Біреуді біреуге өшіктірді, шағыстырды; әлдебір жөнсіз іске итермеледі. ~ “Тостағанды иіскедің” деп айып таққанына қарағанда, өлеңшілік өнерін әлі ұмыта алмай жүрген кеспектей қарындасын кесапат қонағына қарсы айдап салып отырған Андастың өзі болғаны да! Сонда сырты – күлім, іші – жылым мырзаның діттеген жері қайсы? О.Сәр. ~ Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. БАҚ ~ Жақан екеуміз осылай паркті бірқауым араладық. Бірімізді біріміз түртпектеп, айдап саламыз. Б.Соқ.
