Ескі салт бойынша әмеңгерлік жасау туралы.
~ Өлген жігіттің Алатай деген ержеткен інісі болатын. Бойдақ қайнысы болғасын ауыл-аймақ: «аға өлсе, іні мұрасы» деп, қайтыс болған жігіттің жылын бергесін, Қалиманы соған қоспақ болған. С.Мұқ. ~ Қазақ дәстүрінше, шариғат бойынша баласыз әйел үйіне өзі ие деп саналмайды. Әсіресе, жесір қалған әйел «аға өлсе — іні мұрасы, інісі өлсе — аға мұрасы». Мұны әлі орыс заңы да өзгерте алған жоқ. Ғ.Мүс.
