Home » Page 290
Posted in

СҮРЕ ЖЫҒЫЛДЫ

Зорға жетті. ~ Кемпірі қуып жетіп қолындағы түйіншекке жармасты. Кемпір, шал, өз ит көйлегін өзі қуған қызыл шақа сәби аяқтан тартқылаған майса құмақ пен кеудеден итермелеген өкпек желден діңкелері құрып, қара тепсеңде қараусыз қалған құрым үйге сүре жығылды. Ә.Кек.

Posted in

СҮРГІНГЕ ТҮСІРДІ (САЛДЫ)

Біоеудің ізіне шам алып түсіп, қудалады, қуғынға ұшыратты.~ «Өкіметтің малын шығындап жатқан жұртқа тыйым салудың орнына, ойын-тойға өзі бас болып, ән салады, жыр айтады» деген айып бұны үш-төрт жыл сергелдеңге салып, сүргінге түсірген. Ү.Жәл. ~ Өз басымның қатысы шамалы. Бірақ, Сабыр да періште емес, демек бір пәлесі бар, әйтпесе тегіннен–тегін айыптап сүргінге салмаса керек. Ш.Айт.

Posted in

СҮРГІНГЕ СҮРЕҢ САЛДЫ

Ашық айқасқа шықты. * Қайдасың, мырза көңіл, мәрт күндерім?! Серт қылып ат құйрығын шарт түйгенім. Егесіп екі кештің арасында, Сүргінге сүрең салып тарттым дедім. С.Сағ.

Posted in

СҮРГІН САЛДЫ

Жауына айбат шегіп, ойран салды, қырып-жойды. ~ Енді мұндай адам қайда бар деп сүргін салып, ырғап іздестіргенде, ең ақыры, сөз шерудегі Құлайғырға келіп тірелген. Ж.Ахм. ~ Алпамыс өзін алдаған мыстанды сүңгіге түйреді. Сұрапыл соғыста найзасы қысқарып, таяқ болды, қылышы қысқарып, пышақ болды. Қанша күн сүргін салып, жауды тұқыртты. "Алпамыс б." ~ Екеуі өр асуға тартты тура, Сілкініп, меңіреу орман батты шуға. Әңгірлеп әңгүдіктер салды сүргін, Құтырған көбік ауыз бейне бура. Т.Әл. ~ Бірақ, не керек, ілгері басқан адым қайта– қайта кері кетумен келеді: біресе елді аштықтан қырамыз, біресе сүргінге саламыз, түрмеге жабамыз… Шырғалаңнан– шырғалаң, шырмаламыз да жүреміз. З.Қаб.

Posted in

СҮРГІН КӨРДІ (ЖЕДІ)

Көресіні көрді, қуғындалып, азап шекті. ~ Тұтқиылдың шабуылына түсіп сүргін көрген семіздер қан-жыны араласып, қызыл май боп, еріп тұрған сияқты: қолды болған кеңес малы Оспанқұлдардың адал еңбегінің көркі болғандай ірікті сәйгүліктер — қор болғаны-ай жануарлардың! — деп Бекбол ішінен тынып келеді. М.Әу. ~ Алыстап бақыт, қызық, жыркүнделік, Кетсем де өмір-бақи сүргін көріп. Жібекті жүн дейтұғын арамзаны, Тұрады қаным қызып, ұрғым келіп. Қ.Іл. ~ Топ қатты сиреп, азайып қалған. Ұзын санын санағанда он үш кісі тұтқынға түсіпті. Жиырмадан аса ат қалыпты. Мінгескен-ұштасқандар анық қашқылыққуғылық көрген, сүргін жеген, есі қашқан күйде екен. М.Әу.

Posted in

СҮРГІ ЖҮРІП ӨТКЕНДЕЙ

Тып-типыл, теп-тегіс. ~ Мәссаған! Әлгі Қармыс қарт, Қармыс-қаңқа. Тірілердің көбі жарымай жүрген кеңсірікті өліге кім берсін, қаңқаның бет-ауызында лыпа жоқ, сүргі жүріп өткендей, бір кезде мұрын қонған жер саңырайып тұр. Әй, Алла-ай. Сонда ол несімен түшкірді? Ж.Нәж.

Posted in

СҮМЕҢ ҚАҚТЫ

Құты қашып, сүмірейіп, біреуге жалпаңдап, телмеңдеп, жанын бақты. ~ Топ ажарын байқалық Кімдер бар да, кімдер жоқ Қуаныш топ, еркін топ, Би, болысты сайлауға Сүмең қағып жүрген жоқ. Сақалдары сапсиып, Қарындары шартиып Мөр ұстаған билер жоқ. І.Жанс. ~ Күн ұзын ел қыдырып сүмең қағып, Өтірік пен өсекке судай ағып, Екі табақ ет жесең, еліресің, Жерден алтын тапқандай масаттанып. Ә.Тәң. ~ Февраль — құз қалды шөгіп сел жолында, Қас дағдыр қасарысты ел жолында. Сол құзға шықты өрмелеп буржуазия Уақыттың сүмең қағып ең соңында. Қ.Аманж.~ Арсылдаған ит анау Кімге тілін салмады? Кімді қауіп алмады? Ал мен болсам… Кісіге де, Малға да Сүмең қағып жүргенім, Ынжықтығым бұл менің. С.Баяз.

Posted in

СҮМЕҢ (СҮМЕҢ-СҮМЕҢ) ЕТТІ

Сүмірейіп, о жер-бұ жерден бой көрсетіпі, тентіреді, сандалды. ~ Келесі күні әлгі «сынағыш» досы кабинетіне сүмең етіп кіріп келе жатты. Ж.Әлм. ~ Оларды таныды жұрт бөксесінен,— Бір шаруа тепті түңғыш өкшесімен, Кешегі батырсынған баскесерлер Быт-шыт боп, етті бүгін сүмең-сүмең. Қ.Аманж. ~ Алпамсадай тұлғасы арыған нар қазақтың жанында тапал бойлы құстұмсық бұйрабас жігіт інгенге қосақталған тайлақтай сүмең-сүмең етеді. С.Сағ.

Posted in

СҮМБІДЕЙ СҰЛУ

Асқан көрікті, ерекше сұлу. * Шағылып шұғлалы жарқын нұрға, Құлақта қақты діріл алтын сырға. Өкпесін Ақтабанның тепкіледі, Шаншылып ақ сүмбідей сұлу тұлға. Т.Әл. * Қыз салалы аппақ қолымен қадағаштан қара атты шешіп ала беріп, шылбырды икемді, биязы қимылмен ердің қасына салды. Сүмбідей сұлу қара атты бұлаң еткізіп, Мақсұттың алдына қарай көлденең тартып бұра берген. Ж.Ахм.

Posted in

СҮЛКІНІ ТҮСТІ

Ұнжырғасы түсті. ~ – Қайдан жүрсің? Сүлкіні түсіп, жығасы жығылып, өңі сұрланып алған боздақ ұлының сопақша жүзінде үрей елесі бар еді. Қорлық көрген, шошып үркінген жанның кеспірі. Ғ.Біл. ~ Үйден жүгіре шыққан Балдан біраздан кейін сүлкіні түсіп, қайта оралған соң, Қотырақ ағам аттанып кетіпті. С.Тәукей.