Posted in
САБЫРҒА БОЙ АЛДЫРДЫ
Ашуын, қобалжуын басты. ~ Уәжге Бөкпенбайдың әйелі жүйріктік жасады. — Тәйт әрі!  Әкіреңдеме!  Қонақтар ел жата
аттанып кеткен. Сойқан сап кететінін біз қайдан білеміз?.. Уәж орынды шықты. Кәден тасыған қаны суынып, сабырға бой
алдырды. Т.Әл.
Posted in
САБЫР ТІЛЕДІ
Шыдам танытуға шақырды. ~ Шыңғыс ханға құлан теуіп өлтірген баласы Жошының өлімін күй арқылы естіртіп, күй арқылы
көңіл айтып, сабыр тілеген. Ж.Баб. ~ Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына
сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты. БАҚ.

Posted in
 
САБЫР ТАПТЫ
Тынышталды; сабасына түсті. ~ Сонымен Майбасарлардың алқынын басып:  – Өрекпімей тұра тұр! Қараша қайда барып құтылушы еді! Ең әуелі сабыр тап! — деді де, Жігітек ішіне қайта іске жіберді. Жөнелткені Жұмабай. М.Әу. ~ Ішім өртеніп үйде отыра алмадым, сабыр тауып далада жүре алмадым. Атқа мінсем, жерге түскім келеді, жерге түссем, көкке ұшқым келеді. М.Мағ. ~ Жаңа ғана бой түзеп, зәулімдене бастаған сұлудың көркі қанша қызықтырса да, Айқын сабыр тапты. Ә.Әл.
Posted in
 
САБЫР ТАППАДЫ
Әлденеге қобалжып, тыным көрмеді. ~ Злихадан бетер үйіне жетуге өзі асықты.  Төрт айдан бері күні– түні жылаумен келе жатқан жетімдерді қуантқанша, Сарымсақтың жаны сабыр таппай келеді. Б.Майл.  ~ Сейілбек тұңғыш оқушысының хикая турасындағы берер бағасын білгенше сабыр таппай: ─ Жақсысын құптарсың, ұнамаған жерлерін сынай бер, ұялма, – деді. С.Ом. ~ …үскірік аяз жанын қоярға жер таптырмай қос жұдырықпен кеудесін, санын сабалап зыр-зыр қағып жүр екен; оқта-текте бұған соғады; соққан сайын бұған қимылда, қозғал, жүгіріп ал дейді де, тақат, сабыр таппай безектеп жүгіріп ала жөнеледі; жоқ, бұл емес; сонда кім? Ә.Нұрп.
Posted in
САБЫР СУЫН ЖИНАДЫ (ҚАУҒАЛАДЫ, СЕПТІ)
Саябыр тапты, тынышталды. ~ Сөйлетсеңдерші-ей, естиік! — деді тағы біреу. Қобырап, даурығып кеткендер сабыр суын жинап, саябырсыды. Облыстан келген жаяу өкіл сасып, салбырамады, қайта кергіп, тамағын кенеп-қырнап, жөткерініп, дауысын бекемірек шығарды. Б.Қыд.~ Сабыр суын қауғалап, әліптің артын бағып жатып алуға директор дес бермесі және белгілі еді. Ә.Асқ. ~ Ерiн ойлады, енесi есіне оралды. Лықсып, лықсып кеп қалған алау сезiмнiң шарпуына сабыр суын сеуiп, байыздады. Ә.Ыб.
Posted in
САБЫР САҚТАДЫ
Ұстамдылық танытты. ~ Жолдастар, жолдастар, сабыр сақтайық, Орманов жолдас айтарын айтсын, сонан кейін қорытынды жасармыз. С.См. ~ Дастарқан басында анасы Зерліқан сабыр сақтап, бəйбішелік танытып отырды. С.Досж. ~ Сондықтан сабыр сақтап: — Подполковник мырза, бұл әйелге шара қолдану керек, жол жүру тәртібін өрескел бұзды, — дедім. Ғ.Қаб.
Posted in
САБЫР САҚТАДЫ
Ұстамдылық танытты. ~ Жолдастар, жолдастар, сабыр сақтайық, Орманов жолдас айтарын айтсын, сонан кейін қорытынды жасармыз. С.См. ~ Дастарқан басында анасы Зерліқан сабыр сақтап, бəйбішелік танытып отырды. С.Досж. ~ Сондықтан сабыр сақтап: — Подполковник мырза, бұл әйелге шара қолдану керек, жол жүру тәртібін өрескел бұзды, — дедім. Ғ.Қаб.
Posted in
САБЫР ЕТ (ҚЫЛ)
Ашуыңды бас, тыныштал. ~ Әзиевке қарап әлдене деп ымдағандай болды. Әзиев те сабыр ет дегендей ымдады. Жанай
орнынан тұрып киіне бастады. С.Мұр. ~ Сабыр ет, Гүлбаршын!—деді Алпамыс. — Сабыр ет! Жазмыштан озмыш жоқ. Ақ бата
қосқан өзіңдей қосағымды қалмаққа қор қылып, жер басып жүрмей-ақ қояйын. А.Сей. ~ Басыбар. Бабаңның қатқан басы!
Адыра қал сөзіңмен, құрттың ғой, қу Жарас, жоғал арман көзімнен! Жарас. Сап–сап, батыр, сабыр қыл, бар көргенің өзіңнен!
М.Әу.
Posted in
 
САБЫР АЙЛАДЫ
Сабыр сақтады. ~ Хош. Біраз жерге бардық. Осымен сабыр айлайық. М.Мағ. ~ Ішім өртеніп үйде отыра алмадым, сабыр
тауып далада жүре алмадым. Атқа мінсем, жерге түскім келеді, жерге түссем, көкке ұшқым келеді. М.Мағ. ~ Ол шiркiн
кәзiрде де сап етiп оралып, кеуiлiн торлап алақойды. Шындығында, сабыр айласаң, бақ үрiкпейдi. Б.Алд.
Posted in
САБЫНДАЙ БҰЗЫЛДЫ
Ойынан айнып кетті; оқыс өзгерді. ~ Сардар Тайманға қолын бір-ақ сілтеп, осы айтыстан кейін жөндеп сөйлеспей қойды.
Екеуінің арасы сабындай бұзылды. З.Қаб. ~ Сабын былғау кезінде іске байланысты ғана сөз сөйленеді де, артық қылжақ,
күлкі о бастан тыйылады. …Сабын біресе қойылып, бірісе сұйылып, тағы да жүнденіп, ақыры ірігендей бұзылды. «Сабындай
бұзылды» деген тіркес осындайдан қалған-ды, шырағым. Б.Қыд. ~ «Осы жолы Баянаулаға да барсам ба, деген ойым бар еді,
сабындай бұзылдым. Қарқаралыны, Шайтанкөлді көргім келеді. Кент тауы да есімді алады. Мұның бәрі көкейімде жүрген
болашақ фильм түсірілетін чудо жерлер ғой», – деді. И.Жақ. ~ Қорғанбайдың қызын көргенде, Қабан болыс сабындай
бұзылды. Шоқпыттың ішіндегі сұлуды бұл да айнытпай таныды. C.См. ~ Содан бері ұрғашы жұртынан жүрек шайлығып, көңіл
қаймыққан сияқты еді. Енді, мінеки, Алтайға келіп ашық күнде сабындай бұзылуымды қарашы?! Ә.Асқ.