Posted in

АБЫРОЙЫНА НҰҚСАН КЕЛДІ (ЖЕТКІЗДІ)

Беделіне, жақсы атына кір келтірді. ~ Оның өте көріксіз қылық екенін бәрі біледі, сондықтан қоғам болып оны құптамайды. Бәрінен Саматтың абыройына нұқсан келетіні оларды қатты абыржытты. З.Төл. ~ Ал сауаты аз, қаратабан, бытырақ Тәтімовтің «майданда қызыл командир болды» деп абырой-атаққа ие болып, үстем жүргеніне іші күйеді. Бірақ оның абыройына нұқсан келтірерлік дәлелдер жоқ. С.Бег. ~ Партияның әрқандай дәрежелі мүшесі Жұңго компартиясның абыройына нұқсан жеткізетін мұндай ұран көтермейді! Қ.Шаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *