Posted in

ШЕК КЕЛТІРМЕДІ

Кәміл сенді, күмәні қалмады.~ Елдің бәрі Бектемірдің адалдығына шек келтірмейді. Бірақ біздің қол қысқа. Кімге бара аламыз. С.См. ~ Ол тәтті ойға шомған күйде, ағасы келген соң не істеп, не қоятынын тегіс тізбелеп айтып шықты. Оның сөзіне қарап мен ағасының жуықтағы күндердің бірінде қайтатынына титтей де шек келтіргем жоқ. С.Мұр. ~ Мен Михаил Ивановичтың осы бір сөзіне әбден сеніп алған едім, сондықтан да әкемнің амандығына да, өзіміздің апат құшағынан құтылатындығымызға да бұдан былай ешбір шек келтірмедім… Ә.Сәр.

Posted in

ШЕКЕСІ ТОРСЫҚТАЙ ҰЛ (ТАПТЫ, ТУДЫ, СҮЙДІ)

* Сен еңкейіп, етегін сүй аруақты бабаңның. Сосын елге орал. Арада тоғыз ай, тоғыз күн өткенде арманыңа жетесің. Шекесі торсықтай ұл, аймаңдай қыз сүйесің". С.Дос. * Шөкенің дуалы аузына құдай салып, бесінші жылы нүркен шекесі торсықтай ұл тапты. Б.Жұм. * Осылайша патшайымды өзіне әйел болуға көндіреді. Патшайым айы-күні жетіп шекесі торсықтай ұл туады. Т.Әсем.

Posted in

ШЕКЕ ТЫРЫСТЫРДЫ

* Сол құлық-қылықтардан қайнап шығатын қулық-сұмдықтары да жетіп-артылар. Содан да барып, ұлыс билігінің ұшар биігіндегілерде шіреністер бөлек, шеке тырыстырулар ерек екенін ескермек те керек…» М.Бай.

Posted in

ШЕКЕСІ ШЕРУЕН АТТЫ

1. Қарқ болды, рахаттанды. * Алған пенсияң бір ай бойы қара нанды қара суға шылап жеуге жетсе, шекең шеруен атқаны. Т.Сәук. * Олардың біз ешқайда кете алмайтынын білдік, бірақ дәп қазір солардың артына түсіп қуа жөнелу нақ сол бір шақта еренді, құлаққа ілер әрекет болғанмен, шешімін таба қояр, шеруен атар іс емес-ті. Б.Қыдырб. * Біздің подъезде шекесі шеруен атып тұрғандар шамалы. Көбі жалғыз- жарым, кәрі-құртаңдар. Әсіресе, үшінші қабаттағы қазақ кемпірінің халі кісі аяғандай. Т.Сәук. Жетісті. * Иә, опық жейтін жайлары көп-ақ. Осы келген көген көздердің қайсы бірінің шекесі шеруен атып тұр дейсің. Көбі “жетім бұрышты” сағалап, көрінгеннің босағасында жаутаң көз болып жүргендер. Т.Сәу.

Posted in

ШЕКЕГЕ ТИДІ

* —Ет жоқ қой, шырағым. Сүт қатып, күріш ботқа жасап берейін, жейсің бе? — Палау, күріш көже, ботқа… Осы бір күріш-ақ. Әбден шекеме тиді ғой!—деп аузымды бұртиттым. Т.Берд.

Posted in

ШЕКЕДЕН ҚАРАДЫ

* Ех, шіркін! Бұндайда үстіңдегі киімдерің инеден қазір ғана шыққан жаңа киімдер болса. Мына сумұрындарға «жоламаңдар, киімді былғайсыңдар» дегендей шекеңнен қарап тұрсаң. Б.Соқ. Менсінбеді. * Этностар шоғырлана орналасқан елдімекендерде бай ұлыстар кедейлеу тұрғылықты халыққа шекеден қарайтыны құпия емес. БАҚ.

Posted in

ШЕКЕДЕН ШЕРТІП ЖҮРІП ТАҢДАДЫ

Асықпай таңдады. * «Қаланың қу аяғын қайтесің, өзім осы төңіректен уылжып тұрған бір қызды шекеден шертіп жүріп, таңдап беремін». М.Қабанб. * сырт панасына апасы мен жездесі де жарайды, өзі өлгенше киініп — ішінуіне, өзі тығып ұстайтын алтын — күмістері мен асыл тастарының артығы да жетеді… Ендеше, күйеуді шекеден шертіп жүріп таңдау керек… С.Мұқ.

Posted in

ШЕКЕДЕН ШЕРТПЕДІ

* – Әй, келін. Орағыңа шақтап тоқы. Оның қолы балғадай, басқалардікіндей емес екенін өзің білесің ғой. Әй, бірақ білетін де мезгілің болған жоқ- ау. Орақ бірер рет өзіңді жұдырықтағанда білер едің. Алда айналайын- ай, шекеңнен шертпеуші еді ғой. Шақтап тоқы соған! — дейтін. Ш.Мұрт.

Posted in

ШЕКЕДЕН ШЕРТТІ

* Апасы жағынан «Жоламанның үйіндегі келін» де алыс емес сияқты. Қысқасы, ол үйде бұны шекеден шертіп, шөміштің басы нан қағатын ешкім жоқ боп шықты. Д.Әш.