Posted in

АБЫРОЙЫН (АБИЫРДЫ, ӘБҮЙІРІ) АЙРАНДАЙ ТӨКТІ (ТӨГІЛДІ)

Елдің алдында масқара болып, ұятқа қалды.
~ Мынасымен өзінің басын жұтып қана тынбай, мұның да абыройын айрандай төгеді ғой. Ә.Кек.~ Аяқ астынан айрандай төгілген абыройының қайтып қалпына келмейтініне көзі жеткен…Т.Әбд. ~ Сөйткен қыз анадай, абыройы айрандай төгілді. «Әкесі жоқта бұл бір адам естімес сұмдық болды-ау!» десіп, Сұлуқас (Ақкемпір) далаңдай солай қарай жүгірді. Ш.Құм.~Тіліңе көнер ме екен? Қанат оның сырын біледі, ана қытай секратардан ұят шығар. Абиырды айрандай төгер. Т.Рыск. ~ Қылмыс мойнына ауып, бояма жолдастың əбүйірі айрандай төгіліп, он жылға еркінен айрылатын жазаға кесілген. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *