Posted in

АДЫРА ҚАЛДЫ

1. Құрыды; келмеске кетті, бәрі бекер болды. ~ Кешке таман іңір қараңғысыңда тауға шығып, орман ішінде сөйлескені, айдың жарығында ауыздан сүйіскені, көзі жаудырап «несіне асығасыз, қайда кетеді дейсіз…» деп назданғаны, мойынына асылғаны – бəрі-бəрі есінен кететін емес, Келешектегі үміттің, планның бəрі адыра қалды. Ж.Айм. ~ Тәртіп, сыйласым, мәдениеттілік, зиялылық, әдеп дегендеріңіз адыра қалды. Алматыда жұлқыласпасаң ақың кетеді. І.Жанс. ~ Туары бір аяғынан айрылып, аурушаң болып, соғыс бітпей оралғанға: «Я, Құдай, осы Туардан өсірер біздің әулетті», – деп дәмеленіп едім… Ол ойым да адыра қалды. Бейшара аурудан кетті. Т.Нұрм. ~ Қайырым-мейірім, адам адамға дос-жолдас, бауыр деген адыра қалған. Ж.Аяз.
2. Мән-мағынасынан, маңызынан айрылды. ~ Бірақ онда да кеудемде үміттің сәулесі қалды. Менің адыра қалған өміріме талшық болған сол еді. Сол арманыма жеттім. Сен келдің… Т.Ахт. ~

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *