Posted in

ШЕКЕСІ ТОРСЫҚТАЙ ҰЛ (ТАПТЫ, ТУДЫ, СҮЙДІ)

* Сен еңкейіп, етегін сүй аруақты бабаңның. Сосын елге орал. Арада тоғыз ай, тоғыз күн өткенде арманыңа жетесің. Шекесі торсықтай ұл, аймаңдай қыз сүйесің". С.Дос. * Шөкенің дуалы аузына құдай салып, бесінші жылы нүркен шекесі торсықтай ұл тапты. Б.Жұм. * Осылайша патшайымды өзіне әйел болуға көндіреді. Патшайым айы-күні жетіп шекесі торсықтай ұл туады. Т.Әсем.

Posted in

ШАШЫН ЖАЙДЫ

Салт бойынша, қаралы әйелдің қайғы үстінде жасайтын әрекеті. * Бейшара Айша ат беліне түсетін бұрымын тарқатып, қалың қолаң шашын жайып жіберіп, қызыл шырайлы, ай дидарлы бетіне тырнақ салып, жыртып жіберіп, қанатқанда, мен оның бетін сүртіп тұрыппын. Бірақ бедірейіп, көзімнен жас шықпапты. Ш.Мұрт. * Тоқаш жалт қарап, шашын жайып жіберген, жынданған тәрізді Бикенді соңғы рет көріп қалды… Б.Тоғ.

Posted in

ШАШЫН ЖҰЛДЫ

~ Алдияр, қадірлі ата, еркің білсін, Егескен ершігешке балаң күлсін. Садаға ажарыңнан кетірейік, Өртеніп өкінгеннен шашын жұлсын. М.Әу. ~ Оқу ісінің меңгерушісі қайыстай боп қатып қалған тастай берік кәрі қыз Күләй Ормановтың сабағына кірген екен, басын ұстап, шашын жұлып, ойбайлап шығыпты. Ә.Тар. ~ Ақсақал,- деді ол,- председатель Тінәлиевке айтыңыз, өзі кеп көріп кетсін. Мұнда үш түйір соқамен ештеңе бітпейді. Берген тапсырма орындалмайды… Шекіш шал қайтуші еді, тұра қап шашын жұла бастады. Колхозда ақылды бригадирдің де айдарынан жел есіп жүрмейтінін Сұлтанмұрат сонда түсінді. Ш.Айт.

Posted in

ШАШ ЕТЕКТЕН (ЕТЕК)

Молынан; ҚИСАПСЫЗ КӨП. * Жаз жимай қыс азығын жатушы едің, Арзанға қымбатыңды сатушы едің. Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң, Борышқа шаш етектен батушы едің. М.Дулат * Былтырдан бері отыз отар қойға машинамен тасыған суды есептеп қараса — шығын шаш-етектен! Б.Тоғ. * – Қазинесі кең Құдай, пендесіне берейін десе ризығы шаш етектен ғой. Көктен тілегеніңді жерден беріп қораң ешкіге толып шыға келгенін қайтерсің,– деді де, Сары Шая үйіне кетті. Ә.Нұрп. * Егерде коллекциялық нәрсе болмаса, егерде бір байдың үйінен немесе мұражайдан ұрланып іздеуде жүрген нәрсе болмаса, онда шаш етектен байыдың, бала. Т.Әсемқ. * Көпжасардың арақкештігіне күлетіндерден көрі, ішуді құптайтындар шаш етектен болатынына Қанаттың көзі жетеді. Т.Рыс. * Ол үшін бүркеніп тұрып жатуы керек. Оған жағдай қайда, осы үйдің кәкір-шүкір шаруасы шаш-етектен. М.Сүн. Ас та төк, мол. * Бұл лақапқа бей сеніп, Шамды Мәкканың ғұлама молаларына талай рет қаратты. “Оның бойынан мылқау сиқыршының дуасын қайтарған адамға шаш- етек сый тартамын”, — деп жар салғызды. А.Смай. * Содан бері аттай зулап бес жыл өткен, бірақ ол бұл елге қайтіп ат ізін салмаған; қысастықпен емес, тіпті шаш-етек шаруадан қолы тимеген-ді. О.Бөк. СИН: КӨЗ ТҰНЖЫРАЙДЫ; АЯҚ АЛЫП ЖҮРГІСІЗ

Posted in

ШАШ ЖЕТПЕЙДІ

Тым көп, өте қымбат. * Пальтоның бағасына шаш жетпейді. Қанша деп жұрт сұрап алады да, естерінен танып қала жаздайды. Б.Соқ. * Президентке дейін сөзін өткізіп, санаса — шаш жетпейтін шаруаны дөңгелетіп тындырып отырған қала әкімінің алдына кіріп шығудың өзі тау қопарғандай үлкен шаруа. Д.Досж. //ШАШТАЙ КӨП

Posted in

ШАШ СИПАР

* – «Шаш сипардың» жөні менікі емес пе? – деп қатындар Қара бəйбішені қамалап жатыр еді. Ж.Айм. * Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бір сыбаға ғып алған екен. М.Әу. * Қол ұстасар, шаш сипар, көрпе қимылдатар секілді анайы ырым- жырымдардың бəрі кейінге – күйеудің ұрын келер тұсына қалдырылған. З.Қаб.

Posted in

ШАШЫНАН КӨП ЖАЛАСЫ

~ Бұқар тұрған жерінде бір тізерлеп алып термелей жөнелді. Ашық даусы тау бүркітінің саңқылындай отырғандарды түгел елең еткізіп баурап барады. — Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. Ақсақалға жарасар Тілеуқорлық айласы. Келіншекке жарасар Емшектегі баласы. Қыз он беске келгенде Шашынан көп жаласы. Бұл жалғанда бір жаман Ағайынның аласы, – деп түйдектетіп барды да, шешіліп кетті. С.См. ~ Қанбай ма оның табасы. Көзіңменен көрмесең, Мынауың қалай демесең, Шашынан көп әйелдің Жабылатұғын жаласы. "Мақпал — Сегіз".

Posted in

ШАША ЕТЕКТЕН ПАЙДАҒА БАТТЫ (ПАЙДАНЫҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ)

~ — Арам болса қайтеді? Мына тұрған қаланың базарына апарып сатамын, сатамын да шаш-етектен пайдаға батамын. Кәне, мешайт етпей, әрмен тұрыңдар! М.Қаб. ~ Айтса да алты күннен бері тор, тұзақ түк ілмей,көзі көкшиіп отырғанда өз аяғынан қораға кіріп жатқан қыруар киіктің мүйізін сатып шаш-етектен пайданың астына қалса несі кетеді? Ә.Нұрп.