Posted in

ШАҚШАДАЙ БАСЫ ШАРАДАЙ БОЛДЫ

Миы ашыды; не істерін білмей, ойы сан-саққа жүгірді; басы мең- зең болды. дұрысы: ШАРАДАЙ БАСЫ ШАПШАҚТАЙ БОЛДЫ Қатты абыржыды; не істерін білмей, састы, дал болды. * Сөйтіп, Адам санасында екі үн тайталасқа түседі. Арпалысады. Сенің шақша басың шарадай болады. Адамға сол екі үннің бірін таңдау еркі берілген. С.Елуб. * Шақша басы шарадай болған Бақытжан өлердегі сөзін айтып жіберген соң және тойдан түсетін ортақ «қазынаның» қақпағын да толығымен өз қолына берген соң, Мақай келіннің бетін ашуға еріксіз көнеді. С.Мұқаш. * Көненің көргені көп. Даудың қилы-қилысы алдына келеді. Шақшадай басың шарадай болады (С. Төл.). * Жұлқынып жұмыс істеймін деген кісіге – ауыл аймағында нан табар қарекеті болмай, жұмыс іздеп, ел-елді шығандап кезіп, шақшадай басын шарадай етіп жүрген өзбекті көреміз. Д.Досж. * – Саған көптен бері айтпай жүрген бір сырым бар. Ол сырды ана екі қатынға, әзір білдірме, олар білсе, шақшадай басымды шарадай ғып ойран салады. Ә.Шәр.

Posted in

ШАҚЫРЫЛМАҒАН ҚОНАҚТАР

* Кеудесіне нан піскен мынау сонакөз пристав әлінен асып, қазақ әйеліне қырындапты. Қорқытып зорлық жасауға ұрыныпты. Бұлар бізге шақырылмаған қонақтар. Ғ.Біләл

Posted in

ШАЛА-ЖАНСАР

* Әйтеуір қыбырлап тоқтамай, шала-жансар жүріп тұратын бір сағаттар болады ғой. Шешемнің денсаулығы сол тәрізді. Б.Соқ. * Жар астында шала-жансар болып жатқан кәрі бурасының бейшара халін көріп, Қазанғап шыдай алмай кетті. Ш.Айт.

Posted in

ШАЛА БАЙЛАДЫ

~ Мақандікі қоқан-лоққы емес. Ол сені ертең- ақ қуғызады. Жай қуса жақсы… Шулатып, күйе жағып, анкетаңды былғап, шала байлап жібермесін де. Оған да барады ол. Өйткені сен оған жұрттың алдында тіл тигіздің. Ол ондайды кешірмейді. С.См.

Posted in

ШАЛА БАЙЫДЫ

* Қазақ-орыстың уряднигі, пәлесейі, атауыз, шайбасар дақод жинаушысы бір кенеледі. Пәтер жалдап, буылдық сатып, барлық қазақ-орыс бір шала байып қалады. Ж.Айм. ~ Сыздық «шық етер» ден шындатпаған соң «омпаға» ауысқан екен. Тіпті алыстан — отыз-отыз бес қадамнан атып жүр. Асық қатары ұзын. Егесе-егесе бестен тігіпті. Әдетте бірден тігетін. Ұтқаны шала байымақ. Ғ.Мұст. * Иә, бұл — Бақтыбай көші. Маңдайына жүздеген ақтылы-қаралы мал бітіп — шала байып, таңдайы ағарғалы оның қан жайлауға тұңғыш шығуы. С.Жүн. * Әркім қолына ілінгенін әкеп ағаш үстөлдің үстіне үйеді. Шерің тарқайды. Аздап кайф ұстайсың. Қуықтай шеберхана шала байытып жібереді ақыр соңында. Қ.Жиен.

Posted in

ШАҚ ҚАЛДЫ

Азғана қалды. ~ Іргесінде сыңсыған қалың қол жиналып, тарпа бассалар апатты шабуыл әзірленіп жатқандығынан иіс-сыбыс алмаған аңғырттық пен бейқамдық бұл елдің түбіне жетіп, тұқымын тұздай құртып жіберуге шақ қалған. Ғ.Біл. ~ Береді санап-санап Базарқанға: – Сырыңды білгізбе, – деп, – ешбір жанға! Жалғыз ат сатылуға шақ қалды ғой, Жоқшылық қарар емес ұят-арға. БС "Ғаяр қатын".

Posted in

ШАЙТАННЫҢ САПАЛАҒЫ

~ Ол өзі тілді, батыл жан еді. «Мендей ақылды тапқыр болмағансын шамаңды байқасайшы». «Оу, сен боркемік, жасық неме қашаннан бері кемеңгерсің?» .«Мен саған қарағанда ұстамдымын, айлалымын». «Аңғалсың… Иә-иә, өгіз бұзаулапты десе сенетін ашық ауызсың…» «Жә, сен сөзге қонақ бер. Тыңда… Досымсың ғой, өзгеге айтпасам да, сенен сара ақылымды аямайын-ақ. Оқу-тоқуың да аз адамсың. Ғайшаның байысың, обал шығар…» «Кет-ей шайтанның сапалағы. Саған еріп адасқаным аз ба? Әрі жүр». М.Сүн.

Posted in

ШАЙЫ КЕСІЛДІ

Шәйі сұйылып, ағарды. ~ Әй, кемпір, шайың кесіліп қапты ғой, қызартарыңнан салсаңшы былай! – деп Қалиасқар Байсұлтанның кесесіне қол жалғады. Ә.Асқ.

Posted in

ШАЙЫРҒАЛ БОЛДЫ

~ – Әй, оның қолынан келер ме екен? Оның бір сенген адамы Мақыштар еді, олармен әнеугі екі бие туралы шайырғал болып қалды десіп еді ғой. Ж.Айм.

Posted in

ШАҚ-ШӘЛЕКЕЙІ ШЫҚТЫ

* Оспан бастаған ерлердің күресін қолдап Баркөл елі атқа мінген болса жауыздардың шақ-шәлекейі шығар еді ғой. Әттең, арамыз тым шалғай, ұшарға қанатым жоқ. Ж.Шәк. 6 Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Қатын- баланы да таңдамай ұрып, ұлар — шу ғылып сабаған. Тұс-тұста ұстағанын кергілеп сабауда. Аз үй кедейдің шақ-шалакейін шығарып, түтіп бара жатыр еді. Ж.Ахм.