Posted in

АЙРАН-АСЫР БОЛДЫ (ҚАЛДЫ, ҚЫЛДЫ)

Қатты таң қалды, таң-тамаша болды; жағасын ұстады.
~ – Уай, таң атпай біздің ауылда адасып жүрген қайдағы «Мерседес»? – деді Төлеш айран-асыр болып. Ж.Шағ. ~ Шатыр
ішіндегілер: «Апырау, мына неменің есі дұрыс па?» – дегендей, көздерінің аласымен қарап, айран-асыр болды. Ә.Кек. ~
Баяғыда көріп едім дегенмен, адам өзгеріп кете береді екен. Қыз бой жетіпті. Бой жеткендігі болар, тіпті әдемі болып кетіпті.
Тоқтастың өзі де айран-асыр қалды. Т.Нұрм. ~ Үн-түнсіз кетіп қалып, көктен түскендей немересін алып келіп, «Қожабекті
құдай жылатты» деген жұрттың тілін желбезегінен тізген балықтай бір сымға шаншып, бүкіл елді айран-асыр қылатын сол
сәтті арман етті. Т.Әб. ~ Сол Бөкен қатын-қалаштың ортасында тұрып, өзіне медреседен кем болмаған түрмедегі екі айын
есіне қайта түсіріп, ұзақ ойланды да, төбеден ұшып өткен әлгі пәленің аэроплан екенін айтып, елді айран – асар қылғаны.
Сөйтіп, Ақсуатт

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *