Қуып жіберді, желкелеп шығарды. ~ Милитсионерді шақырып алып, айдатып жуандар тобына қосқызды. Жағасына күміс түйме таққан бір жігітті тағы айдап шықты. Ж.Айм. ~ Бірақ Лене əкесін бет бақтырмай үйінен айдап шықты. Шал иығын тулатып: «жылансың, деген жыланның өзісің! » деп күңкілдеп өкше көтерді. Ж.Айм. ~ Мәнтай аңырайып тұрып қалды. – Сендерге не жоқ, шығыңдар,- деп үлкендердің бірі бізді үйден айдап шықты. Т.Әб. ~ Маған Қасенбай, Қаңтарбай, Рамазан, Бәжендер болысып еді, оларды түріп айдап шықты. С.Ом. ~ Мұнай таситын бір жергілікті жігіт машинасын бір– ақ адым артқа қойып еді‚ сол күні жұмыстан айдап шықты. Қ.Түм.
