Posted in

ЫНТАСЫН ҚҰРТТЫ

* Толықсып, толқып, бір басылып, бір серпіліп, тамағынан төсіне құлаған сайын ақшулан тартып, шапақ шашып тұратын омырауы тыныстағанда ыммен сөйлеп тұрғандай ынтаңды құртады. Б.Нұрж.

Posted in

ЫНТЫҒЫ АРТТЫ

~ … еркек атаулы әйел тәніндегі Тәңір ие “тартуын” осы күнге дейін тәрк еткен емес, керісінше, көргенше ындыны кебеді, көрген соң ынтығы артады!.. И.Сап.

Posted in

ЫНТЫҒЫ ҚҰРЫДЫ

* Мен әйеліме Ялтаға баралық дедім! Жоқ, үйге барамын деп болмады. Барсақ, баралық, соншама ынтығың құрып тұрса дедім. Өзім әмәнда Ялтада демаламын. В.Шук.

Posted in

ЫНДЫНЫ БІТЕЛДІ

Тойынды. * Әмірші ойда жоқта тауып алған мынандай оқыс жаңалығына, манадан бері жанын жегідей жеп отырған әлеке сауалдың ындыны тап бұлай оңай бітелгеніне қуанарын да, қынжыларын да біле алмады. Қ.Ысқ.

Posted in

ЫНДЫНЫ ЖАМАН

Тойымсыз, ашқарақ, обыр, жебір. Іргені тепкілеген жауын мен Мешелдің үй селкілдеткен қорылы ми шайқайды. Май құйрықтан ыңқитып біртепкісі келді. "Ындыны жаман ит! Қарын кептеуден басқа қайсысы бар ма екен осының?!". Қ.Ысқ. Қартқожа көгалда отырған ақсақалдарға бұрылды. Қожа, молда, мешкей, ындыны жаман неше түрлі сұқиған,сімтік шалдар жемтікке үймелеген қарға, құзғындай осы топта екен. Ж.Айм.

Posted in

ЫНДЫНЫ КЕПТІ

Шөлдеді; қатты сусап, қаталады. Апыр-ай, бұл жарықтықтар да адам секілді ындыны кеуіп өліп бара жатқанда тұщы су исін жер түбіненсезетіні-ау! Ә.Нұрп. — Ғашығым! … Жаным! — деп, қабан желке Бұқабай Нарқызды ұмар-жұмар бауырына басып мойыннан,алқымнан өліп-өшіп сүйе бастады. Шөлдеп ындыны кеуіп қалғандай. С.Елуб. ~ … еркек атаулы әйел тәніндегі Тәңір ие “тартуын” осы күнге дейін тәрк еткен емес, керісінше, көргенше ындыны кебеді, көрген соң ынтығы артады!.. И.Сап. СИН: ЫНДЫНЫ ҚҰРЫДЫ

Posted in

ЫНДЫНЫ ҚАНБАС

Тойынбады; қанағаты жоқ, ашқарақ, обыр адам туралы. * Астам өкімет, артық қатыгездік түгілі орынсыз сахилықтың өзі күпірлік. Барша күпірліктің ар жағында ындыны қанбас тойымсыз құштарлық жататын. Мақтан сүйгіштік, ләззат құмарлық, бақ құмарлық – бәрінің атасы бір. Ә.К.

Posted in

ЫНДЫНЫ ҚҰРЫДЫ

1. Ашқарақтанды; шөлдеді; қатты сусап, қаталады.. * Жылқы аңырайып тыраңдап жатпайды. Малдың ындыны құрып барады, «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Ж.Айм. 2. әлденеге құмартты, қызықты, аңсары ауды. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ

Posted in

ЫНДЫНЫН ЖАПТЫ

~ «Қонақтардың» құрыған ындынын жабуға қызметшілері міндетті. Әсіресе олар уыстарына байлардың, үлкен бастықтардың балаларын түсіргенді қалайды. Ә.Ыб.