Әлдебір тосын сезімнің айрықша әсерінен денесі тітіркенді. ~ Шынар! Елеусіздің тұла бойы шымырлады. Айтпақшы, Шынардың аулы Қаратаудың теріскейінде еді ғой. Соның дәл өзі болмасын! Т.Әл. ~ Денесі тітіреніп, сүйегінен өткен сыздан тұла бойы шымырлады. Қ.Ысқ. ~ Қыздың нәзік саусағынан бір түрлі қызу тепкендей ме, Қаматтың тұла-бойы шымырлады. Ыссылап, ауа жетпегендей мазасы қашты. Н.Сер. ~ Қарттың тұла бойы шымырлап кетті. Аққұйрықтың өлігін ол ауру баланы көтергендей, ептеп қана құшақтап шарбақ ортасына, әлі шық жылтырап тұрған шөп үстіне әкеліп қойды. М.Кәр. ~ Халел не дерін білмей бетіне қаны теуіп, көзіне жас кеп қалды. Сандық дегенде үйдегі сары жез белбеулі сандықша есіне түсіп, шалдар тап сол сандық туралы айтып отырғандай өне бойы шымырлап қоя берді. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҰЗЫ ЖЕҢІЛ
Мінезі жеңілтек, алаңғасарлау, жолы ауырлау, сөзге көп қалатын адам туралы. ~ Рас туысынан тұзы жеңілдеу, қарап жүре алмайды. О.Сәр. ~ Сосын тұзы жеңіл әлдебіреулердей бүгін келе сала ертеңіне кетем деп апалақ-құпалақ асықпас еді ғой. Ә.Нұрш. ~ …алаңғасар мінезі ырық бермей кететін қашанғы әдеті. Оны өзі жақсы біледі, біле тұра кезінде тежеу салмай, көбіне артынша ыза болатыны бар. Тұзы жеңіл. Бейпіл де, бәдік те атанды, өтірікші де болды. Қ.Ысқ. ~ Бірақ тұзы жеңіл ме, түбі Асекең жалғыз қалады да жұрттың бәрі қашанда Асекеңнен арамдау болып шығады. Қ.Ысқ. ~ Аюбайдың бүгінгі күні тұзы жеңіл тарта берді. Әбіржіп, қызарақтап, қиналып әрең отыр. Б.Мом. ~ Аузынан әзіл кетпейтін, қадір-құрметі жоқ тұзы жеңіл жігіт деп санап жүрген Әшіріміз ауырып, әнеугүні құрылысшылардың ауруханасында апта жатып х.і.и анда шындық басқа екеніне көзіміз жетті. М.Қаб.
ТҰЛА БОЙ
Бүкіл дене; бастан аяққа шейін. * Етектен кірген жел тұла бойды кеуледі, ауызды ашып, айғайласақ, боран қақалтып, дауысты шығармайды. Ж.Айм. * Сая қолын тартпады. Күлкісі ішіне түсіп, тұла бойын аралап әредік дір-дір еткізеді. Кеудесі толқынданып көтеріле басылды. Д.Досж.
ТҰЗЫ ТАТЫМАЙДЫ (ТАТЫМСЫЗ)
Жараспайды, үндеспейді, бір-біріне кереғар д.м.. * «Тату болайық» айтылмаған сөз қазақтың құлағына түзы татымай тұрған бәдік әңгімедей естіледі. Ә.Кек. ~ Балалар үйінде қалай тұрып, қалай оқып жатқандары да біраз «тақырыптың» өзегіне айналар. Арлы-берлі тұзы татымсыз сұрақтарға да жауап берілер. Қ.Жиен.
ТҮУ ДЕГЕН ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕДІ
Айтқаны екі етпей орындалып, даңқы гүрілдеп, беделі артып тұрған адам туралы. ~ Сен болсаңқылышыңнан қан тамып, түу деген түкірігі жерге түспей тұрған мәртебелі ұлықсың. Мен болсам қамауда жатқан тұтқынмын. Біздің арамызда қандай әңгіме болуы мүмкін? Қ.Жұм. ~ Кенжеғұлдың дүрілдеп тұрған кезі. Түу деген түкірігі жерге түспейді. Онымен құда болуды кім арман қылмасын?! Т.Әбд. Бет қаратпайтын қызыл шұнақ аяз туралы. ~ Ақ қармен жым-жылас болып көмілген, кейбір үйлердің түтіншыққан мұржасы, жылтыраған терезелері ғана көрінеді. Күн қызыл шұнақ ызғырық, түу деген түкірігің жерге түспейді, желге қарасаң, бет аузыңды тыз еткізеді. Б.Май.
ТҰЗЫН ТАТТЫ
Дастарқанынан дәм татты. * Әрі, «бір күн тұзын татқанға қырық күн сәлем» демекші, шешесі туралы жазылған шығарманы оқыса, Шынардың ішінде ертең ыстық құйын ұйтқитыны сөзсіз. Т.Әл. ~ «Пәре» атты адамды өз рухының былғанштығына орай, «құлақ кесті құл етіп,» алуға болатын «ғылым» Гоминдаң үкіметінің тұзын татқан барлық төрелер үшін дұғалық суындай. Ж.Ахм.
ТҰҒЫРДАН ТАЙҒАН ЖОҚ
Күш-қайратын жоғалтқан жоқ, шыққан биігінен тайған жоқ. * Тегін емес. Бір жартылыққа мына қызды басы бүтін айырбастаймыз. Байқаймыз, сіз де әлі тұғырдан таймаған секілдісіз. Секстің түбін түсіріңіз таң атқанша…» Қ.Жиен. ~ Кімде – кім ерсі, оғаш қылығымен көзге түсіп, жұртын ұятқа қалдырса, ондайды «сүйекке таңба салды» дейді. Тұғырынан таймаған, қайратты, ширақ адамдарды «сүйегі асыл екен» дейді. Ө.Кәр. ~ Ал анау әйел алыстан келген! — Ол әлі тұғырдан таймаған, бірақ өте жүдеу, қажып біткен, беті қайыстай қара әйелді көрсетті. Ф.Дост. ТҰҒЫРДАН ТАЙДЫ
ТҰЗЫНА ТҮКІРДІ (ТЫШТЫ)
Ішкен асын ақтамады, тамағын ішіп, табағына түкірді, көрген жақсылығын қорлады. ~ Төртбес жыл-дан бергі төсек татуы Жамалды Жа-қып-бектің сөзімен тастап, оған қиянат істеді? Не үшін ол өзінен тып-тыныш отыр-ған қалхоздың тұзына түкірді? Жал-пақ елдің бәрі жарлыжалшылары, қал-хоз-ға ұйысып, ойнап-күліп тіршілік істеп жатқанда — елден ерекше шыққаны қалай? І.Жанс. ~ Болдыруға жақындаған екі атпен сүйретіліп келіп қақпадан кіргіздім, Үсейін шанадан түсті де маған таяп келіп таяғымен көзіме шұқып тұрып: -Атада нәлет, тұзына тышқан сабака! Қазір қақпадан шығып кет! Қайтып менің көзіме көрінбе!-деді. Өзі Күлзейненің артынан үйіне кіріп кетті. І.Жанс. ~ Бұл күнгі жастар Құдайды, аруақты аяққа басты ғой. Дәм-тұз дегенмен есептесу жоқ, тұзына тышты деген осы да!- деп қара бұжыр сұрланып, шырайын өзгертіп, қарсы сөйлеген жас жігітке ішінен кіжінген пішін көрсетті… Б.Май.
ТҰҒЫРДАН ТҮСТІ (ТАЙДЫ)
Бұрынғы дәрежесінен, күш-қайратынан, билігінен айрылды. * Тәніні жұрт: салмақты, ақылды, тиышты адам деп, әрі «хан тұқымы» деп көтерген еді. Оны тұғырдан түссе де елдің ақылынан қалмаған Айғаным да қолдаған еді. С.Мұқ. * Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «тұғырдан түсті» деген сөз бар. Мұның негізгі мағынасы «бүркіт тұғырдан түсті», «бүркіт тұғырда отыра алмайтын дәрежеде», «қажыды», «қартайды» дегенді ұқтырады да, адамға қаратып айтқанда, «тақтан түсті», «мансабы кішірейді», «бұрынғы арыстандай ақырып, бурадай зіркілдейтін күні өтті» деген ұғымда. Ж.Баб. * — Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. Көмекшісін берсе әне, бермесе тағы әне… А.Сейд. * – Аяқлауға жарамайтын кәрі-құртаңды қайтем. Елде ілікке татитын қатын дейтін қатын қалды ма бұл күнде. Бірі – ауыру, бірі – арақкеш. Тұғырдан түсе қойғам жоқ, баяғыда атабабаларымыз біздің жасымызда бір қызды қартайтқан емес пе. Т.Сәу. ~ Жасы алпыстан асып, жетпіске таяп қалса да әлі тұғырынан түспеген сәнқой кісі. Ә.Шәр. ~ Жасы алпысқа таяп қалған бәйбіше тұғырынан тая бастаса да, мұндай қысыл таяңда дұрыс ақыл беретін, жол табатын кісі еді. Ә.Шәр. ~ Қара жерге кіргенше соны ұқпай, өмірден тәлім алуға да жарамай, тұғырдан тайып кетіп жатқандар аз ба?! Н.Кел.
ТҰЙҒЫНДАЙ ЖҰТЫНДЫ
Іске деген құлшынысын, жастық жалынын танытты. ~ Мұрнында қыспа көзәйнегі бар, желкілдеген сұлу шашы қарсы қайырылған, тұйғындай жұтынған жас жігіт түрегелді. Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сайсүйегін сырқыратты. Ж.Айм.
