ЫРЖАҢ ҚАҚТЫ
* Жап-жаңа ыржаң қаға күліп келе жатқан құрбысының кенет жын қаққандай өзгеріп, жылап қоя бергеніне таң қалмасқа Құмырсқада амал қалмаған. Ш.Құм.
ЫРҚЫНА ЖІБЕРМЕДІ
СИН: ЫРҚЫНА ҚОЙМАДЫ; ЫРҚЫНА ЖЫҚТЫ Уысында ұстады, бетімен кетірмеді, айтқанын істетті, дегеніне көндірді.
ЫРҚЫНА КӨНБЕДІ
Айтқанға болмады, текетіресті, қырсықты. Анығында, көп заманнан бері партия бәлені өзі басқарып жүрген Оразбай бұрынғы болыстардың ырқынакөнбейтін. М.Әу. Осыдан соң Көксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ереалмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды. М.Әу. … қарсы алдындағы бұдан былай ырқына көнбейтін қиқар жігіттің қатыгез жүзіне мелшие қалыпты. Ә.Кек.* Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге оның құлқы соға қалды. С.Мұқ.
ЫРҚЫНА КӨНДІ
Біреудің айтқанымен, ыңғайымен жүріп-тұрды; ықпалында шыға алмады. * Қолының жұмсақ сыртымен көз жасын сүртіп, әтір иісі шыққан құлақ түбінен сүйді. Рәзия ырқына көніп, ақ білегін мойнына артты. М.Сүн. СИН: ЫРҚЫНАН ШЫҚПАДЫ; ЫРҚЫНДА (ЫРҚЫМЕН ) ЖҮРДІ. ПОД ВЛИЯНИЕМ (БЫТЬ)
ЫРҚЫНА КӨНДІРДІ
Ханым жан-жағынан анталай қараған көп жанардан қаймығып, қанша қымтанып бақса да, жан-жағынанжапатармағай созылған кәп қол бәрібір өз ырықтарына көндіретін. Алабұртқан албырт тәні жұп-жұмсақ аялы қолдар тигенде бір түрлі байыз тауып қалатын. Ә.К. Ұйқысыз өткен түн өз ырқына ақыры көндірді; қабағы ауыр тартып, көзі ілініп кете берді. М.Сүн.
ЫРҚЫНАН АЙРЫЛДЫ
Өзіне өзі ие бола алмай қалды. * Қайық қалағындай алақан қызуы өрімдей әйел тұла бойын қалтыратып жібергені сондай, ырқынан айрылғандай со сәт; ол да жай таппай, әлдебір сезімдер бойын кернеп, аш белден қыса, қалың қорысқа уыз өңді келіншекті тартқылай берген. «Қайным! Қой әрі» – десе де қылықты дауыспен мекірене, көнген… Ш.Құм.
