~ – Иә, бұл айтқаның қисынға келеді. Ертеде шабынды жылдары ішкеріден келген ғаскерлер біздің елден қыз олжалап әкетіпті десіп жүретін… Не деп болады? Қ.Жұм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАБЫНДЫ ОЛЖАСЫ БОЛДЫ
~ Тұрманға меруерт, маржан, зер байлаған. Қан базар шашылдың ба гүл жайнаған, Өсіп ек қаққы көрмей жау жайлаған. Шабынды олжасы боп, құлын тайдан, Тұғыр боп, кетеміз бе жау жайлаған. М.Әу.
ШАБЫНДЫДАН КЕЛГЕН (ТҮСКЕН)
~ Теңге. Ендеше, құдай тілегіңді берді! Ана шабындыдан түскен күңің көнді. М.Әу. ~ Аққояннан тараған ұрпақ өз алдыңа бір толық ауыл болса да, өздеріне белгілеп қыстау еткен төбе тимейді. Баяғы ескі әдетпен құл, шабындыдан келген деген аттан арыла алмайды. С.Бег. ~ – Бұ не қылғаның? Шабындыдан келген күң бе еді? Құнанбайдың бел баласы, оң көзі емес пе еді? … — деп сөйледі Ызғұтты. М.Әу. ~ Біздің өткен замандағы ғазиз аналарымыз, әз әжелеріміз осы шабындыдан келген қалмақтың қыздары еді. Т.Әс. ~ Шолпан. Қатын боп шабындыдан саған түскен Тимеспін құлатсаң да басқа тауды. М.Әу.
ШАБЫНА ШИ ЖҮГІРТТІ
Келеке қылды, намысына тиді, ашуын келтірді. * Енді мына “өшетілдің” шабына ши жүгіртіп, мысқылдап тұрғанын көріп, күйіп кеткен олішінен: “Со қызды саған бергізсем, Төребай атым құрсын!” — деді … Б.Алд. * Шамасы, қымбатшылық қылқындырған, тапшылық тарықтырған, салықтан сығылған халықтың «шабына ши жүгіртпейік» деген болулары керек… Е.Бапи. * Ол бәлкім, бұл жолда біреудің бет-жүзіне қарамас, біреудің көңілін қалдырар, біреуді ренжітер, біреуді келеке қылар, біреуді тізеге басар, біреудің көз жасын көлдетер, біреудің намысын түртпектер, біреудің шабына ши жүгіртер, біреудің ығында кетер … Н.Жүсіп. * Іс арасында темекішегетін тұстары кейбір қылжақбастар: «Кәне, Зеңбірекбайдың лекциясын тыңдайық»,— деп, мұның шабына ши жүгіртіп, неше түрлі құйтырқы сұрау беріп, қиқылдатыпқоятын. Б.Алд.
ШАБЫНА ШОҚ ТҮСКЕНДЕЙ (БАСҚАНДАЙ)
Бұлқан-талқан ашуланды. * Мына сөзді естіген қалыңдығымның академик шешесі шабына шоқ түскендей шыжбалақтады … Д.Дос. * Оспақтаса шабына шоқ түскендей көгеріп, сазарып, кәдімгідей мінез көрсететіндер жетіп жатыр. Т.Құлияс * …Күланның аузынан шыққан бұл әңгімені естігенде Алмаш шабына шоқ түскендей шошып кетеді. Қ.Адамқұл. * … театр институтын жаңадан түгескен шәкіртке ақыл айтқандай ділмәрсуына Мінуардың шабына шоқ басқандай болғаны сондай, тұрған бетінен қайрылмастан, «сөз осымен тәмам» деген нойыс мінезін көрсете есікке беттеген. Ш.Құм.
ШАБЫНАН ТҮРТТІ
* … сөзге тоқтап, "шынында ауру баланы ендігі қинағандары жөн болмас, сенде не зорық, байекеңе ұғындырармыз" деп оралып еді, тағы біреулер шабынан түрткен бе … С.Жүн. * Үзеңгіге аяғы еркін жетпеген соң, таралғыға салып алды. Шылбырдан жетелеп жүрмекші болып ем, шал қолын сілтеді: – Шабынан түртсең, мыңқ етпейтін жуас. Қорқпа. Шылбырды мойнына күрмей сал. Т.Сәу. * — Масеке, — деп сөзін әдейі шалдың шабынан түрте кекетіп бастады. — Айран сұрасаң шелегіңді жасырма деген. Осы үйде қанаты жетіп отырған бір құстың барын білетін едік. Соған қыранымызды түсіре келдік! — деп суырылып барып бір тоқтады. Қ.Ысқ.
ШАБАН АТ, ӨТПЕС ПЫШАҚ
~ Атастырып алған жарына бұрыннан-ақ көңілі толмайтын ол шабан ат, өтпес пышақты күйге қосып толғайтын болған. Ж.Шәк.
ШАБАН ҮЙРЕК БҰРЫН ҰШАР
~ Біз сіздер сияқты сағат– минутқа қарап отырмаймыз. Қонаққа шақырған жер болса, «шабан үйрек бұрын ұшар» деп, күн еңкейген соң– ақ солай қарай тарта береміз, — деп күлді Демежан. Қ.Жұм. ~ Ассалаумалайкүм, іске сәт! — Бәркелет даңғырлап сөйлей келді. — Қабеке, ертелетіп кіріскен екенсіңдер, ә? — Шабан үйрек бұрын ұшады… З.Шүк. ~ Толғақ шағы тумаса, шабан үйрек бұрын ұшадының кебін киесің, болмысынан тыс ебелектеудің бәрі жарға жығар жалған, бәрі бекер… О.Бөк.
ШАБДАР СӘСКЕ
* Шабдар сәскеде келген директор қызыл іңірде бір- ақ қайтқан. Ә.Асқ.
ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСТІ (ТҮСКЕНДЕЙ)
Оқыс ашуланып, зәрін төкті. * Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз, қисынсыз быдыңдап, кәсіподақтың тура қарағайдай мүйізіне жармасты. М.Қаб. * Бисараның химия пәні бойынша жетекші мұғалім екенін есепке алды ма, әлде жалғыз бастылығын ескерді ме, ғылыми мүдір бұған алты сағатты артық бөліпті. Орынғайшаның талағын тарс айырып, шабына шок түсірген — сол сағаттар. Қ.Жұм. * Мына сөзге Айтқалидың жүрегі шым етіп, шабына от түскендей шамданып қалды. Сазарып қоштаспаған күйі шапшаң бұрылып атына мінді де, шапқылай жөнелді. Ә.Асқ. * — Сені сүймейді! — деді Артур шабына шоқ түскендей жер тепкілеп. — Сен просто алаяқсың! Оны алдағансың. Т.Сәу. ~ Қатты сынға ұшыраған Зейін Шашкин мен Темірғали Нұртазиннің повестері еді. Темкең үндемей құтылды. Қалғандары шабына от түскендей мөңкіді. Қ.Ысқ.
