Posted in

ТҮУ ДЕГЕН ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕДІ

Айтқаны екі етпей орындалып, даңқы гүрілдеп, беделі артып тұрған адам туралы. ~ Сен болсаңқылышыңнан қан тамып, түу деген түкірігі жерге түспей тұрған мәртебелі ұлықсың. Мен болсам қамауда жатқан тұтқынмын. Біздің арамызда қандай әңгіме болуы мүмкін? Қ.Жұм. ~ Кенжеғұлдың дүрілдеп тұрған кезі. Түу деген түкірігі жерге түспейді. Онымен құда болуды кім арман қылмасын?! Т.Әбд. Бет қаратпайтын қызыл шұнақ аяз туралы. ~ Ақ қармен жым-жылас болып көмілген, кейбір үйлердің түтіншыққан мұржасы, жылтыраған терезелері ғана көрінеді. Күн қызыл шұнақ ызғырық, түу деген түкірігің жерге түспейді, желге қарасаң, бет аузыңды тыз еткізеді. Б.Май.

Posted in

ТҰЗЫН ТАТТЫ

Дастарқанынан дәм татты. * Әрі, «бір күн тұзын татқанға қырық күн сәлем» демекші, шешесі туралы жазылған шығарманы оқыса, Шынардың ішінде ертең ыстық құйын ұйтқитыны сөзсіз. Т.Әл. ~ «Пәре» атты адамды өз рухының былғанштығына орай, «құлақ кесті құл етіп,» алуға болатын «ғылым» Гоминдаң үкіметінің тұзын татқан барлық төрелер үшін дұғалық суындай. Ж.Ахм.

Posted in

ТҰҒЫРДАН ТАЙҒАН ЖОҚ

Күш-қайратын жоғалтқан жоқ, шыққан биігінен тайған жоқ. * Тегін емес. Бір жартылыққа мына қызды басы бүтін айырбастаймыз. Байқаймыз, сіз де әлі тұғырдан таймаған секілдісіз. Секстің түбін түсіріңіз таң атқанша…» Қ.Жиен. ~ Кімде – кім ерсі, оғаш қылығымен көзге түсіп, жұртын ұятқа қалдырса, ондайды «сүйекке таңба салды» дейді. Тұғырынан таймаған, қайратты, ширақ адамдарды «сүйегі асыл екен» дейді. Ө.Кәр. ~ Ал анау әйел алыстан келген! — Ол әлі тұғырдан таймаған, бірақ өте жүдеу, қажып біткен, беті қайыстай қара әйелді көрсетті. Ф.Дост. ТҰҒЫРДАН ТАЙДЫ

Posted in

ТҰЗЫНА ТҮКІРДІ (ТЫШТЫ)

Ішкен асын ақтамады, тамағын ішіп, табағына түкірді, көрген жақсылығын қорлады. ~ Төртбес жыл-дан бергі төсек татуы Жамалды Жа-қып-бектің сөзімен тастап, оған қиянат істеді? Не үшін ол өзінен тып-тыныш отыр-ған қалхоздың тұзына түкірді? Жал-пақ елдің бәрі жарлыжалшылары, қал-хоз-ға ұйысып, ойнап-күліп тіршілік істеп жатқанда — елден ерекше шыққаны қалай? І.Жанс. ~ Болдыруға жақындаған екі атпен сүйретіліп келіп қақпадан кіргіздім, Үсейін шанадан түсті де маған таяп келіп таяғымен көзіме шұқып тұрып: -Атада нәлет, тұзына тышқан сабака! Қазір қақпадан шығып кет! Қайтып менің көзіме көрінбе!-деді. Өзі Күлзейненің артынан үйіне кіріп кетті. І.Жанс. ~ Бұл күнгі жастар Құдайды, аруақты аяққа басты ғой. Дәм-тұз дегенмен есептесу жоқ, тұзына тышты деген осы да!- деп қара бұжыр сұрланып, шырайын өзгертіп, қарсы сөйлеген жас жігітке ішінен кіжінген пішін көрсетті… Б.Май.

Posted in

ТҮСІ СЫНЫҚ

Көңілсіз, ренішті жүз. ~ * Дәл қазір астындағы атын түсіп беретінін айтқанда, Бөкпенбай, шырқ бұзып қайтеміз?!» деп Кәденге қарайлады. Үшеуі ордаға қайтып келгенде, түстері сынық еді. Т.Әлімқ. ~ Еламан жаққа көз тастап қысқалау амандасты да, төрге шықпай есік жаққа, қазандыққа шынтағын сүйеп отырды. Түсі сынық. Киімі жұпыны. Ә.Нұрп.

Posted in

ТҮТІН ТҮТЕТТІ

Отасын құрып, өз алдына үй болды. ~ Қайтадан түтін түтетіп, қайтадан шаңырақ көтеріп отырған аяулы азаматтың көңіліндегі үміт сәулесін біржола үзуге дәтім бармады. М.Мағ. ~ Бас құрап, шаңырақ көтеру, түтін түтету, түсінісіп тіл табысу қиын. Ал оны бұзып, қара қазанды қақ бөлу — оңай. М.Сүн. ~ Оспан ақсақал соғысқа қатысып, ит қорлықпен елге елуінші жылдардың аяғында әрең оралған. Жәмила деген жүрегі жаралы соқа бас келіншекпен тұздары жарасып, түтін түтетті. З.Жүк.

Posted in

ТҮСІН (ӨҢІН) ШЫРАМЫТТЫ

Ептеп танығандай, жүзі есіне түскендей болды. * – Түсін шырамытып отырсаң, есімі Меруерт. Төркіні Сайқын жағында, –деп Әріп кіржің етті. Т.Әлімқ. * Келсе, айтқандай елдің адамдары екен. Түсін шырамытқандай Түгелмен шұрқырасып, іш тарта амандасты. Ү.Жәл. * Демежан оның өңін шырамытқандай болып, «осыны қайдан көрдім» деп ойланып қалып еді. Қ.Жұмад. * Қараш өзінің жөн — жапсарын айта бастағанда, шал: — Бәсе, өзім де түсіңді шырамытып ем. Әкеңе ұқсапсың. Даусың да айнымайды,- деді. Т.Әл.

Posted in

ТҮТІНІ БІР (БІРГЕ)

Қазан-ошағы бір. ~ Бәйбішеден төрт, тоқалдан бес шаңырақ көтеріп отырған Байкөбек тұқымы еншілерін бөліспей бірге көшіп, бірге қонған жүгі ортақ, түтіні бір тұйық ауыл жаттан жаушы, жақыннан даушы күтпеген. Қ.Ысқ. ~ ~ …бұрын Едіге балалары билеп қалған Әлім, Байұлы — екі Алшын Кіші жүз атанып, оты бірге жанып, түтіні бірге шалқыған бір жұрт болып едік қой. Ә.Кек.

Posted in

ТҮСІН БЕРМЕДІ

Сыр білдірмеді, қалпын өзгертпеді. ~ Арбакеш кәрия жол бойы жұмған аузын ашқан жоқ. Түсін бермей тұнжырап алған осы кәрия тым тұйық. Ә.Нұрп. ~ Небір сыр тұнып жататын сабырлы жігіт қой, түсін бермеді. М.Қаб. ~ Қалай бассам да қадамым қатеге ұшырайды»,- деп түйді де, осыдан кейін ол бір жанға түсін бермей сазарып алды. Қора ішінде толып жүрген қарулы кісілерге де назар салмады. Ә.Нұрп. ~ Қысы- жазы түсін бермейтін, жап- жасыл шырша да оған бір түрлі көңілсіз, мұңды сияқтанып тұр. М.Сүн.

Posted in

ТҮТІНІ БІРДЕ ТҮЗІК, БІРДЕ ҚИСЫҚ ҰШТЫ

Елдің (үйдің) жағдайы бірде олай, бірде бұлай болды. ~ Даланың түтіні бірде түзік, бірде қисық ұшты. Әуелі ақар-шақар бала егіздеп өсіп, мал сегіздеп көбейіп, араз бітісіп, туыс құшақ жайып қауышып, жалпақ жұрттың айдарынан жел есті. Келер бір замандарда ел іші нілдей бұзылды. М.Қаб.