Түні бойы көз ілмеді. ~ Бұл түнді аспан шал көрер таңды көзімен атқызып өткізді… О.Бөк. ~ «Жұмағұлдар келді» дегенді естіген күні түні бойы үйінде шамын өшірмей зарлап отырып, таңды көзімен атқызыпты. М.Әу. ~ «Байлық» десе басы айналып, құлап қала жаздайтын мен байқұс елес-сыңарымының тәлейіне бұйырған жазушылықты қызғанып, сол түні ала қағазды алдыма өңгердім де, таңды көзбен атырдым. Д.Қуат.
ТАҢДАЙЫНЫҢ ДӘМІН ҚУЫРДЫ
Дәмі тіл үйірді. ~ Қышқыңдайтын ащыны да оңай тапты. Мына аңызақта сүт ірімей тұрар ма, кішкене қапшыққа салып сүзбе қылып еді, таңдайының дәмін қуырды. С.См.
ТАҢДАЙЫНАН ДӘМІ) КЕТПЕДІ
Әлдебір тамақтың тіл үйірген дәмі есінен кетпеді. * Бүгінде таңертең төсектен тұрғанда таңдайынан дәмі кетпей тамсанып отыратын баяғы балқаймақ ұйқы жоғалған. Ә.Кек. ~ Зорланып жұтынған. Әлгі дәм таңдайынан кетер емес. Өн- бойының бәрін тер жапқан Баян қатты ұйықтап кеткенін сезбей де қалды. Ж,Шағ. ~ — Қазақстанның сапалы астығының дәмі тәжік бауырларыңыздың таңдайынан кетер емес. С.Дос.
ТАҢДАЙЫНАН БАЛ ТАМҒАН
Ерекше дарынды, ғажап дауысты әнші туралы. * Облысқа аты мөшһүр еңбекшіл көп қауым мен таңдайынан бал тамған небір ділмар жүйріктері, әнші-артистері, майрампаз-күлдіргіштері бүтін түгел осында жиналған екен. О.Сәрс.
ТАҢДАЙЫНА ТИДІ
Көңілінен шықты. ~ Ал, мен ана болғым келеді. Әкесі ұры болғанмен шешесі ұры емес. Сен осы кәсібіңді қойсаңшы, таңдайыңа тиерліктей болды ғой. Қ.Түм.
ТАҢДАЙЫНА ТАТЫДЫ
Көңілінен шықты, жақты. ~ Әйтеуір қайдан шықса, сонан шықсын, қара қозының еті таңдайына татыды- ау деймін? Т.Рыс. ~ Биылғы қыс мал баққан шаруаның таңдайына татыпты. З.Шүк. ~ Жолда ептеп дәмін татып көрмек болды, үйге не апара жатқаныңды ең алдымен өзің білуің керек қой! Біреуін аузына тастап еді, таңдайына татыды. М.Қаб. ~ Әйдербек атамның балалары, сырың ашылды. Қарақалпақтан кеусен ішіп күн көріп, таңдайларына татыған екен! З.Шүк. ~ Баяғыда Мерген аюдың қара қуырдағын осы Құрдасына жегізіп болған соң: «Қалай, аю еті таңдайыңа татыды ғой деймін, аштан келгендей соқтың ғой! » деп бәлеге қалғаны бар. К.Сег. Зардабы тиді. ~ Өйткені таңдайымызға татығанын бәріміз де білдік. Ж.Айм. ~ Жүзтайлақ. Сүйгенімнен көргенім мынау ма? (Ашуланып.) Бірақ енді өкінбесін! Таңдайына татырармын. Үйелменімен өртемесем Жүзтайлақ атым құрысын. М.Әу. ~ Сын десе қашайын деп пе едіңіз, мұғалім? Сын дегеннің тандайыңызға татығаны бар ма еді әлде? (Күледі.) Қадам баспай жатып саудаласқан сияқты боп. М.Әу.
ТАҢДАЙЫНА ТАРТТЫ
Аздап қорек қылды, талшық етті. ~ Онда бала-шағасының таңдайына тартар екі-үш сауын сиыр ғана бар. С.Мұқ. ~ Ел іші күйсіз. Бір– екі түйенің ағарғанын таңдайына тартып, аң аулап күнелтіп отырған үйде жасау– жабдық қайдан болсын. Ү.Жәл. ~ От басында жаман тулақ, ескі өре киізден басқа сілкіп салар төсеніш шамалы. Соған қарағанда тапқан табысы тамағынан ауыспайтын болуы керек. Бір үйлі жанның таңдайына тартып отырғаны жаңғыз тайлақты түйенің ағарғаны сияқты. Ү.Жәл.
ТАҢДАЙЫНА СУ ТАМЫЗДЫ
Ақырындап су ішкізді. * Күтушісі аласұрған қыздың көрпесін жауып, басын сүйеп, таңдайына су тамызып көрер танды көзімен атырды. С.Смат. * Әлсіреген келіншекті аяп, өздері де қан соқты боп жүдеп келе жатқан жылаулы жұрт Рухияның таңдайына су тамызып, ыстық ішкізіп, бетін бері қаратты. С.Смат.
ТАҢДАЙЫНА САНДУҒАШ ҚОНҒАНДАЙ
Сандуғаштың дауысындай әдемі дауысты әнші туралы. * Небір таңдайларына сандуғаш қонғандай әншілерін, домбыра құлағында ойнайтын күйшілерін, таңға шаршамай айтысқа түсетін ақындарын көреді. Ш.Құм.
ТАҢДАЙЫНА БҰЛБҰЛ ҰЯ САЛҒАН
Дауысы әдемі, бұлбұлдай сайраған. * Қарсыларының үндері өктем, түйеден түскендей. (Олар өңшең «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманның кейіпкерлері», «моральдық қағидалардан қарыс сүйем аттамаған, таңдайларына бұлбұл ұя салған шешендер»). Қ.Жиен.
