Кінәлі адам өз-өзінен сезіктенеді д.м. Ұрының арты қуыс дегендей әйтеуір тегін емес екені оның бет – жүзінен – ақ беп-белгілі. Б.Соқп.* Бір сабақ біткен. Үзіліс. Үйінде жалғыз отырған Алтынға жетіп барғым келеді. «Ұрының арты қуыс» деген рас-ау, Жан – жағыма сезіктене жалтақтап қарап, әзер батып кірдім. Б.Соқ Қазан түн ортасында асылады. «Ұрының арты қуыс» деген. Ұры табылды дейді ол. Ұрлық ет болмаса күндізнеге асып жемейді? Ү.Жәл. – Шықашка-а! – деді дауысын соза назданып. – Соңғы кезде айнаға көп қарайтын боп кеттің. Сенде бірөзгеріс бар! Ұрының арты қуыс деген, Шықаңның арқа тұсын шым еткізіп аяз қарып өтті. Әйтсе де сыр білдірген жоқ. Т.Сәу. — Жұмыс көбейсін, бастық! Қасып сөйлейтін қыршаңқылығы жоқ еді, бүгін әбілет басты. Ұрының арты қуыс, бір айда керіктей кеудесі басылып-ақ қалған екен, даусы жалған шықты. М.Қаб. – Олай жалтарма сен, бәрібір қыруар малды артыңа тығып жайбарақат жата алмайсың, ұялған тек тұрмасдеп, бұлаң құйрыққа салғаныңнан түк өнбейді, ұры арты қуыс. Одан да ел болам, жұрт болам десең, ояз алдында бітімге келіп, малымызды қайтар! С.Жүн.
