Posted in

ШАБЫТТЫ БУРАДАЙ (ЗІРКІЛДЕДІ)

* Соны көрген серіктері дағдылы машықтарымен Сәулеге әлдебір дәрі қосылған су ішкізіп, былқ-сылқ етіп ес-түстен айрылып сұлап жатқан қыздың үстіне шабытты бурадай зіркілдеген Ғазиз Құлтановичты кіргізіп жіберген болатын… С.Смат.

Posted in

ШАДЫР МІНЕЗ

Шатақшыл, ожар. * Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Ж.Айм. * Бір білетіні — шалдың бүйтіп толқығанын көргені осы. Жайшылықта болса: “Шадыр мінездің кәріне ілініп қалармын”, — деп артық-ауыс ештеңе айтпас еді. Ал дәл қазір үстінен атан түйе өтсе де мыңқ етпейтін секілді. Қ.Найм. * Сын тезіне алынатындардың бүкір, шадыр мінездері, қыңыр-қисық сөздері тексеріліп, тегеурінді күштің көпшілік топ алдына құрылған тезіне басылады. Ғ.Біл. * Шалының ашуланған кездегі шадыр мінезінен қатты именетін Салиха шешей жым болды. С.Мұр. * Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Ж.Айм * Бір білетіні — шалдың бүйтіп толқығанын көргені осы. Жайшылықта болса: “Шадыр мінездің кәріне ілініп қалармын”, — деп артық-ауыс ештеңе айтпас еді. Қ.Найм.

Posted in

ШАЙ-СУЫН АЙЫРДЫ

~ Кешегі күні қатын, баланың шай-суын айырсын деп өздерінің ортадан шығарған қойларын қалаға кірер ауызда ақшағыл арасында қасқыр қырып кеткені ешқайсысының қаперіне кіріп-шығып жатқан жоқ… Ә.Нұрп. ~ Әкелген заттарын сатып, бала- шағасының шай- суын айырып отыр деседі. Ондай әйелдерге “челношница” деп ат қойысыпты. Ә.Асқ.

Posted in

ШАЙ (ШӘЙ) ДЕСКЕН ЖОҚ (ДЕСПЕЙДІ)

~ Ақ қой сойып, ақ бата оқытып, ата-анасы, елі-жұрты берген. Биыл жеті жыл болды. Содан бері ешбір шай дескеніміз жоқ. І.Жанс. ~ Қожақ әдемі– ақ, бірақ ұрда– жық, ішкіш, әулекі жігіт – деді. Нұрлан бүгінге дейін шай десіп көрмеген, өзінен бес– алты жас үлкен жігітке өлердей өшікті. О.Бөк. ~ Онда қандай сыр бар? Көрші болып бір– бірімен шәй десіспейді. Оған атайдың да, Майсараның да кісілігі жетеді. С.См.

Posted in

ШАЙ ДЕМДЕДІ

~ Екінші термосты ашып қарасам, шамалы қайнаған су бар екен. Соған шай демдеп, Игілік екеуміз жарты пиаладан ішіп, жан шақырып … біраз ақылдасып алдық. З.Нұрт. ~ Бибі апа шай демдеуге кірісті. Сексеуілдің шоғы бар күшіне мініпті. Пеш түбіндегі көк шәйнек сақылдап қайнап тұр. С.Ел. ~ Шал қиралаңдап тұрып, шай салғышты алып аққұманға шай демдеді. С.См.

Posted in

ШАБЫНДЫДАН КЕЛГЕН (ТҮСКЕН)

~ Теңге. Ендеше, құдай тілегіңді берді! Ана шабындыдан түскен күңің көнді. М.Әу. ~ Аққояннан тараған ұрпақ өз алдыңа бір толық ауыл болса да, өздеріне белгілеп қыстау еткен төбе тимейді. Баяғы ескі әдетпен құл, шабындыдан келген деген аттан арыла алмайды. С.Бег. ~ – Бұ не қылғаның? Шабындыдан келген күң бе еді? Құнанбайдың бел баласы, оң көзі емес пе еді? … — деп сөйледі Ызғұтты. М.Әу. ~ Біздің өткен замандағы ғазиз аналарымыз, әз әжелеріміз осы шабындыдан келген қалмақтың қыздары еді. Т.Әс. ~ Шолпан. Қатын боп шабындыдан саған түскен Тимеспін құлатсаң да басқа тауды. М.Әу.

Posted in

ШАБЫС ҮСТІНЕ (ШАБЫСЫНА) ШАБЫС ҚОСТЫ

~ Оқушылар қолтықтарына қанат біткендей шабыс үстіне шабыс қосты. Күн ыстықта лақтар көпке шыдамады, екі өкпесін соғып, тілі салақтап бұта түбіне жатып қалды. М.Қаб. ~ Алдыңғы лекте отырғысы келіп, тақымын сәл қыса түсіп еді, Құлагер шабысына шабыс қоспады, қол қамшысын жайқап, сауырына тигізгісі келген баланың есіне Ақан ағасының «Құлагерге қамшы сала көрме» дегені түсіп, батылы бармады. С.Жүн.

Posted in

ШАБЫНҒАН БУРАДАЙ

~ Ақ патшаға қарсы желіккен қазақ Наурыздағы шабынған бура тәрізді, мауқын баспай, бетінен қайтпайды. І.Ес. ~ — Көруші, білуші болса, қанды мойын айыпкерім боламысың! Мойныңа құр тағайық па? Осынша ел босқа сенделетін сенің көзіңе ебелек көрініп отыр ма! — деп Тайлақбайдың қатарынан Абдолла да шабынған бурадай түнеріп қарады. Ж.Ахм. * Тентек халдай қатты долырып, ашуланған кезде түгі сыртына шығып, қитар көзі шатынап, шабынған бурадай екі езуінен көбік ағып кететіні болушы еді. Бүгін де сондай күйге түсті. Қ.Жұм. ~ Ақ патшаға қарсы желіккен қазақ Наурыздағы шабынған бура тәрізді, мауқын баспай, бетінен қайтпайды. І.Ес.

Posted in

ШАБЫНДЫ ЕЛ

~ Қара шоқпар қарақшылардан қансырап қалған шабынды елдің зар еңіреп отырып айтары сол. Ә.Кек. ~ . Ойсырап қалған шабынды елімнің кем- кетігін толтырып алмай, күш көрсетуім орынсыз. С.Смат.