Шаш ал десе бас алатын, әпербақан атқамінер. ~ Иә Өз қолыңды өзің кесе алмайсың. Әйтпесе ғой, әйтпесе!.. Мынау өңшең шолақ белсенділер- ақ титығыма тиіп болды, – деп ашуланады Серкебай. Б.Мом. ~ Ақыры Теңізбайып ара түсіп, бір бәледен аман қалдым. Айналайын Кеңес үкіметі кәзірондай шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділерге тиым салды ғой. Б.Алд. ~ … Кешегі дегенде, нақтылай айтсақ, кеңес заманын орнатқан – шолақ белсенділер. Ж.Аяз. ~ «Қарағандыда» Сойдақтістің қабырғада ілулі тұрған Сталин портретіне қарай жұдырығын түйіп, тісін қайрағанын жазсам, жау жағына шықтың, «жауға мінбе бердің» деп жазғырды шолақ белсенділер. З.Қабд.
