Құрып кеткір деген мағынадағы қарғыс. ~ Семіртуші еді жылқыны Қом жасатқан түйеге Алабота тарлау мен Қара ойға біткен бетеге, Адыра қалғыр Құлманбес, Кенекем сенен айрылды! А.Байт. ~ — Батыр керек, найза керек заман қалды ғой адыра, адыра қалғыр! Сәдір найзасын құрыққа айырбастап жылқышы болып кеткен, — деп Сәдір де өзінің Есенейдің қолына қарап қалған ит өмірінің арызын айтып қалды. Ғ.Мүс.
