Posted in

АДАМНАН (ЖҰРТТАН, ЕЛДЕН) АСҚАН

Ешкім тең келместей ерекшелік, артықшылықтың сипаты ретінде. ~ “Адамнан асқан итжанды кім бар. Сүрікті күн жеткенде бәріміз де өлерміз ғой. Сонда көрерсіңдер, қара жердің астына түскен адам үш күннен кейін тозаққа да үйренетін шығар”,– деді қара шал. Ә.Нұрп. ~ Мысалы мені-ақ алайық. Жұрттан асқан ешнәрсем де жоқ. Бірақ бүкіл колхоз болып армияға шығарып салды. Т.Ахт. ~ Қашан да елден асқан артықшылық жан иесіне жақсылық әкелмеген ғой. Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы. Т.Әб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *